Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы



бет3/46
Дата09.07.2016
өлшемі3.18 Mb.
#188192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

3-бөлім. Бюджеттің атқарылуы
6-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер
      63. Бюджеттің атқарылуы бюджетке барлық бюджет түсімдерінің түрлерін толық және уақтылы төлеумен, оларды Бірыңғай қазынашылық шотына (бұдан әрі - БҚШ) есепке алумен және бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында БҚШ-дан төлемдер мен аударымдарды уақтылы жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі.
      64. Бюджеттiң атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады. БҚШ-ға түсiмдердi есепке алу және оларды БҚШ-дан есептен шығару жөнiндегi операциялар ақша нысанында есептеледi.
      Түсiмдер мен шығыстар бойынша есептердi беру нысанын, тәртiбi мен мерзiмдерiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген мерзімде түсімдер мен шығыстар бойынша есептерді дербес қалыптастырады.
      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      64-1. Бюджеттерді атқаруды және оларға кассалық қызмет көрсетуді аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, уәкілетті органдардың құжаттарды қағаз және магнит тасығыштарда беруімен де, құжаттардың электрондық түрлерін қалыптастыру және жөнелту, "Қазынашылық-клиент" электрондық құжат айналымы ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Қазынашылық-клиент" АЖ) арқылы есептерді қалыптастыруы арқылы да жүзеге асырады. "Қазынашылық-клиент" АЖ-де жұмыс істеу үшін мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, уәкілетті органдар аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен мемлекеттік мекеме арасында Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісім (бұдан әрі – ЭЦҚ туралы келісім) жасасады.
      Ескерту. 64-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4-бөлім. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі
7-тарау. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары
      65. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары (бұдан әрi – ҚБШ) мына:
      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен;
      2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен;
      3-1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Кеден одағына мүше мемлекеттер үшін ашылған шоттарға аударумен;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақшаны олардың есептеуімен және жұмсауымен;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;
      6) бюджеттiк ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргiзуге пайдаланумен;
      7) қаржылық ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен;
      8) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке алумен және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеуге арналған;
      9) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі - сыртқы қарыздардың немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау шоты) қайтадан ұлттық валютаға айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың ақшасын жұмсауға;
      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен; 22.04.2014 N 385 қаулыларымен.
      66. Республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдерін есептеу мен республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрі - тиісті бюджеттердің ҚБШ) бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ашылады.
      Тиісті бюджеттің ҚБШ түрлері:
      республикалық бюджеттің ҚБШ;
      облыстық бюджеттердің ҚБШ;
      республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ҚБШ;
      аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ҚБШ.
      67. Тиісті бюджеттердің ҚБШ-сынан түсімдер және жүргізілген төлемдер мен ақша аударымдары бойынша операциялар ҚР ББС және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.
8-тарау. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру
      68. Республикалық және/немесе мемлекеттік бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жеті мәнді кодтар беріледі. Мұнда бірінші үш белгі ҚР ББС-қа сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодын білдіреді, келесі төрт белгі әр мемлекеттік мекеме үшін жеке болып табылады.
      69. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге кодтар беру үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң/анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, осы Ережеге 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінімді ұсынады.
      Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеменің коды ашылғаннан кейін ұсынылатын осы Ереженің 91-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Ереженің 10-тарауында көзделген құжаттар жинағын қалыптастыруға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік - және орыс тілдерінде мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім жібереді.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім жібереді.
      Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінімде көрсетілген деректемелердің шынайылығын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 69-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.10.2013 N 1101; 22.04.2014 N 385 қаулыларымен.
      70. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей кодтар беріледі.
      71. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кодтар берген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық түрдегі хат арқылы берілген кодтар туралы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне хабарлайды.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан хат алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне хабарлайды.
      72. Мемлекеттік мекемелердің берілген кодтарын тіркеу ҚБАЖ-да қалыптастырылатын мемлекеттік мекемелер анықтамалығында жазылады.
      73. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің кодтарын ашқаны туралы тиісті салық органына салық қызметінің тиісті органдарына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды ашқаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
9-тарау. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның
қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы
шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың
арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты
гранттардың арнайы шоттарына шоттар ашуы
      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      74. Мемлекеттік мекемелердің мынадай қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шоттары болуы мүмкін:
      1) мемлекеттік мекемелер өздерінің иелік етуінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан қалған қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ақылы қызметтердің ҚБШ);
      2) демеушілік, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ);
      3) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ);
      4) нысаналы қаржыландырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – нысаналы қаржыландырудың ҚБШ);
      5) шетел валютасындағы шоттар;
      6) жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ);
      7) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
      8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты;
      9) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына
ашылған шот.
      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      75. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадаң айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы Ережеге 33, 52-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жазбаша рұқсаттар береді.
      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      76. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға жазбаша рұқсаттар тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қолдаухатының негізінде беріледі.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты мынаны қамтуы тиіс:
      ҚБШ ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
      ашу талап етілетін ҚБШ-ның атауы;
      мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрі;
      мемлекеттік мекеменің заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы;
      қаржыландыру көздері;
      баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлерін көрсете отырып, бюджет қаражатынан басқа өзге де қаржыландыру көздеріне жол беретін заңнамалық актінің атауы мен күнін (сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоты үшін - Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы шарттың нөмірі мен күні, сондай-ақ шығыстарды бағыттау мақсаттары).
      Ескерту. 76-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      77. Мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға жазбаша рұқсат бір рет беріледі және осы Ереженің 12-тарауында көзделген жағдайларда олар жабылғанға дейін қолданыста болады. Мемлекеттік мекемелерге сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға жазбаша рұқсат қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне беріледі.
      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      78. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге шетел валютасында шоттар, сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды ашу үшін жазбаша рұқсаттарды осы Ережеге 34, 52-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган береді.
      Шетел валютасындағы шот, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға жазбаша рұқсаттар валюта түрін және шығыстар түрлерін көрсете отырып, рұқсаттың қолданыс мерзімі: шетел валютасындағы шот үшін - ағымдағы қаржы жылының соңына дейін, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шот үшін - қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде беріледі.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолдаухаты мынаны қамтуы тиiс:
      шот ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
      БСН;
      шоттың атауы;
      валюта түрi (Ұлттық Банк олар бойынша айырбастау және қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын валюталар түрлерінің тізбесіне сәйкес);
      шығыстарды бағыттау мақсаттары;
      шот ашу үшін негіздеме.
      Ескерту. 78-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789; 24.04.2013 № 392 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.04.2014 N 385 қаулыларымен.
      79. Мыналар:
      1) халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасына сәйкес жасалған халықаралық шарттар;
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген нормативтік құқықтық актілері;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент еместерімен жасалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы шарт;
      4) мемлекеттік мекемелерде оларға сәйкес шетел валютасында міндеттемелер туындаған халықаралық соттардың шешімдері бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шетел валютасында шот ашуына қолдаухат беруге негіз болып табылады.
      Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуына қолдаухат беруге - шарттарында осындай шот ашу көзделген Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт немесе байланысты грант туралы шарт негіз болып табылады.
      Бюджеттік бағдарлама әкімшісі шетел валютасында шот ашуға, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуына қолдаухат беру негізділігін қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      80. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға жазбаша рұқсат 3 данада ресімделеді, олардың екеуі оны кейіннен мемлекеттік мекемеге және мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілетін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі, үшінші данасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органда қалады.
      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      81. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер ҚБШ-сын ашу үшiн мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға өтiнiм бередi.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеден алынған қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға өтінімнің негізінде осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға өтінімді қалыптастырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      82. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға өтiнiм бередi, ол:
      1) ақылы қызметтердің ҚБШ үшін - мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуден түскен түсiмдер жоспарының және ақшаның жұмсалуының;
      2) демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ үшін – бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган берген рұқсаттар негізінде жасалады.
      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      82-1. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері аппараттарына жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашу үшін соңғылары аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашуға өтінім береді.
      Ескерту. Ереже 82-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
      83. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратынан алған қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған өтінімнің негізінде осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған өтінімді қалыптастырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
      Қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына өтінім белгіленген нысанға сәйкес келмеген не мыналар:
      1) ашылатын қолма-қол ақшаны бақылау шотының түрі;
      2) мемлекеттік мекеменің атауы немесе коды;
      3) бюджет түрі;
      4) қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашу үшін негіз болмаған немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда орындаусыз қайтарылады.
      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      84. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
      бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға жазбаша рұқсатының және аумақтық қазынашылық бөлімшелерден ақылы қызметтердің қолма-қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдерінің негізінде жазбаша рұқсаттар берілген және аумақтық қазынашылық бөлімшелерден ақылы қызметтердің қолма-қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдері түскен күні республикалық бюджеттен;
      аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен қолма-қол ақша шотын ашуға өтінім түскеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы шотын ашуға рұқсаттың берілген күні, аталған рұқсаттың және аумақтық бөлімшелерінің қолма-қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдерінің негізінде жергілікті бюджеттерден мемлекеттік мекемелерге қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды ашуды жүзеге асырады.
      Ескерту. 84-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352; 22.04.2014 N 385 қаулыларымен.
      84-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашуға өтінімдер түскеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері аппараттарына өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашуды жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 84-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
      85. Мемлекеттiк мекеменiң атауы өзгерген жағдайда республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәліктің/анықтаманың көшiрмесiн қоса бере отырып, осы Ережеге 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеменiң атауын өзгертуге өтiнiм бередi.
      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      86. Мемлекеттiк мекеменiң атауы өзгерген жағдайда жергiлiктi уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәліктің/анықтаманың көшiрмесiн қоса бере отырып, осы Ережеге 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеменiң атауын өзгертуге өтiнiм бередi.
      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      87. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшесінен осы Ереженің 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуді жүзеге асырады.
      Мемлекеттік мекеменің атауы өзгергеннен кейін оған осы тарауда айқындалған тәртіппен жаңа жазбаша рұқсат беріледі, бұл ретте бұрын берілген ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоты, шетел валютасындағы шот, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шот өзгеріссіз қалдырылады.
      Ескерту. 87-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789; 22.04.2014 N 385 қаулыларымен.
      88. Нысаналы қаржыландыру ҚБШ-сын, шетел валютасындағы шоттарды және ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашу, жүргізу және жабу тәртібі Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының ерекшеліктерін ескере отырып, анықталады.
      Ескерту. 88-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789, 2010.08.04 N 793 Қаулыларымен.
      89. Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын тіркеу осы Ережеге 38-қосымшаға сәйкес 5-19 «Тиісті бюджеттер, ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының тізбесі» нысаны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде көрсетіледі.
      Шетел валютасында ашылған шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды тіркеу осы Ережеге 39-қосымшаға сәйкес 8-08 «Шетел валютасындағы шоттардың, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарының, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардың тізбесі» нысаны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің есебінде көрсетіледі.
      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      90. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері тиісті салық қызметі органдарын оларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ ашқаны туралы хабарлайды.
      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулыны 9-1-тараумен "Құпия" ("Заң" ДБ-на енгізуге жатпайды) толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 04.08.2010 N 793 Қаулысымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет