Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет65/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

2. Түсіндіру тəсілдері – бұл құқықтық нормалардың мазмұнын 
анықтауға бағытталған тəсілдер мен бағыттардың жиынтығы. 
Түсіндіру тəсілдерінің мынадай түрлері бар: 
1) грамматикалық – тіл құралдарының, грамматика ерже-
лерінің, орфографияның жəне т.б. көмегімен түсіндіру; 
2) логикалық – логика заңдарының жəне ережелерінің көме-
гімен түсіндіру; 
3) жүйелік – заң нормасының басқа нормалармен жүйелік 
байланысын, нақты жүріс-тұрыстың құқық жүйесіндегі орны мен 
рөлін талдау арқылы түсіндіру;
4) тарихи-саяси – құқықтық норманы қабылдаудың нақты-
тарихи жəне саяси жағдайларының көмегімен түсіндіру; 
5) телеологиялық (мақсатты) – нормативтік актіні қабылдау 
мақсаттарын анықтаудың көмегімен талқылау; 
6) арнайы-заңды – заңнамада қолданылатын заң терминдерінің 
мазмұнын ашу арқылы түсіндіру.


3. Субъектілер бойынша түсіндіру түрлері. Субъектілеріне 
байланысты түсіндірудің мынадай түрлері болады: 
- ресми; мұндай түсіндіруді өкілетті субъектілер ғана береді
олар арнайы актіде көрініс табады жəне заңды салдарды туын-
датады; 
- бейресми; мұндай түсіндірудің заңды міндетті мəні болмайды 
жəне биліктік күші жоқ.
Ресми түсіндіру нормативтік (тұлғалар мен жағдайлардың кең 
шеңберіне таралады) жəне казуалды (тек нақты бір жағдай үшін 
міндетті болып табылады) болып екіге бөлінеді. Нормативтік 
түсіндіру, өз кезегінде, аутентикалық (нормативтік актіні қабыл-
даған органмен беріледі) жəне легалды (өкілетті субъектілер 
береді) болып екіге бөлінеді.
4. Көлемі бойынша түсіндіру түрлері. Түсіндірудің нəтиже-
лері заң нормаларының шын мəніндегі мазмұны мен мəтінінің 
арақатынасына қарай əр түрлі болуы мүмкін. Осындай арақаты-
настықтың негізінде түсіндірудің үш түрін бөліп қарастырады 
(көлемі бойынша түсіндіру): 
1) дəлме-дəл түсіндіру – құқық нормасының шын мəніндегі 
мағынасы мен оның мəтіндік көрінісі сəйкес келген жағдайда 
мүмкін; 
2) шектелген түсіндіру – құқық нормасының шын мəніндегі ма-
ғынасы оның мəтіндік көрінісінен тар болған жағдайда қолда-
нылады; 
3) кеңейтілген түсіндіру – құқық нормасының шын мəніндегі 
мағынасы оның мəтіндік көрінісінен кең болған жағдайда қол-
данылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет