Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет30/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

4. Құқықтың мəні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қа-
тынастарды реттеуден,нормативтік негізде қоғамның тұрақты 
ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық 
бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді. 
Құқықтың мəнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы 
зор:1) формальдық – кез-келген құқықтың ең алдымен реттеуші 
екендігі; 2) мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделеріне 
қызмет ететіндігі. 
Құқықтың мəнін түсінуде келесі тəсілдерді бөліп атауға бола-ды: 
- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құ-
рушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, 
мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анық-
талады; 
- жалпыəлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы əртүрлі 
таптардың, əлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі 
ретінде қарастырылады.
5. Құқықтың объективтік жəне субъективтік мағынадағы 
түсінігі. Табиғи құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық жəне 
жеке құқық. Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды 
реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын жəне 
қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған 
заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық – бұл нақты бір 
мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң əдеттері, заңды 


прецеденттер жəне нормативтік шарттар. Оның объективтілігі 
жеке тұлғаның еркі мен санасынан тəуелсіз болып, оған тиесілі 
болмауынан көрініс табады. 
Субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағат-
тандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. 
Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын 
(еңбек етуге, білім алуға жəне т.б. құқық) атауға болады, олардың 
субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен 
жəне оның санасы мен еркінен тəуелділігінен көрінеді.
Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік жəне субъективтік 
құқықтар) қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бос-
тандыққа жəне т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қата-
рына жататын құқықтар бір жерде бектілген-бектілмегеніне қара-
мастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық (объек-
тивтік жəне субъективтік құқық) позитивтік құқық ретінде көрініс 
табады, яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.
Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары: 
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар–заңшығару-
шылар, соттар, құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың 
шығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нəтижесі болып 
табылады; 
ə) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай 
ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ре-
тінде өмір сүреді. 
Құқықтың пайда болу кезінен бері жəне оның дамуы бары-
сында оның бір мезетте əрі қарама-қайшы, əрі өзара байланысқан 
екі жағы анықталды. Бірінші жағы – бұқаралық-құқықтық жағы, 
екінші жағы – жеке-құқықтық жағы. 
Бұқаралық құқық – бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік 
пен бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқа-
ралық билік ретіндегі жəне барлық бұқаралық институттардың
құрылымы жəне қызметі.
Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъек-
тілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға
институттар мəртебесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет