Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин


Уақытша түбірлік пломбаларды қолдануға көрсеткіштер



бет36/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   90
эндо

2.2.7. Уақытша түбірлік пломбаларды қолдануға көрсеткіштер.
Уақытша пломбылық материялдар.
Қолдану көрсеткіштер:
Дайын тісжегі қуысты 1-3 күннен 3-6 айға дейін келесі мақсаттармен жауып тұру: Тісжегі қуысының табанына салынған дәрі-дәрмекті сақтау0Түбір өзектін сағасында немесе түбір өзектін ішінде қойылған дәрі-дәрмекті сақтау. Тісті “ герметизмге” бақылау Эндодонттық емнің нәтижесін анықтау үшін Сүт тістерді пломбалаған кезінде Ортодонтиялық конструкцияларды уақытша бекіту. Қойылатын талаптар, Материалдардың келесі қасиеттері болу керек: Пластикалық, Дәрілерге кері әсері болмау керек,Берікті болу керек,Ауыз қуысы сұықтығында ерімеу керек. Тіс тіндерінде, ұлпаға және ауыз қуысының шырышты қабығына индиферренті болу,
Керек уақытқа ақауды герметикалық жабу керек. Емдік төсемдер. (синоним – суббазды төсем) Тіс ұлпасына, микробтарға, дентиннің минерализациясына әсер ету үшін емдік төсемдер тісжегі қуысының түбіне қойылады.Емдік төсемдер құрамында белсенді дәрілік заттар бар. Олар дентиннің және ұлпаның қорғаныс механизмдерін күшейтіп, тісжегі қуысында микробтарды жоюға арналған. Себебі, микробтар тісжегінің рецидивіна және ұлпа қабынуына әкеледі. Қойылатын талаптар. Ұлпаға репаративтік және қабынуға қарсы әсер ету;дентиногенез үрдісін стимуляциялау;бақтерияларға қарсы әсері болу керек; пластикалық болу;
жақсы жабысу керек. Аралық төсем. Тістін тіндерімен және пломбалық материалдар арасында қойылады, мақсаты – тіс ұлпасын пломбалық материалдың токсикалық әсерінен қорғайды.
Пломбамен қустың дентин арасында қойылады. Аралық төсемге қойылатын талаптар. Тіс ұлпасын тітіркендірмеу;Пломба қатаятын кезде оның ішінен бөлінетін қышқыл мен мономерларды өткізбеу; Жылу өткізгіштігі төмен болу керек; Дұрыс өңделген қуыстың геометриясын бұзбау керек; Жақсы жабысу, Төсемдердің жылудан кеңею коэффициенті, тістің қатты тіндердің коэфициенттына жақын болу керек;Тұрақты пломбаның жабысу қасиетін жақсарту; Рентгеноконтрастық болу: Тістің түсін өзгертпеу керек.

2.2.8 Түбір өзектерін дәрі-дәрмекпен өңдеудің мақсаты.
Нәтижелі эндодонттық ем жүргізудің кепілі ретінде бірінші кезекте – тістің анатомаиялық құрылысын білу, екінші кезекте – түбір өзегінде жүргізілетін антисептикалық шаралар жатады. Қазіргі таңдағы зерттеулеге сүйенсек, түбір өзегіндегі микроорганизмдер биопленка түзеді. Биопленка- жасушадан тыс матрицамен қоршалған, тіннің сулы бетінде жабысып орналасатын микроорганизмдер жиынтығы. Сыртынан қоршаған полисахаридті матрица микроорганиздерге антисептиктің енуін қиындатады. Сол үшін де біз биопленканы алу үшін тек дезинфекциялық қана емес, сонымен қатар, механикалық та әдістерді біріктіре қолданамыз. Түбір өзектерін дәрі дәрмекпен өңдеу өзек ішінде әртүрлі микроорганизмдер өте көп кездесетіні анық. Анаэробты микроорганизмдермен қатар барлық микроорганизмдердің 40% аэробты стрепто-стафилакокктар құрайды. Түбір өзектерінде анаэробты микроорганизмдер спораланбайтын микробтар да жиі кездеседі. Сондықтанда осы жағдайды ескере отырып, өзектерді өңдеу үшін әрі анаэробты, әрі аэробты микрофлораға әсер ететін дәрілік заттардың жиынтығын қолдану керек.
Түбір өзектерді өңдеуге арналған дәрі-дәрмектерге қойылатын талаптар
Бақтерицидтік қасиеті
Зиянды әсері болмау керек
Организмді сенсибилизациялау әсері болмау керек
Органикалық заттар әсерінен өзінің қасиетін жоймау керек
Тіске әсер ету қасиетінің жылдам болуы керек және дентин өзектеріне терең сіңіп кетуі керек
Жағымсыз иісі және спецификалық дәмі болмау керек
Ұзақ уақыт сақтау кезінде белсенділігін жоғалтпай, химиялық тұрақтылығын сақтау керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет