Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


 Заңды қарама-қайшылықтар



Pdf көрінісі
бет63/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

3. Заңды қарама-қайшылықтар. Екінші кезеңде, яғни, нақты 
құқық нормасын таңдауда, нормалардың қарама-қайшылығы жəне 
құқықтағы олқылықтар сияқты құбылыстарды кездестіруге 
болады.
Заңды қарама-қайшылықтар – бұл бір қоғамдық қатынастарды 
реттеуші құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтар. 
Олар құқықтық жүйеге келіспеушіліктерді, кемшіліктерді əкеледі, 
құқыққолдану тəжірибесінде ыңғайсыздықтар туғызады, заңнаманы 
қолдануды қиындатады.
Қарама-қайшылықтардың түрлері: 
1) Конституция мен басқа барлық актілер арасындағы: басым-
дылық Конституцияға беріледі; 
2) заңдар мен заңға сəйкес актілер арасындағы: заңдарға ба-
сымдылық беріледі; 
3) бір органның актілері арасындағы: уақыты бойынша кейін 
қабылданған актіге басымдылық беріледі; 
4) əр түрлі органдар қабылдаған актілер арасындағы: жоғары 
тұрған органның актісіне басымдылық беріледі.
4. Құқықтағы олқылықтар – бұл қолданыстағы заңнамада 
қажетті заң нормаларының толығымен немесе жартылай болмауы.
Олқылықты жаңа құқық нормасын қабылдау арқылы құқық-
шығармашылық процесінің көмегімен жоюға болады.
Олқылықтарды құқыққолдану процессі арқылы жеңуге болады 
себебі, бұл кезде ешбір жаңа нормалар қабылданбайды: не құқық 
ұқсастығы, не заң ұқсастығы қолданылады. 
Заң ұқсастығы – бұл нақты бір заңды істі осыған ұқсас істі 


шешуге бағытталған құқықтық норманың негізінде шешу.
Құқық ұқсастығы – бұл нақты заңды істі құқықтың жалпы 
қағидалары мен мəні негізінде шешу. Құқықтағы олқылықтарды 
жеңудің бұл əдісі ұқсас істі шешуге байланысты осы құқық 
саласында, ұқсас құқық саласында да нақты нормалар болмаған 
жағдайда ғана қолданылады.
5. Құқықтық нормаларды қолдану актілері. Құқықты 
қолдану актісі – бұл нақты бір заңды істі шешу нəтижесінде 
құзіретті орган шығаратын, жеке биліктік ережеден құралған 
құқықтық акт. Оның мынадай ерекшеліктері болады: 
- құзіретті орган шығарады; 
- мемлекеттік-биліктік сипатқа ие; 
- нормативтік емес, жеке сипатқа ие, себебі, нақты субъекті-
лерге бағытталған; 
- заңмен анықталған өзіне тəн нысанға ие.
Құқыққолдану актілерін келесі негіздер бойынша түрлерге 
бөлуге болады: 
1) нысаны бойынша – жарлықтар, үкімдер, шешімдер, бұй-
рықтар жəне т.б.; 
2) оларды қабылдайтын субъектілерге байланысты–мемлекет-
тік жəне мемлекеттік емес органдардың (мысалы муниципалды 
органдардың) актілері; 
3) құқықтың функциялары бойынша – реттеуші (мысалы, қыз-
меттік бұйрықтар) жəне қорғаушы (мысалы, қылмыстық істі 
қозғау туралы қаулы); 
4) заңды табиғаты бойынша – негізгі жəне көмекші; негізгі 
актілер заңды істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім), ал 
көмекші актілер негізгі актілерді шығаруға жəрдемдеседі (мысалы, 
тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы).
5) құқықтық реттеу пəні бойынша – қылмыстық-құқықтық, 
азаматтық-құқықтық жəне т.б. актілер; 
6) сипаты бойынша – материалдық жəне іс жүргізушілік.
 
 
 
 
 
 


№ 35 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет