Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин


Түбір арналарын емдеу және құрал саймандармен жұмыс жасау реттілігі



бет48/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   90
эндо

3.2.6 Түбір арналарын емдеу және құрал саймандармен жұмыс жасау реттілігі
Нәтижелі эндодонттықем жүргізудің кепілі ретінде бірінші кезекте - тістің анатомаиялық құрылысын білу, екінші кезекте - түбір өзегінде жүргізілетін антисептикалық шаралар жатады. Қазіргі таңдағы зерттеулеге сүйенсек, түбір өзегіндегі микроорганизмдер биопленка түзеді. Биопленка- жасушадан тыс матрицамен қоршалған, тіннің сулы бетінде жабысып орналасатын микроорганизмдер жиынтығы. Сыртынан қоршаған полисахаридті матрица микроорганиздерге антисептиктің енуін қиындатады. Сол үшін де біз биопленканы алу үшін тек дезинфекциялық қана емес, сонымен қатар, механикалық та әдістерді біріктіре қолданамыз. Түбір өзегін сапалы өңдеуде мән беретін жағдай - түбірдің негізгі өзегімен қатар латералды және дельта тәрізді қосымша өзектердің болуы. КИМ-нің зерттеулеріне сүйенсек бұл өзектер 93-96% түбірдің төменгі 1/3 бөлігінде орналасқан. Осы өзектердің барлығын жақсы өңдеу үшін біз антисептиктерді жеткілікті мөлшерде түбір ұшына дейін апаруымыз керек. Сол үшін де біз тек механо-химиялық өндеу ғана емес, сонымен қатар қосымша, антисептиктердің әсерін жоғарылататын әдістерді қарастыруымыз қажет:
Түбір өзегі ұшының диаметрін ұлғайту
Ирригациялық ерітіндінің көлемін арттыру Ерітіндіні түбір өзегі ұшына дейін апару
Ерітіндімен өңдеу уақытын ұзарту
Ерітінділердің әсерін механикалық әдістермен арттыру.
Түбір өзегін өндеуде пайдаланылатын дәрі- дәрмектерге Қойылатын талаптар:
Бактерецидтік әсер
Бос жатқан қырындыларды шығару
Майлы қабат пен органикалық минералданбаған тіндерді еріту
Дентинді жұмсартып, эндодонттық аспан жұмысын жақсарту
Токсикалық әсерінің болмауы, организмнің сезімғалдылығын тудырмауы
Жағымсыз иіс пен дәмнің болмауы Ұзақ уақытқа дейін сақталуы
Эндодонттық ем кезеңдері: ° Науқасты қарап-тексеру ° Диагноз қою.емнің жоспарын құру. °Жансыздандыру ° Тісжегі қуысын егеп-тазалау ° Сауыт ұлпасын алу ° Түбір өзектерін табу және кеңейту ° Түбір ұлпасын алу ° Жұмысшы ұзындығын анықтау ° Түбір өзегін медикаментозды өңдеу ° Түбір өзегін обтурациялау °Пломбалау сапасын рентгенологиялық бақылау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет