1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге
асыру
барысында тығыз байланыстағы жəне өзара бағыныстылықтағы
мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда,
экономика, білім
беру, мəдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б.
салаларда жалпы
əлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен
кəсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін
қажетті ұйымдастырушылық,қаржылық жəне күштеу құралдары.
3. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың жəне оның
қызметінің қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру мен
олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын баста-
машылық ережелер. Оларға мыналар жатады:
1) адам мен азаматтың құқықтары
мен бостандықтарының
артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сəйкес, мемлекеттік қыз-
метшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы жəне
қорғауы тиіс;
2)
демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар
қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең
көлемде қатысуын білдіреді;
3) биліктің
тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік
органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз əрекеттерді
болдырмауға негізделген;
4) заңдылық қағидасы, бұл
барлық мемлекеттік қызметші-
лердің Конституцияны, заңдар мен заңға сəйкес актілерді сақтау
міндеттілігін білдіреді;
5)
жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік
органдардың тəжірибелік қызметіне қатысты құқық субъекті-
лерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;
6) кəсібилік қағиадсы, бүл қағида
мемлекеттік аппарат қыз-
метінде мейлінше кəсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы
жағдайлар жасайды,
7) алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида
мемлекеттік аппараттың демократиялық жəне бюрократиялық бас-
тамаларының саналы сəйкестігін қамтамасыз етеді;
8) сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесу қағидасы,
бұл қағида мемлекеттік басқарудағы
орталықтандыру мен орта-
лықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді;
9) бағыныстылық (иерархичность) қағидасы, бұл қағида мемле-
кеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы əртүрлі деңгейде
орналасқанын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: