5-тарау. Қаржыландырудың жеке жоспарына, түсімдердің жиынтық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу тәртібі
30. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарына, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бюджет кодексінде айқындалған жағдайларда, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлген кезде, республикалық және жергілікті бюджеттердің ай сайынғы түсімдері мен шығыстарын түзетуді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларындағы және қаржыландырудың жеке жоспарларындағы бір бюджеттік бағдарламаның ішіндегі кіші бағдарлама мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері арасында соманы түзетуді талап ететін факторлар пайда болған кезде жүргізіледі.
Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен алынған есепке және өзгерістер негіздемесіне қоса берілетін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінімдер негізінде және салықтық, кедендік және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан алынған есепке және өзгерістер негіздемесіне қоса берілетін кірістер түсімдерінің жоспарларын өзгертуге өтінімдер негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте кіріс түсімдерінің жоспарларын өзгертуге арналған өтінімдер есепті кезең аяқталғанға дейін кемінде жеті жұмыс күні бұрын беріледі.
Қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік мекемелерден алынған есептемелер және өзгерістер негіздемесі қоса берілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын өзгертуге өтінімдер (бұдан әрі - мемлекеттік мекеннің өтінімі) негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қалыптастыратын ҚР ББС-ға сәйкес жасалған қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады.
Өтінімдер мен анықтамалардағы өзгерістер сомасы мың теңгемен, бөлшек қалдығы бар, үтірден кейін бір белгіден аспайтын санмен көрсетіледі. Өтінімдер мен анықтамалар осы Ереженің 18-30-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жасалады.
Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
31. Мемлекеттiк мекемелер мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмдерiн қалыптастыру және оны бекiту үшiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне жiберу жолымен тиiстi бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша қаржыландыру жоспарының бекiтiлген жылдық сомасы шегiнде шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi жөніндегі соманы кемiтудi (арттыруды) талап ететiн факторлар туындаған жағдайда, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес өзгерiстер енгiзе алады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
32. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу қаржыландырудың жиынтық жоспарын өзгерістер енгізу, атқарушы құжаттарды орындау, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды, сондай-ақ мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және өтеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды бөлу жағдайларын қоспағанда, айына бір реттен артыққа жол берілмейді.
33. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерiн қозғамайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерiне және бюджеттiк бағдарламалардың кiшi бағдарламаларына қатысты мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына, қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстерді дербес енгiзедi.
Қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу үшiн әкiмшi осы Ереженiң 26 және 27-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша 3 данада анықтама қалыптастырады.
"Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Ереженің 26-1, 27-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша анықтамалар қалыптастырады.
Анықтамалардағы өзгерiстер сомасы үтiрден кейiн бiр белгiден аспайтын бөлшек қалдығы бар сандармен мың теңгемен көрсетiледi.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
34. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелердiң өтiнiмдерi негiзiнде төлемдер мен мiндеттемелер бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарларын өзгертуге анықтама және мемлекеттiк мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама (бұдан әрi - қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама) қалыптастырады. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы қалыптастырғанға және мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмiн қарағанға дейiн өзi орналасқан жерi бойынша аумақтық қазынашылық органына тиiстi шығыстарды оқшаулауды жүзеге асыру және осы Ереженiң 31-қосымшасына сәйкес 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысанын беру қажеттiлiгi туралы қағаз тасығышта хатпен өтiнiш жасайды. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу жөніндегі рәсiмдер аяқталғанға дейiн жоспарлы тағайындауларды өзгерту жоспарланған бағдарламалар, кiшi бағдарламалар, ерекшелiктер бойынша мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерiн тiркеудi және оның төлемдерiн жүргiзудi тоқтата тұрады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша операцияларды тоқтата тұрған кезде өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелерге қаржыландырудың жеке жоспарына жоспарланған өзгерістер енгізу туралы хабарлайды. Бұл ретте мемлекеттік мекемелерге шығыстардың бюджеттік сыныптамасының өзгертілетін кодтары бойынша операцияларды қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғанға дейін жүргізуге тыйым салынады.
Мемлекеттік мекеменің өтінімі мыналар ескеріле отырып қалыптастырылады:
ерекшелік сомаларын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше аударуға тыйым салынады;
жоспарлы тағайындаулар мен жасалған кассалық шығыстардың сомалары арасындағы сәйкестікті сақтауды;
төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңіне міндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан асып кетпеуі тиіс болған кезде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынастың сақталуы;
қабылданған, бірақ ақы төленбеген міндеттемелерді;
инкассолық өкімдердің болуын;
шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жоспарлы соманы қабылданған міндеттемелерді шегере отырып, жоспарлы тағайындалулардың сомасына азайту жасалуы мүмкін;
жоспарлы соманы бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiктерi бойынша ұлғайту (азайту) қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша айдың қорытынды сомасы шегiнде басқа ерекшелiктер бойынша жоспарлы соманы азайту (ұлғайту) есебiнен, бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жылдық сома шегiнде жүзеге асырылуы мүмкін;
бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасындағы қаражатты қайта бөлу бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық сомалар шегінде жүргізіледі;
Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысы бюджеттік даму бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының жылдық көлемі шеңберінде сыртқы қарыздар және грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік даму бағдарламаларының бюджеттік кіші бағдарламалары арасында бюджет қаражатын қайта бөлу үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің өтініміне басшы немесе өзі өкілеттік берген тұлға, оларды жасауға міндетті мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғысы болмаған кезде - тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және өзгерістерге есептемелер мен бірге олардың негіздемесі ағымдағы айдың 10 күнінен кешіктірілмей тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі.
Ескерту. 34-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 1494; 24.04.2013 № 392 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
35. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қоса берілген өзгерістер бойынша негіздемені және осы Ереженің 33-34-тармақтарында белгіленген талаптардың сақталуын тексереді.
36. Осы Ережеде көзделген талаптар сақталған кезде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы бекiтедi.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы 3 данада бекiтедi, олардың бiреуiн мемлекеттiк мекемеге, екiншiсiн өзiнiң орналасқан жері бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тiзiлiммен бiрге жiбередi, үшiншiсiн өзiнде қалдырады.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы 4 данада бекiтедi, олардың бiреуiн мемлекеттiк мекемеге жiбередi, екiншiсiн өзiнде қалдырады, үшiншiсiн және төртiншiсiн осы Ереженiң 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тiзiлiммен бiрге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жiбередi, мұнда осы анықтаманы орындауы туралы аумақтық қазынашылық бөлімшесінің белгiсi соғылған төртiншi дана бюджеттi атқару жөнiндегi тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға олар бюджеттiк мониторинг жүргiзген кезде пайдалануы үшiн жiберiледi.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ереженің 26-1, 27-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың қалыптастырылған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және қаржыландырудың жеке жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық үлгілерін осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді.
Қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамаларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген пiшiмдегi қағаз және магниттiк (электрондық) тасығыштарда немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электронды түрде мынадай тәртiппен бередi:
қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама бекiтiлген күннен бастап бір жұмыс күнiнен кешiктiрілмей берiледi;
қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты емес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалар ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына кемiнде бiр рет, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында – ағымдағы айдың оныншы күнiнен кешiктiрілмей берiледi. Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері жоқ жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларындағы өзгерістерге қатыссыз дербес қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу бойынша анықтамалар айына бір реттен асырмай ағымдағы айдың он бесінші күнінен кешіктірілмей, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында – ағымдағы айдың оныншы күнінен кешіктірілмей беріледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі ҚБАЖ-ға жеке қаржыландыру жоспарларына қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерге қатысты емес өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды жүктегеннен кейін «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне, сондай-ақ соңғысының бюджеттік мониторинг жүргізуі үшін тиісті жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ҚБАЖ-ға аталған анықтамаларды жүктегенін растағаны туралы хабарлама жібереді.
Түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған анықтамаларды орындауға қабылдау кезiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушылары анықтамалар кодтарының ҚР ББС кодтарына сәйкестiгiн, төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының республикалық бюджеттен немесе республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352, 2012.08.22 № 1073; 16.10.2013 N 1101 қаулыларымен.
37. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы бекiткеннен кейiнгi кезеңде мемлекеттiк мекеме мiндеттемелердi қабылдауы немесе кассалық шығыстарды жүргiзуi және Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкессiздiгi, жоспарлық тағайындаулардың дұрыс бөлiнбеуi себептерi бойынша жоспарлы тағайындаулар жеткiлiксiз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi:
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге анықтаманы – бюджеттік бағдарлама әкімшісіне;
2) түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге анықтаманы – бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға орындаусыз қайтарады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себебін көрсете отырып қайтарады).
Осы Ереженің 34-тармағы үшінші бөлігінің оныншы абзацында көрсетілген нормативтік құқықтық акті болмаған кезде, аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасалып, себептері көрсетіле отырып, («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасалып, себептері көрсетіле отырып қайтарылады) бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы орындамай («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себебін көрсете отырып қайтарады) қайтарады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша түскен пайдаланушы нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресімделмеген жоспарлардың/анықтамалардың тізілімі мен электрондық үлгілерін аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтару себептерін көрсете отырып қайтарады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
16.10.2013 N 1101 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулыларымен.
38. Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлеміне өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Ереженің 30-тармағының талаптарын сақтай отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінім (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі) қалыптастырады, оны ол енгізілетін өзгерістердің тиісті негіздемелерімен бірге бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өтінімді қалыптастырған кезде осы Ереженің 34-тармағында жазылған ережелерді сақтайды.
Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
39. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдеріне өзгерістер енгізу жөніндегі өтінімін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша көзделген сомалар шегінде мемлекеттік мекемелердің өтінімдеріне сәйкес қалыптастырады.
Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді, оның негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы бөлімде белгіленген тәртіппен жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға өтінім ұсынады.
Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
40. Ағымдағы айдың қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған өтінімді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын өзгерістердің негіздемелерін қоса бере отырып, мынадай тәртіппен береді:
аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері жоқ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың бесінші күніне дейін береді;
аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері бар республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың он бесінші күніне дейін береді;
жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ағымдағы айдың он бесiнші күніне дейiн ұсынады, жоғары тұрған бюджеттен алынатын нысаналы трансферттердің қаражаты және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар жөнінде шығыстардың айлар бойынша көлеміне өзгерістер енгізілген жағдайда ағымдағы айдың жиырмасыншы күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
41. Бюджеттік бағдарламалардың жиынтық қаржыландыру жоспарларына мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша өзгерістер енгізу, атқарушылық құжаттарды орындау жағдайларын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері айына бір реттен артық ұсынбайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша немесе атқарушылық құжаттарды орындау үшін қаражат белуге бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі - ағымдағы ай ішінде, ал соңғы айда - ағымдағы қаржы жылының аяқталуына үш жұмыс күні қалғанда қабылданады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуді, бағамдық айырманы, форс-мажорлық мән-жайларды, сот талқылауларын, аванс төлемінің мөлшерін азайтуды, бағаның өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыстар беру және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен қалыптасқан ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтумен, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгертумен, іссапарлар кестесінің өзгеруіне, сапарға шығу, іс-шаралар өткізу мерзімдерінің ауысуына байланысты өзге де ағымдағы шығындар бойынша іс-шаралар жоспарының өзгеруімен байланысты жоспарларды қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып ұсынуға жол берілмейді.
Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға азайтылатын айларға қатысты айлардың жоспарларын ұлғайту жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы және алдағы азайтуға арналған өтiнiмдер беруге жол берiледi, бұл ретте осы өзгерiстер өткен есептi кезеңдi қозғамауы тиiс.
Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға арттыру жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы айдың жоспарларын ұлғайту жолымен алдыңғы айлардың міндеттемелері бойынша жоспарларды азайтуға арналған өтiнiмдер беруге жол берiледi, бұл ретте осы өзгерiстер өткен есептi кезеңдi қозғамауы тиiс.
Бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын азайту бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға азайтылатын соманы ағымдағы немесе келесі айлардан ағымдағы жылдың желтоқсан айына көшіру бойынша міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінім енгізеді.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуге өтiнiмдi қағаз және магнит (электрондық) тасығыштармен бередi.
Қаржыландыру жоспарларын өзгертуге бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмiне орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы, ал олар болмаған кезеңде - тиiстi бұйрықтармен олардың мiндеттерiн орындау жүктелген тұлғалар қол қояды және ол бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөрiмен куәландырылады.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
42. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарайды және олар мақұлдаған жағдайда, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама қалыптастырады.
Анықтаманы қалыптастыру осы Ереженің 34-тармағында көзделген тәртіппен, сондай-ақ мынадай шарттарды ескере отырып жүргізіледі:
осы Ереженің 19-тармағына сәйкес түсімдердің жиынтық жоспарының және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының теңгерімділігін сақтау;
жиынтық жоспардың "Республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)" бөлімінде түсімдер мен өтеудің көлемін өзгерту бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) бекітілген (нақтыланған) көлемін сақтау шартымен ғана жүзеге асырылады.
43. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың өтінімдерін жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган олар түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарайды.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған өзгерістер бойынша негіздемені және осы Ереженің 34-41-тармақтарында белгіленген шарттардың сақталуын тексереді.
Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінімдерінің сомасы ағымдағы қаржы жылының басынан бастап түзетілетін кезең бойынша төлемдер бойынша шығыстардың бюджетке түсетін түсімдерден асып кетуіне әкеп соқтырса, сондай-ақ бұл ретте осы Ереженің 34-41-тармақтарында айқындалатын басқа да шарттар бұзылса, онда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімін қабылдамайды.
Өтінімді қабылдамаған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бір жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ескертулерін есепке ала отырып, түзетілген өтінімді ұсынады.
Ескерту. 43-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.10.2013 N 1101 қаулыларымен.
44. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекіткеннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде оны қағаз тасығышта тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаперіне жеткізеді.
45. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органнан алған төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманың негізінде дәл сол күні бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді және қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды бекітеді.
46. Өзгертілген заңнамалық актілерді іске асыруға қажетті өзгерістерді қоспағанда және Бюджет Кодексінде көзделген бюджет түзетілген жағдайда, өткен айлардағы (қалыптасқан есепті кезең үшін) бекітілген түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
47. Бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтамалардың негізінде салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға республикалық бюджет кірістері түсімдерінің жоспарын жібереді.
Ескерту. 47-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
48. Салықтық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомасының, қарыздардың бюджетке түсетін түсімдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кредиттік шарттарға, қарыз шарттарына, борышты қайта құрылымдау келісіміне енгізілген өзгерістердің негізінде және осы Ереженің 30-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттің қаржы активтерін сату жоспарын өзгертудің негізінде аталған түсімдер тізбесі бойынша оларға өзара қатынасы бар органдардың өтінімдері бойынша жүзеге асырады.
Түсімдердің болжамдық жылдық сомасын өзгертуге кезекті қаржы жылына арналған бюджетті нақтылаған кезде ғана жол беріледі.
Түсімдердің жиынтық жоспарына және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылардың, жоғары тұрған бюджеттен темен тұрған бюджетке берілетін бюджеттік кредиттерді өтеу сомасының жоғары тұрған бюджетке түсетін түсімдер жоспарына өзгерістер енгізуді төмен тұрған бюджеттер кірістерінің жоспарын асыра орындаудың, кредит шарттарының талаптарын өзгерту негізінде және жоғары тұрған бюджет түсімдерінің бірдей ай сайынғы сомасын және төмен тұрған бюджеттердің тиісті шығыстарының сомасын сақтап қалу мақсатында төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың өтінімі бойынша жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Ескерту. 48-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
49. Кірістердің түсімдері, кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді, қарыздарды өтеу жоспарларын өзгертуге өтінімдер қабылданбаған кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бас тарту себептері мен негіздемесін көрсете отырып, өтінім берген мемлекеттік органға, төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жоспарларды өзгертуден бас тартатыны туралы хабардар етеді.
50. Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша төлемдер мен мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгiзу туралы анықтаманы Ереженiң осы бөлiмiнде белгiленген тәртiппен төмен тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Ереженiң 29-30-қосымшаларына сәйкес жоғары тұрған бюджеттiң тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi ұсынған жоғары тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасы негiзiнде қалыптастырады.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар береді.
Төмен тұрған бюджеттердiң жоғары тұрған бюджеттерге трансферттердi беруiне, борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуге байланысты шығыстар бойынша төмен тұрған бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы Ереженiң осы бөлiмiнде белгiленген тәртiппен және жоғары тұрған бюджеттiң уәкiлеттi органы ұсынған жоғары тұрған бюджет түсiмдерiнiң жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама негiзiнде төмен тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган қалыптастырады.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
51. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган жергiлiктi бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманың бiр данасын оларды бекiтілгеннен кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде бір мезгілде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қағаз және магнит (электрондық) тасығыштарда ұсынады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша берген кезде – осы Ереженің 19-1, 29-1, 30-1-қосымшаларына сәйкес түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электрондық үлгілерін, осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылады.
Бюджет нақтыланған жағдайда «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің19-1, 29-1, 30-1-қосымшаларына сәйкес жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электронды үлгілері және 120-қосымшасына сәйкес нақтыланған жоспардың осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген электронды үлгісі ұсынылады.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
52. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық дерекқор түрінде есептіден кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмейтін мерзімде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша кірістер түсімдерінің нақтыланған жиынтық жоспарын ұсынады, кейіннен ілеспе хатты қағаз тасығышта растайды. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган салық, және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органға жергілікті бюджеттердің кірістері түсімдерінің нақтыланған жоспарын жібереді.
53. Республикалық бюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау кезiнде мемлекеттiк мекемелер қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарларын, бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган - бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспарын, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын осы Ереженiң 5-тарауында және 4-тарауының 26-тармағының 9-абзацында белгiленген тәртiппен оларға өзгерiстер енгiзу жолымен нақтылайды.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулыларын қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жылдық жоспарлы сома өзгертілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім ұсынады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қосымша бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы Ереженің 2-11-тармақтарына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының жобаларын тапсырады.
Бюджет нақтыланған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның кезекті қаржы жылына арналған бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес түсімдердің жылдық болжамдық сомаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі қабылданған күннен бастап 5 күннің ішінде бекітіледі.
Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.08.22 № 1073 Қаулыларымен.
54. Бюджет нақтыланғанға дейін кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттерді түзетулер негізінде (бұдан әpi - бюджетті түзету) жиынтық жоспарларға енгізілетін түсімдер мен шығыстар сомасының барлық ағымдағы өзгерістері, сондай-ақ оларды ай сайынғы бөлгендегі өзгерістерді бекітілген бюджеттің электрондық дерекқорының қайталама көшірмесінде жүзеге асырылады.
Бекітілген бюджеттің электрондық дерекқорының қайталама көшірмесіне енгізілетін түзетулер нәтижесінде түзетілген бюджет қалыптастырылады.
55. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға немесе мәслихаттың шешіміне сәйкес қалыптастырылған, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлуге байланысты түзетуден басқа, сол сияқты бюджетті нақтылауға дейін жүргізілген түзетуді де ескеретін түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған бюджетке сәйкес келеді.
Нақтыланған бюджет бойынша жиынтық жоспарларды қалыптастыру бюджеттің нақтыланған көрсеткіштері бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлуге байланысты түзетулерді қоспағанда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге анықтамалар енгізу арқылы түзетілген бюджеттік электрондық дерекқорында жүзеге асырылады.
56. Бюджет кодексінің 111-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша бюджетте бекітілген бюджеттік бағдарламаның қаражатын түрлі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында бөлу туралы шешім қабылданған кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 5-тарауында белгіленген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын түсімдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың негізінде түсімдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен түзетілген бюджетте осы өзгерістерді көрсетеді.
57. Бюджет кодексінің 104-бабының 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген шығыстарды қаржы жылының басындағы қаражат қалдықтарының есебінен қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ағымдағы жылдың 20 қаңтарына қарай мынадай құжаттарды дайындауды жүзеге асырады:
1) бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпарат;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмау себептерін көрсете отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ақпарат, бюджеттік даму бағдарламалары бойынша инвестициялық жобалар бөлінісінде қабылданған, бірақ ақысы төленбеген міндеттемелер сомасы; дайындалу және жеткізу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар; сыртқы қарыздар, гранттар және бюджеттік кредиттер қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламаларын қоспағанда, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтер.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
58. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган ұсынған, осы Ереженің 57-тармағында көрсетілген ақпарат негізінде белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламалар тізбесін оларды бюджет қаражатының қолда бар қалдықтары көлемінің шегінде ағымдағы қаржы жылы қаржыландыру жөніндегі ұсыныспен бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
59. Бюджет комиссиясының шешiмi негiзiнде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын бюджет қаражатының қалдықтары есебiнен ұлғайту жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қаулысының жобасын әзiрлейдi және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне енгiзедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын бюджет қаражатының қалдықтары есебiнен ұлғайту жөнiндегi қаулысының жобасында нысаналы даму трансферттері инвестициялық жобалар бөлiнiсiнде көрсетiледi.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
59-1. Бiр бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясында міндеті түрде қарай отырып, республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында үнемдеу сомасын ауыстыруды жүзеге асырады.
Бiр бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері белгіленген тәртіппен тиісті бюджет комиссиясында міндетті түрде қарай отырып, үнемдеу сомасын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында ауыстыруды жүзеге асырады.
Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Бюджет комиссиясы шешімінің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдар қаулыларының жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерінің есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша үнемдеу пайда болған жағдайда бюджеттік инвестициялық жобалар арасында соманы ауыстыру осы Ереженің 257-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тарау 59-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
60. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Ереженiң 59 және 59-1-тармақтарында санамаланған нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде осы Ереженiң 5-тарауында айқындалған тәртiппен түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзедi.
Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
61. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу кезінде төмен тұрған бюджетті, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түзету осы Ереженің 5-тарауында белгіленген тәртіппен кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мәслихатта бюджетті нақтыламастан жүзеге асырылады.
62. Қаржы жылының ішінде орталық мемлекеттік органдарды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді құрған, таратқан, қайта ұйымдастырған, олардың функцияларын өзгерткен жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жаңадан құрылған мемлекеттік органдардың, таратылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдардың құқықтық мирасқорларының және оның ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің функцияларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің негізінде Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттiк органдарды, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi құруға, таратуға, қайта ұйымдастыруға, олардың функцияларын өзгертуге байланысты бекiтiлген (нақтыланған) бюджет көрсеткiштерiн түзету жөнiндегi қаулылардың жобаларын әзiрлейдi және оны тиісінше Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне енгiзедi.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 5-тарауында белгіленген тәртіппен жоспарлы тағайындауларға көшіру бөлігінде берілетін, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген аталған бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде көшіру бөлігінде өзгерістер енгізеді.
Жоспарлы тағайындаулар мен бұрын жүргізілген кассалық шығыстарды көшіруді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның хатының негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшелері мынадай жағдайларда:
1) құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, орталық мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және олардың оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының функциялары мен лимиттері өзгерген;
2) республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерді нақтылау;
3) Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізген;
4) аумақтық қазынашылық бөлімшеде мемлекеттік мекеменің қызмет көрсетілу орны өзгерген;
5) шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымына шығыстардың түрлерін өзгерту бөлігінде өзгерістер енген;
6) ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті орталықтандыру/орталықсыздандыру туралы шешім қабылдағанда жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған деңгейінен төмен тұрған деңгейіне беру кезінде нысаналы трансферттер бойынша жоспарлық тағайындаулардың пайдаланылмаған қалдықтарының сомаларын көшіру жүзеге асырылады.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
62-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірмей инвестициялық жобаларды қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері және жоспарлау сатыларынан өтпеген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған кредиттер бойынша (бұдан әрі – кейінге қалдыру шарты бар жобалар) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай құжаттама ұсынады:
1) бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша:
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, экономикалық сараптамасымен қоса, белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме;
техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жобалардың инвестициялық ұсынысына және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша оң экономикалық сараптама;
2) мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бағытталған бюджеттік инвестициялар бойынша:
экономикалық сараптаманы қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негіздеме;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған оң экономикалық қорытынды;
3) бюджеттік кредиттер бойынша:
қаржы агенттері бюджеттік кредиттерді, бюджеттік инвестициялық жобаларды және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға жіберген жағдайда оң экономикалық қорытындымен қоса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған техникалық-экономикалық негіздеме.
Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарынан кешіктірмей нысаналы даму трансферттерінің қаражаты және кредиттердің есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша жоғарыда санамаланған құжаттарды тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған құжаттаманы бюджет және өзге заңнама талаптарының сақталуы тұрғысынан қарайды.
Барлық құжаттама болған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган екі апта мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шарттарды тіркеу және төлемдер жүргізу рұқсат етілетін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесі бар хабарлама хат жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне шарттарды тіркеу және төлемдерді жүргізу рұқсат етілетін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесі туралы хабарлама-хаттың көшірмесін жібереді.
Егер кейінге қалдыру шарты бар жекелеген жобалар бойынша құжаттама берілмеген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган екі апта мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджетті нақтылау немесе оны түзету жүргізілгенге дейін шарттарды тіркеуге және төлемдерді жүргізуге жол берілмейтін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесімен бірге хабарлама-хат жібереді.
Ескерту. 5-тарау 62-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
Достарыңызбен бөлісу: |