Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы


-тарау. Шартты тіркеу туралы хабарламаны қалыптастыру және беру



бет8/46
Дата09.07.2016
өлшемі3.18 Mb.
#188192
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46

22-тарау. Шартты тіркеу туралы хабарламаны қалыптастыру және беру
      178. Шартты тіркеу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) мемлекеттік мекеменің ақша алушымен жасасқан шартының (қосымша келісімінің) тіркелуін растайтын құжат болып табылады.
      Хабарлама аумақтық қазынашылық бөлімшесінде шарт (қосымша келісім) нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеген кезде ғана беріледі.
      Хабарлама ҚБАЖ-да бекітілген өтінім деректемелерінің негізінде ҚБАЖ-да қалыптастырылады.
      Ескерту. 178-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      179. Хабарлама мемлекеттiк мекемеге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне өтiнiмдi берген күннен кейін 2 жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      Ескерту. 179-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013  N 1101 қаулысымен.
      180. Шартты (қосымша келісімді) тіркеу кезінде мынадай:
      5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға тіркеу кезінде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама үш данада қалыптастырылады;
      5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тіркеу кезінде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама төрт данада қалыптастырылады.
      181. Мыналар:
      тіркелген шарттың сомасы;
      шарттың қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін ағымдағы қаржы жылына арналған тіркелген шарттың сомасы;
      тараптардың атауларын қоспағанда, тараптардың деректемелері;
      бұрын ҚБАЖ-да қалыптастырылған хабарлама жабылатын және 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа Хабарлама қалыптастырылатын қосымша келісім тіркелген жағдайда өзгертіледі.
      Тараптардың атауы өзгертілген қосымша келісім ұсынылған жағдайда, 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны жаппастан Хабарлама түзетіледі.
      ҚБАЖ-да, оның негізінде қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асып кететін бұрын тіркелген шарттың ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасы тіркелетін өтінімді бекіткен кезде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама ағымдағы қаржы жылының сомасына қалыптастырылады.
      Ескерту. 181-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2011.02.22 № 165 Қаулысымен.
      182. Қағаз тасығыштағы 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің бірінші басшысы (немесе ол уәкілеттік берген тұлға) қол қояды, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты атқарушысының қолымен, мөртабан бедерімен ресімделіп құжаттың қайта өңдеу күні қойылады, сондай-ақ елтаңбалық мөр бедерімен куәландырылады.
      Бұл ретте 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама бірнеше бетте қалыптастырылған жағдайда құжаттың әр бетіне қол қойылып, мөр бедерімен ресімделіп құжаттың қайта өңделген күні қойылады.
      Мемлекеттік мекеме "Қазынашылық-клиент" АЖ электрондық түрде қалыптастырылған хабарламаға аумақтық қазынашылық бөлімшесі қол қоймайды.
      Ескерту. 182-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      183. Хабарламаның 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір данасы шарттың (қосымша келісімнің) көшірмесімен бірге аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады, қалған даналары шарттың (қосымша келісімнің) әр беті мөртабандалған түпнұсқасымен бірге мемлекеттік мекемеге беріледі.
      184. Мемлекеттік мекеме ақша алушыға орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтері қол қойған және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылған мыналарды:
      шартты (қосымша келісімді) 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға тіркеу кезінде алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі хабарламаның біреуін;
      осы шартты (қосымша келісімді) 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тіркеу кезінде алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш хабарламаның екеуін береді.
      185. Ақша алушы 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тіркелген шарт (қосымша келісім) бойынша алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі хабарламаны алғаннан кейін 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның бір данасын оған ағымдағы шотты ашқан екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрі - банк) береді.
      Ақша алушы 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның кейіннен мемлекеттік мекемеде қалатын екінші данасына қол қояды және дәл және анық мөр бедерімен куәландырады. Ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Бұл ретте ақша алушы қол қоюды және мөр бедерін басуды мемлекеттік мекеменің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт (қосымша келісім) бойынша түпкілікті есеп айырысуды жүргізуі үшін жүзеге асырады.
      Егер ақша алушы жеке кәсіпкер немесе мөрі жоқ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға болып табылатын жағдайда 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламада оның қойылған қолы ғана болады.
      Мемлекеттік мекеме тіркелген шарт (қосымша келісім) бойынша соманы тиісті бюджет кірісіне аударған жағдайда ақша алушы 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаға қол қоймайды.
      Ескерту. 185-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789; 16.10.2013 N 1101 қаулыларымен.
      186. Мемлекеттік мекеме «түпкілікті» мәртебесі бар төлеуге берілетін шотқа қоса аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақша алушының қойылған қолдары және мөр бедерлері бар осы Ережеге 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны ұсынады.
      «Түпкілікті» мәртебесі бар төлеуге берілетін қағаз тасығыштағы шотты жүргізгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ережеге 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны (бұдан әрі – 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама) екі данада қалыптастырады. Хабарламаға 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты атқарушысы қол қояды және құжатты қайта өңдеу күнін қоя отырып, оның мөртабанымен куәландырады. 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның бір данасы орындалған және тіркелген міндеттемелердің есебін жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге, екінші данасы – мемлекеттік мекеменің қабылданған міндеттемелерін жабу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны дербес қалыптастырады.
      Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      187. Бюджет қаражатының жұмсалуына мониторингтi және мемлекеттiк мекеменiң қабылданған мiндеттемелерi бойынша егжей-тегжейлi ақпарат алуды қамтамасыз ету үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi осы Ережеге 71-қосымшаға сәйкес 4-09 «Мерзiмдi мiндеттемелер бөлшектерi» нысанындағы есебiн және мемлекеттiк мекеменiң сұратуы бойынша берiлетiн осы Ережеге 72-қосымшаға сәйкес 4-12 «Орындалмаған мiндеттемелердiң бөлшектерi» нысанындағы есебiн, сондай-ақ осы Ережеге 31-қосымшаға сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанындағы есептi ай сайын және мемлекеттік мекеменің және/немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің сұратуы бойынша айдың 1 және 16 күніндегі жағдай бойынша ведомстволық бағынысты мекемелер бөлінісінде қалыптастырады.
      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 4-09 "Кезеңді міндеттемелердің бөлшектері", 4-12 "Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері", 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" есептерін дербес қалыптастырады.
      Ескерту. 187-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
23-тарау. Төлемдер мен ақша аударымдарын ұлттық валютамен жүзеге асыру тәртібі
      188. Мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерi мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттiк мекемелер шоттарындағы қалдықтар, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке жоспардың жоспарлы тағайындаулары мен шартты тiркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегiнде жүргiзiледi. Мемлекеттiк мекемелердiң қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және шетел валютасындағы шоттарының жеке сәйкестендiру кодтары осы Ережеде белгiленген тәртiппен берiледi және тиiстi аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi мен мемлекеттiк мекемелердiң назарына жеткiзiледi.
      Жеке жоспар шығыстарының бюджеттiк сыныптамасының тиiстi коды бойынша жоспарлы тағайындау болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi төлеуге берiлетiн шотты орындамай қайтарады.
      Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ-да ақша жеткiлiксiз болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен айқындалған бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргiзедi, қалған төлемдер төлеуге берiлетiн шоттардың түсу кезектiлiгi тәртiбiмен жүргiзiледi. Бұл ретте қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен ҚБАЖ-ға енгiзiлген төлеуге берiлетiн шотты орындау үшiн ақша болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, төлеуге берiлетiн шот қайтару себебiн негiздей отырып, келесi күні орындалмастан мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.
      Тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда салықтың және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердiң, салық органдары және (немесе) уәкiлеттi органдардың құзыретi шегiндегi салықтық емес төлемдердiң артық төленген сомаларын салық төлеушiлерге қайтаруға төлем тапсырмаларын аумақтық қазынашылық бөлiмшесi орындауға қабылдамайды.
      БҚШ-дан ақшаны есептен шығару бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгiлеген тәртiппен ҚБЕО төлем жүйелерi арқылы жiберiлген электрондық төлем құжаттары негiзiнде жүргiзiледi.
      Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңның немесе мәслихат шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе мәслихатқа енгiзiлген күннен бастап, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ұсынған деректердің негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның нұсқауы бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесi жоспарлы тағайындауларды азайту жоспарланатын бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар), ерекшелiктер бойынша төлемдер жүргiзудi тоқтата тұрады.
      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша төлемге шоттарды Мемлекеттік мекеме қалыптастырғанға дейін осы Ереженің 118-қосымшасы бойынша 0_07 "Бюджет бойынша мемлекеттік мекеменің бос қалдықтары бойынша есеп" есебіне сәйкес шығыстардың бюджеттік сыныптамасының, төлемдер бойынша жеке жоспардың тиісті коды бойынша жоспарлы жұмсалымдардың жеткіліктілігін тексеру жүзеге асырылады.
      Ескерту. 188-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      189. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемелерден төлеуге берілетін шоттарды қағаз тасығышта қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы бекіткен және мемлекеттік мекемелерге берілген мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесіне сәйкес жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырады. Бұл ретте банк кассасынан чек бойынша қолма-қол ақшаны алуға арналған құжаттар жергiлiктi уақыт бойынша сағат 13.00-ге дейiн қабылданады.
      Аумақтық қазынашылықтың бөлімшесі бүкіл жұмыс күні ішінде электронды түрде "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша мемлекеттік мекемелерден түсетін төлем шоттарын қабылдауды жүзеге асырады.
      Электронды түрде "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша мемлекеттік мекемелерден жергілікті уақытпен сағат 16.00-ден кейін түскен төлем шот келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады не орындаусыз қайтарылады.
      Ескерту. 189-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      190. Мемлекеттік мекеме мыналарды:
      1) құжаттарды қағаз және магниттi тасығышта ұсынған кезде мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсету кестесiнiң сақталуын;
      2) төлеуге берiлетiн шотты ұсыну заңдылығы мен негiздiлiгiн;
      3) төлеуге берiлетiн шотта көрсетiлген деректемелердiң дұрыстығын;
      4) ақша алушылардың пайдасына төлемдердi жүзеге асыру бойынша мiндеттемелердi орындаудың уақтылылығы мен толықтығын;
      5) жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетiлген қызметтердiң жеткiзiлуiн растаудың дұрыстығын;
      6) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде шот-фактуралардың, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелерін, актілер жасалмайтын көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелерін немесе тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша аванстық төлемнің сомасын қоспағанда, төлем жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің (бұдан әрі - растаушы құжаттар) көшірмесін беруді. Көрсетілген құжаттарға өнім беруші жеке қолымен немесе БЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Бұл ретте, көрсетілген құжаттардың көшірмелері орталық атқарушы органның жауапты хатшысының/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда — мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның өз қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен беріледі;
      7) олар бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы дайындау құны ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектiлердi күрделi жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстан кейiнгi төлемдi жүргiзу кезiнде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысын ұсынуды;
      8) «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде - орталық атқарушы органның жауапты хатшысының/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған растаушы құжаттардың түпнұсқадан сканерленген үлгісін тіркеуді;
      9) «Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезінде заңды тұлғаның құжат топтамасында берген орталық атқарушы органның жауапты хатшысының/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және мемлекеттік мекеменің бас бухгалтерінің ЭЦҚ дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      Аванстық төлемнің сомаларын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін төлемдер жүргізген кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шот-фактуралардың, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың немесе мемлекеттік мекемеге мемлекеттік кәсіпорын ұсынған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады. Бұл ретте көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеме мөрінің түпнұсқасымен куәландырылады және орталық атқарушы органның бірінші басшысы орынбасарының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) немесе мемлекеттік мекеме басшысының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) қолымен дәйектеледі.
      Аванстық төлем сомасын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша қайта жасасқан және бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жүргізу үшін төлем жүргізу кезінде мемлекетті мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін не Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеге берген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады.
      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеменің түпнұсқалық мөрінің бедерімен куәландырылады және орталық атқарушы органның бірінші басшысы орынбасарының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) немесе мемлекеттік мекеме басшысының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) қолымен дәйектеледі.
      Мемлекеттік мекеме растаушы құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 190-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.16 N 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2013 № 392 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.10.2013 N 1101; 22.04.2014 N 385 қаулыларымен.
      191. Қолма-қол емес және қолма-қол ақша түрінде төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру мыналардың:
      1) бюджет қаражаты;
      2) мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша;
      3) мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оны қайтарып алу не белгілі бір жағдайлар басталғанда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақша;
      4) мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін, олар заңнамалық актілерге сәйкес алатын ақша есебінен төлеуге берілетін шоттарды мемлекеттік мекеменің қалыптастыруын және аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жүргізуін;
      5) түсімі Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақшаны қамтиды.
      Ескерту. 191-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
      192. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне төлеуге берілетін шотты ұсынғанға дейін оны төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналына тіркейді. Төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналы журналдағы беттердің жалпы санын көрсете отырып, нөмірленген, тігілген және елтаңбалы мөрі қойылған және мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның қолымен куәландырылған осы Ереженің 73-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. Төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналындағы жазу төлеуге берілетін шоттарды қалыптастыруға қарай хронологиялық тәртіпте жүргізіледі. Бұл ретте, төлеуге берілетін шотта көрсетілген күн төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналында көрсетілген тіркеу күніне сәйкес келуі тиіс. Төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналында ағымдағы қаржы жылы аяқталғанда бос беттер болған кезде келесі жылғы жазулар үшін пайдалануға болады, бұл ретте, жазулардың нөмірленуі басынан басталады.
      193. Осы Ереженің 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берiлетiн шот және осы Ережеге 74-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттың электрондық бейнесі аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне онда көрсетiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынуға жарамды.
      "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы төлеуге берілетін шот осы Ереженің 74-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
      Ескерту. 193-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      194. Мемлекеттiк мекеме төлемдердi жүргiзу және ақша аудару үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 75-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн, алдын ала төлеу үшiн төлеуге берiлетiн шоттарды қоспағанда, осы Ереженiң 208 және 211-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, төлеуге берiлетiн шоттарды ұсынады. Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмi және төлеуге берiлетiн шоттар аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қағаз тасығышта 2 данада ұсынылады.
      Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiнде мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынатын төлеуге берiлетiн барлық шоттар көрсетiледi.
      Төлеуге берілетін шоттарды "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша өткізген кезде төлеуге берілетін шоттардың тізілімдері ұсынылмайды.
      Ескерту. 194-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      195. Аумақтық қазынашылық бөлiмшенiң жауапты орындаушысы осы Ережеде көзделген жағдайларда оларға қоса берiлген төлеуге берiлетін шоттар және қағаз тасығыштағы құжаттармен бiрге төлеуге берiлетін шоттармен тiзiлiмiнiң екi данасын қабылдайды, олардың жинақтылығын, осы Ереженің 24-29-тарауларында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiне қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар мен құжаттардың саны төлеуге берiлетін шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санына және осы Ереженің 24-29-тарауларында белгiленген талаптарға сәйкес келген кезде тiзiлiмнiң 2 данасына және тiзiлiмге қоса берiлген төлем шоттарына қолын, күнiн және мөртабан бедерiн қояды. Төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң қол қойылған және мөртаңба қойылған данасы мемлекеттiк мекемеге қайтарылады, төлеуге берiлген шоттарға және құжаттарға қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң екiншi данасы одан әрi орындау үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
      Мемлекеттік мекемеге "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы төлеуге берілетін шоттың электрондық түрінің және оған жапсырылған сканерленген құжаттардың түрінің осы Ереженің 24-29-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және төлеуге берілетін шоттың электрондық түрін бекітеді.
      Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) шарт жасаспай не жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнде тiркелуiн талап етпейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасай отырып сатып алған жағдайда, ақша алушы ҚБАЖ-да болмаған кезде, мемлекеттiк мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге арналған өтiнiмдi қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде осы Ережеге 60, 62-қосымшаларға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған сканерленген бейнесін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын (жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукцион қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтару жағдайларынан басқа):
      1) заңды тұлға:
      заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің/анықтаманың көшiрмесiн;
      оның нөмiрiн (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) көрсете отырып, банктiк шоттың болуы туралы банк анықтамасының;
      ақша алушының толық деректемелерін көрсете отырып (ақша алушы резидент емес болып табылған жағдайда) мемлекеттік мекеменің растау хатын;
      2) жеке тұлға:
      жеке басын куәландыратын құжаттың немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмелерін;
      нөмiрiн көрсете отырып, банктiк шоттың болуы туралы банктiң анықтамасын қоса бере отырып ұсынады.
      Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) шарт жасаспай не ол бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде жасалған шартты тiркеу талап етiлмейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, сатып алған жағдайда, ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелерi өзгерген (болмаған) кезде, мемлекеттiк мекеме нөмiрi көрсетiлген банк шотының болуы туралы банктiң анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженiң 63, 64-қосымшаларына сәйкес осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, олар бойынша өзгерістер енгізілген деректемелерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып), ақша алушының деректемелерiне өзгерiстер енгiзуге өтiнiмді қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде бередi.
      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде ұсынылатын төлеуге берілетін шотты ашу кезінде мемлекеттік мекемеде Ақша алушы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-дан ақша алушылар анықтамалығында ақша алушының бар болуын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-дан Ақша алушылар анықтамалығында қажетті ақша алушы бар болған кезде мемлекеттік мекеме осы Ережеге 63-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырады.
      Өтінімді толтырған кезде осы Ережеге 60, 62, 63, 64-қосымшаларға сәйкес жеке тұлға үшін «Ақшаны алушының атауы» ашық жолағында жеке тұлғаның (болған жағдайда) тегі, аты, әкесінің аты және болған жағдайда фирмалық атауы толық көрсетіледі.
      Ақша алушыны ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге және ақша алушының деректемелерiне өзгерiстер енгiзуге өтiнiмнiң ресiмделуiнiң растығы мен дұрыстығына мемлекеттiк мекеме жауапты болады.
      Ескерту. 195-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.10.2013 N 1101; 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      196. Төлем жүргiзiлгеннен кейiн мемлекеттiк мекемелердiң төлеуге берiлетiн шотының екiншi данасы және осы Ереженiң 76-қосымшасына сәйкес 5-15 «Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң төлемдерiн жүргiзу жөнiндегi күнделiктi көшiрмесi» нысаны бойынша қалыптастырылған есеп (бұдан әрі – 5-15-нысан) төлеуге берiлетiн шотта төлем жүргiзiлген күндi және 5-15 нысанда салыстыру жүзеге асырылған күндi көрсете отырып, салыстырылады, аумақтық қазынашылық бөлiмшенiң жауапты орындаушысының қолымен және мөртабан бедерiмен куәландырылады және мемлекеттiк мекемеге берiледi.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттiк мекемелер/квазимемлекеттiк сектор субъектiлері 5-15-нысан бойынша есепті дербес қалыптастырады.
      Ескерту. 196-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      197. Қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында төлеуге берiлетiн шоттарды орындау үшiн ақша болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайларды қоспағанда, жергілікті уақытпен сағат 16.00-ге дейін түскен қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот орындалады не орындалмай оны аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қабылдаған күннен кейiнгi күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекемелерден сағат 16.00-ден кейін қағаз тасығышта түскен төлеуге берілетін шоттар келесі жұмыс күні түскен болып саналады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша түскен төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмастан келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылады.
      Қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде түскен шот:
      1) төлеуге берiлетiн шот осы Ережеде белгiленген нысанға сәйкес келмейтін нысан бойынша ұсынылған;
      1-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік мекеменің ағымдағы шотын (корпоративтік төлем карточкасын) толықтыру үшін сомаларды аудару бойынша шектеуді арттырған;
      1-2) ұсынылған МТ102 форматтағы электрондық хабарлама деректері төлеуге берілетін шоттың мынадай - деректеріне сәйкес болмаған:
      атауларының толық және қысқартылып көрсетілуіне байланысты алшақтықтарды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің атауы мен ақша алушының атауы;
      төлеуге берілетін шоттың сомасы мен МТ102 хабарламасының жалпы сомасы;
      төлемнің мақсатында көрсетілген шығыстардың бағыты;
      төлеуге берілетін шоттағы төлеу кезеңі мен МТ102 хабарламасындағы «РЕRІOD» түйін сөзінде көрсетілген кезең (зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар үшін);
      2) түзетулермен, оның iшiнде қолмен түзетiлiп ұсынылған;
      3) осы Ережеде көзделген растау құжаттары, оның iшiнде магниттiк (электрондық) қосымшасыз (сканерленген түрі тіркелмеген немесе мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған сканерленген түрі тіркелген) ұсынылған;
      4) талап етiлген жолдарда қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi болмаған;
      5) қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi қойылған қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi бар құжатқа сәйкес келмеген;
      5-1) түпнұсқалылығын тексеру кезiнде ЭЦҚ-ның болмауы немесе дұрыс еместiгi айқындалған;
      6) құжаттың барлық даналарындағы талап етiлген жолдарда мөр бедерi дәл (анық) қойылмаған;
      7) санмен көрсетiлген сома жазылған сомаға сәйкес келмеген;
      8) төлеуге берiлетiн шоттарда көрсетiлген, бағдарламалық тексеруге жататын деректер ҚБАЖ-ға енгiзiлген деректерге сәйкес келмеген;
      9) төлемнің мақсаты Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымына сәйкес шығыстардың бағытына сәйкес келмеген;
      10) банктік деректемелерді қоспағанда, төлеуге берiлетiн шоттар деректемелерiнiң төлеуге берiлетiн шоттарға қоса берiлген (осы Ережеде белгiленген жағдайларда құжаттар қоса берiлген (сканерленген түрi жапсырылған) кезде) растайтын құжаттардың деректемелерiне сәйкес келмеген;
      11) төлем сомасы қаржыландырудың жеке жоспарының тиiстi кезеңдегi (өспелi қорытындылармен) төлемдерi бойынша пайдаланылмаған қалдығы сомасынан асып кеткен;
      12) аванстық төлем пайызы, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруды қоспағанда, осы Ереженiң 156-161-тармақтарында көзделген мөлшерiнен асып кеткен;
      13) төлеуге берiлетiн шоттың бiрiншi данасының деректемелерi төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасының деректемелерiне сәйкес келмеген;
      14) төлеуге берiлетiн шоттың қолданылу мерзiмiнен асатын мерзiмде берiлген;
      15) ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттар саны төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санға сәйкес келмеген;
      16) ҚБЕО белгiлеген хабарламалар форматында магниттiк (электрондық) тасығышта қателер анықталған;
      17) осы Ереженің 185-тармағының екінші абзацында көзделген талаптарды сақтамай, төлем шотына «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша хабарлама бекітілген жағдайларда орындалмай мемлекеттік мекемеге қайтарылады (қабылданбай тасталады).
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлеуге берілетін шоттағы деректердің қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде жоғарыда санамаланған талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде, төлеуге берілетін шот осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, қабылдамау себебін көрсете отырып, электрондық түрде мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
      Қабылдау кезеңінде төлеуге берілетін шотта жоғарыда санамаланған жағдайларға сәйкессіздік анықталған кезде хат ресімделместен, төлеуге берілетін шоттардың тізілімінің бірінші данасында мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қолымен қайтару туралы белгі қойыла отырып, екінші данада – аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен қайтарылады. Қабылданғаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік анықталған кезде төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесі бастығының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен жазбаша негіздеме бере отырып қайтарылады.
      Ескерту. 197-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.04.2014 N 385 қаулыларымен.
      198. Мемлекеттік мекеменің қағаз тасығыштағы және "Қазынашылық - клиент" АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берілетін шотының атқарылу күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен 5-15 нысанындағы есепке бекітілген төлеуге берілетін шотты енгізген күні болып табылады.
      Ескерту. 198-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет