Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет17/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

Қамтамасыз 
етілуі 
Құ
тəр
құ
мен бо
қықтық 
тіпті, 
қықтар 
 
стандықтарды берік 
қөрғау мен сақтау, ел тұрғындарының міндеттерді орындауын 
қамтамасыз ету 
Бағытталуы 
№ 11 кесте 
Мемлекет органы заңды тəртіпте құрылады 
Заңмен анықталған құзырет аясында əрекет ететін мемлекет 
механизмінің өз алдына жеке құрылымдық элементі 
Нені білдіреді 
Қоғамның қалыпты қызмет етуін, сыртқы қауіпсіздік пен 
мемлекеттің 
аумақтық 
тұтастығын 
қамтамасыз 
ету 
мақсатында мемлекеттің баска да органдарымен өзара 
əрекеттесуі 
Əрекеттесуі  
Құрылу тəртібі жəне атқаратын міндеттерінің сипаты бойынша 
мемлекеттік органдар төмендегідей топтастырылады: 


Заң шығару мекемелері, жергілікті өзін-өзі басқару мен билік ету 
органдары 
Өкілдік 
Мемлекет басшысы, үкімет, министрлік басшысы, жергілікті 
атқарушы органдар 
Атқарушы 
Конституциялық сот, сот төрелігі органдарының жүйесі 
Сот органдары 


7 тақырып. 
МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ 
1. Мемлекет нысанының түсінігі. 
2. Басқару нысаны
3. Мемлекеттік құрылым нысаны. 
4. Саяси режим.
1. Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны – бұл 
қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым жəне саяси режим 
нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы. 
2. Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары орган-
дарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен 
құрылу тəртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның 
немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына байла-
нысты ерекшеленеді. Осыған сəйкес, басқарудың негізгі түрлері 
болып монархия мен республика болып табылады.
Монархия – бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана, 
монархта, болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх 
билікті мұрагерлік бойынша өмір бойы иеленеді.
Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып 
табылса, бұл монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы 
билік монарх пен басқа бір органның арасында бөлінсе, бұл 
монархия шектелген деп аталады. Шектелген монархиялар, өз 
кезегінде, өкілдік (дуалистік) жəне парламентарлық болып екіге 
бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге 
асыра алады, ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето 
жəне парламентті тарату құқықтарын иеленеді. Ал парламен-
тарлық монархияда монархтың құқықтық жағдайы əлдеқайда шек-
телген болады, монарх тағайындаған министрлер парламенттің 
сенімсіздік вотумына тəуелді болады жəне монарх заңда көзделген 
жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.
Республика – жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге 
сайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Ха-
лықтың қай бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын 
сайлауға қатыса алатынына байланысты республика аристокра-
тиялық жəне демократиялық болып екіге бөлінеді.
Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түр-
лерге бөлінеді: 1) парламенттік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі 
шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады; 2) пре-


зиденттік, бұл мемлекетте сайланған ел басшысы үкіметтің де 
басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін 
тағайындайды жəне оларды қызметінен босатады; 3) аралас, бұл 
мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып 
құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет