1. Шарттың мәнi
1.1. Банк Шартта көзделген талаптарда Алушының атына жинақ шотын ашады және оған қызмет көрсетудi жүргiзедi.
1.2. Сыйақыны есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасына және Банктiң қолданыстағы тарифiне сәйкес «талап етуге дейiн» жылдық пайыздық мөлшерлемесі бойынша ай сайын жүргiзiледi.
2. Банктiң құқықтары мен мiндеттерi
2.1. Банк:
2.1.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiндегi клиенттiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықта және Банктің қағидаларында белгiленген өтiнiштер мен және құжаттар пакетi негiзiнде Алушыға № _______________ жинақ шотын ашуға.
2.1.2. Банкке ақша түскен күннен кейiнгi банктiк күннен кешiктiрмей Алушының пайдасына түсетiн ақшаны жинақ шотына толық көлемде есептеуге.
2.1.3. Алушының шотындағы ақшаны сақтауды, оның болуын және есепке алынуын қамтамасыз етуге.
2.1.4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана Алушының келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаға шоттар бойынша анықтама беруге.
2.1.5. Алушының өзi қолма-қол және қолма-қол емес нысанда енгiзетiн ақшаны жинақ ақша шотына есептеуге (аударуға).
2.1.6. Алушының шотындағы барлық операцияларды оның жеке басын, ақша салым кiтапшасын және қолының сәйкестiгiн куәландыратын құжаты, сондай-ақ өтiнiш болған кезде жүзеге асыруға. Жоғарыда көрсетiлген құжаттары болмаса және қолы сәйкес келмесе, оның шотында операциялар жүргiзiлмейдi.
2.1.7. Алушыға жеке сәйкестендiру кодын беруге.
2.1.8. Алушының жинақ ақша шотындағы ақша қалдығына әр айдың «___» күнi жылдық ___ % есеп айырысудан (талап етуге дейiн салымдар бойынша жинақ шотына ақша есептеген кезден әрекет ететiн Банк тарифiнен төмен емес) сыйақы аударуға.
2.1.9. Сыйақы алмай, Алушының салымдары бойынша жинақ ақша шотына жалақы, стипендия және басқа да ақша төлемдерiн қабылдауды, есептеудi және төлеудi жүзеге асыруға мiндеттi.
2.2. Банк:
2.2.1. Алушының нұсқауын орындаудан, егер мұндай нұсқау және ол бойынша ұсынылатын құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келсе бас тартуға.
2.2.2. Алушының салымдары бойынша жинақ шотынан қолма-қол ақша беру үшін негіз болып табылатын барлық қажетті құжаттарды талап етуге құқылы.
3. Алушының құқықтары мен мiндеттерi
3.1. Алушы:
3.1.1. Салымды, өзiнiң жинақ шотының жай-күйi туралы ақпарат алған кезде оның жеке басын куәландыратын құжатты, ақша салымы кiтапшасын ұсынуға және арнайы бланкiде өзiнiң қолын сәйкестендiруге.
3.1.2. Оның жеке басын куәландыратын құжаттары жоғалған жағдайда ол туралы Банкке хабарлауға және уәкiлеттi орган берген Алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға.
3.1.3. Алушының тегi, аты және әкесiнiң аты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары өзгергені туралы хабарлауға мiндеттi.
3.2. Алушы:
3.2.1. Жинақ шотындағы ақша сомасының ағымдағы қалдығы шегiндегi қолма-қол ақша сомасын алуға.
3.2.2. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шоттағы ақшаны өсиетке қалдыруға, сондай-ақ басқа адамға шоттағы ақшаны иелену құқығын беруге.
3.2.3. Қолма-қол және қолма-қол емес нысанда (аударумен) шоттағы ақша сомасын толтыруға құқылы.
4. Тараптардың жауапкершiлiгi
4.1. Банкпен оның қызметкерлерiне қызмет көрсету жөнiнде Шарт жасасқан жұмыс берушi аударған ақшаны уақытылы есептемегенi үшiн Алушының жинақ шотына Банк Алушының пайдасына уақтылы есептемеген соманың _____ %-ы есебiмен мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн айыппұл төлейдi.
4.2. Банк Алушының жинақ шотынан ақшаны заңсыз есептен шығарған жағдайда, Банк есептен дұрыс шығарылмаған соманы өтейдi, сондай-ақ Алушының пайдасына заңсыз есептен шығарылған соманың _____ %-ы есебiмен мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн айыппұл төлейдi.
4.3. Ақша аудару туралы не оларды жинақ шотынан беру туралы Алушының нұсқауын тиiсiнше орындамағаны немесе орындамағаны үшiн Банк келтiрген зиянды өтейдi, сондай-ақ аударылмаған не берiлмеген соманың ______ %-ы мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
5. Шарттық қолданылу мерзiмi
5.1. Шарт оған қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жинақ шоты жабылғанға дейiн қолданылады.
5.2. Шартты бұзғаннан кейiн бес күндiк мерзiмде Банк белгiленген тәртiппен Алушының жинақ шотын жабады. Алушының жинақ шотындағы ақша қалдығы Алушыға қолма-қол ақшамен берiледi немесе оны Банк Алушы алдын ала көрсеткен жинақ шотына немесе ағымдағы шотқа аударады.
6. Дауларды қарау тәртiбi
6.1. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Тараптар олар бойынша уағдаластыққа келмеген келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
Алушының қол қою үлгiсi:
Алушының қолы ________________________
Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелерi:
«Банк» «Алушы»
___________________ ____________________________
(Атауы)
___________________ ____________________________
(Мекенжайы)
___________________ Паспорты/жеке куәл. ________
БСН _______________ ЖСН ________________________
БСК _______________ Аудан ______________________
Коды ______________ Қызмет/үй тел. _____________
Тараптардың қолдары:
«Банк» «Алушы»
___________________ ____________________________
М.О.
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесiне
78-қосымша
Мемлекеттiк мекеменiң қызметкерiне банк карточкасын беру және
оған қызмет көрсету туралы шарт
Ескерту. 78-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
20__ ж. «___» _____________ ______________
(қала/ауыл)
____________________________________________________________________,
Бұдан әрi «Банк» деп аталатын, ______________________________________
(Банк филиалының немесе банктік
_____________________________________________________________________
операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымының атауы)
Басшы атынан Жарғының және 20__ жылғы «___» ___________ № ___________
сенiмхаттың негiзiнде әрекет ететiн бiр тараптан және бұдан әрi Алушы
деп аталатын, _____________________________ мекенжайы бойынша тұратын
азамат(ша) _______________________________ екiншi тараптан, бұдан әрi
бiрлесiп «Тараптар» деп аталатындар төмендегiлер туралы банк
карточкасын беруге және оған қызмет көрсетуге арналған осы шартты
(бұдан әрi - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәнi
1.1. Банк Алушының дебеттiк төлем карточкасын (бұдан әрi - Карточка) алуға өтiнiшiнiң негiзiнде Алушы үшiн Банктiң банкоматтары, РОS-терминалдары, I-принтерлерi орналасқан барлық жерлерде қолма-қол ақшаны алу, мұндай операцияларды жасауға уәкiлеттiк берiлген сауда және қызмет көрсету кәсiпорындарында тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшiн пайдаланылатын Карточканы жасауға мiндеттенедi.
1.2. Шарттың мәнi Карточка иесiнiң, сондай-ақ ағымдағы шотты Алушының тапсырмасы бойынша оның ағымдағы шотынан қызмет көрсетiлетiн Карточка берiлген тұлғаның (бұдан әрi - қосымша Карточканың иесi) Карточканы төлем құралы ретiнде пайдалануға қатысты Банк пен Алушының арасында қалыптасатын қарым-қатынастар болып табылады.
2. Банктiң құқықтары мен мiндеттерi
2.1. Банк:
2.1.1. Алушыдан өтiнiштi алған күннен бастап ___ банк күнiнiң iшiнде Карточканы жасауға және беруге.
2.1.2. Алушыға дербес сәйкестендiру нөмiрiн (ДСН-код) беруге.
2.1.3. Банкке ақша түскен күннен кейiнгi ______ банк күнiнен кешiктiрмей Алушының пайдасына түскен ақшаны ағымдағы шотқа толық көлемде есепке жатқызуға.
2.1.4. Шартты жасасу кезiнде Алушының назарына жеткiзiлген Банктiң қағидаларына сәйкес Карточкаға қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге.
2.1.5. Алушының ағымдағы шоты бойынша ақшасының сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз етуге.
2.1.6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана Алушының келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға шоттар бойынша анықтамалар беруге.
2.1.7. Жазбаша сұрауды алған күннен бастап ____ банк күнiнiң iшiнде Алушыға қосымша үзiндi көшiрменi беруге.
2.1.8. Есептеу сәтiнде қолданылатын Банк Басқармасының қаулысымен бекiтiлген мерзiмде және ставка бойынша ағымдағы шот бойынша ақша қалдығына сыйақы есептеуге.
2.1.9. Қазақстан Республикасының ресми баспа басылымдарында тарифтердiң өзгеруi күшiне енгенге дейiн кемінде банк ____ күнiнен бұрын ол туралы хабарландыру жариялауға.
2.1.10. Банк филиалдарында, сондай-ақ Алушының жұмыс орны бойынша мемлекеттiк мекемеде хабарландыру жасау жолымен Ережедегi барлық өзгерiстер туралы Алушыны хабардар етуге.
2.1.11. Сыйақыны алмай, Алушының ағымдағы шотына(н) жалақыны, стипендияны және басқа да ақшалай төлемдердi қабылдауды, есепке жатқызуды және төлеудi жүзеге асыруға мiндеттi.
2.2 Банк:
2.2.1. Алушы өтiнiштi берген күннен бастап ___ айдан астам мерзiмде Карточканы алу үшiн Банкке келмеген жағдайда Карточканың күшiн жоюға.
2.2.2. Шарттың 2.1.9-тармағында көзделген тәртiппен Алушыны хабардар ете отырып, Ереженi және тарифтердi бiр жақты тәртiппен өзгертуге.
2.2.3. Жұмыс берушiнi қоспағанда, Карточканың көмегiмен есеп айырысулар жүзеге асырғаны үшiн сол кезеңге Банктiң белгiлеген тарифтерi бойынша үшiншi тұлғалардың есепке жатқызған ақшасы үшiн Алушының келiсiмiнсiз сыйақыны ұстап қалуға құқылы.
3. Алушының құқықтары мен мiндеттерi
3.1. Алушы:
3.1.1. Шартты жасасу және төлем карточкаларын (бұдан әрi - карточкалар) шығаруға өтiнiшке қол қою сәтiнде Банкпен уағдаластық бойынша төлем карточкаларын жасаудың құнын төлеуге.
3.1.2. Шарттың талаптарын және Банктің қағидаларын сақтауға.
3.1.3. Карточканың сақталуын қамтамасыз етуге.
3.1.4. Карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда Ережеде көзделген тәртiппен карточканы оқшаулау туралы ауызша немесе жазбаша талаппен Банкке дереу өтiнiш жасауға.
3.1.5. Өтiнiште көрсетiлген деректердiң өзгеруi туралы _______ банк күнi iшiнде Банктi жазбаша хабардар етуге.
3.1.6. Банктен тиiстi жазбаша хабарламаны алған кезде Карточканы пайдалануды тоқтатуға және осы хабарламаны алған күннен бастап _______ банк күнi iшiнде карточканы Банкке қайтаруға.
3.1.7. Банктен Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап _____ банк күнi iшiнде Шарт шеңберiнде Алушы үшiн шығарылған барлық Карточкаларды Банкке қайтаруға мiндеттi.
3.2. Алушы:
3.2.1. Ағымдағы шот бойынша үзiндi алуға.
3.2.2. Банктің қағидаларында көзделген тәртiппен Банкке Карточканы оқшаулауды немесе ашуды ауызша немесе жазбаша талап етуге.
3.2.3. Банк заңнамасына сәйкес ағымдағы шот бойынша лимит белгiлей отырып, олар бойынша сенiм бiлдiрiлген тұлғаларға қосымша Карточкалар ресiмдеуге.
3.2.4. Шоттағы ақша сомасын қолма-қол ақша түрiнде де, қолма-қол емес ақша (аударумен) нысанда да толықтыруға құқылы.
4. Тараптардың жауапкершiлiгi
4.1. Банкпен оның қызметкерлерiне қызмет көрсету жөнiнде Шарт жасасқан жұмыс берушi аударған ақшаны уақтылы есептемегенi үшiн Алушының ағымдағы
4.2. Банк Алушының ағымдағы шотынан ақшаны заңсыз есептен шығарған жағдайда, Банк дұрыс есептен шығарылмаған соманы қалпына келтiредi, сондай-ақ мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн уақтылы есептелмеген соманың __%-ы есебiмен, Алушының пайдасына айыппұл төлейдi.
4.3. Алушының ақшаны ағымдағы шоттан ақшаны аудару туралы нұсқауларын тиісінше орындамағаны немесе орындамағаны үшін Банк келтірілген залалды өтейді, сондай-ақ аударылмаған не берілмеген соманы мынадай ___ %-ы мөлшерінде айыппұл төлейді.
5. Шарттың қолданылу мерзiмi
5.1. Шарт оған қол қойған күннен бастап күшiне енедi және ағымдағы шот жабылғанға дейiн қолданылады.
5.2. Шартты бұзғаннан кейiн бес күн мерзiмде Банк белгiленген тәртiппен Алушының ағымдағы шотын жабады. Алушының ағымдағы шотындағы ақша қалдығы Алушыға қолма-қол ақшамен берiледi немесе Банк оны Алушы алдын ала көрсеткен ағымдағы шотқа немесе жинақтаушы шотқа аударады.
6. Дауларды қарау тәртiбi
6.1. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Тараптар уағдаластыққа кол жеткiзбеген келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелерi:
«Банк» «Алушы»
___________________ ____________________________
(Атауы)
___________________ ____________________________
(Мекенжайы)
___________________ Паспорты/жеке куәл. ________
БСН _______________ ЖСН ________________________
БСК _______________ Аудан ______________________
Коды ______________ Қызмет/үй тел. _____________
Тараптардың қолдары:
«Банк» «Алушы»
___________________ ____________________________
М.О.
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 79-қосымша
Банктік қызмет көрсету шарты
Ескерту. 79-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
________________ қала/ауыл 20__ ж. «___» ______________
Бұдан әрі «Мемлекеттік мекеме» деп аталатын,
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)
атынан, 200__ ж. «___» ___________________ бекітілген Ереже негізінде
әрекет ететін ______________________ басшысы, бір тараптан және бұдан
әрі «___» ____________________________ бекітілген Жарғы және 200__ ж.
«___» ______ № _____ сенімхат негізінде әрекет ететін _______________
екінші тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес төмендегі туралы осы
Банктік қызмет көрсету шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1.1. Шартта көзделген жағдайларда Мемлекеттік мекеме ұсынған
тізімдер негізінде Меммекеме қызметкерлері мен стипендиаттарға (бұдан
әрі - алушылар) тиесілі ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе
ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерін
есептеуді Меммекеме өз қызметкерлерінің өтініштері негізінде
тапсырады, ал Банк жүзеге асырады.
1.2. Ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы
шоттарына жалақы, стипендия есептеудің тәртібі, Мемлекеттік мекеменің
Банкпен өзара іс-қимыл жасасуы, нақты есептелген ақша үшін қаржылық
қызметтер үшін ақы төлем мөлшері және мерзімі, олардың кезектілігі
Шартпен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік
құқықтық актілерімен реттеледі.
1.3. Алушыларға Банк ақша салымдары бойынша жинақ шоттарынан
немесе ағымдағы шоттарынан жалақы және стипендия есептеуді жүзеге
асыру жөніндегі ұйымдастыру шарттары алушы мен Банк арасында қызмет
көрсету шарттарын жасасқан кезде айтылады.
2. Тараптардың міндеттемелері
2.1. Банк:
2.1.1. Келесі банктік күннен кешіктірмей Банктің
корреспонденттік шотына Мемлекеттік мекеме аударған қаражат шегінде
ақша салымы бойынша жинақ шоттарына және ағымдағы шоттарына жалақы,
стипендия және басқа ақша төлемдерінің сомасын есептеуді және алушы
мен Банк арасында жасалған шартта белгіленген мерзімде алушылардың
бірінші талабы бойынша оларды қолма-қол ақшамен төлеуге;
2.1.2. Алушылардың шоттарындағы ақша қалдығына сыйақыны
алушының ақша салымдары бойынша жинақ шотына және/немесе ағымдағы
шотына ақша есептеу сәтінде әрекет ететін Банк тарифтеріне сәйкес
мерзімде және ставкалар бойынша есептеуге;
2.1.3. Алушының шартында көзделген тәртіппен алушыға көшірме
ұсынуға;
2.1.4. Алушылардың ақша салымдары және ағымдағы шоттары
жөніндегі жинақ шоттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес шарттың әрекет ету мерзіміне қарамастан, олар бойынша
жасалатын операциялар бойынша банктік құпияны сақтауға кепілдік
беруге міндеттенеді.
2.2. Мемлекеттік мекеме:
2.2.1. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарының
немесе карточкалық базадағы ағымдағы шоттарының нөмірлерін тіркейтін,
төлемдер аударудың тізімін жасайтын, алушыларға қызмет көрсетуге
байланысты Банктің ағымдағы жұмысын жүзеге асыратын жауапты тұлғаны
айқындауға;
2.2.2. Мемлекеттік мекеме мен қызметкер арасында жасалған жеке
еңбек шартында белгіленген мерзімде алушылардың пайдасына Банкке ақша
аударуды жүзеге асыруға;
2.2.3. Алушыларды ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе
ағымдағы шоттарына түсетін ақша сомалары туралы ақпараттандыруға;
2.2.4. Алушы Мемлекеттік мекемеден жұмыстан босатылған немесе
алушы Мемлекеттік мекемемен еңбек қатынастарын бұзған жағдайда бес
күнтізбелік күн ішінде бұл туралы Банкке жазбаша хабарлауға;
2.2.5. Банкке тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен немесе
нотариалды куәландырылған екі данада қол қою үлгілері және мөр бедері
бар құжатты беруге;
2.2.6. Мөртаңба жоғалған және құжаттардағы қол қою үлгілері
өзгерген жағдайда келесі күннен кешіктірмей Банкке хабарлауға;
2.2.7. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шотына немесе
ағымдағы шотына есептелетін жалақы, стипендия және басқа да ақша
төлемдерінің аударылатын сомасының %-ы __________ есебімен айырысудан
аударған күні Банкке қаржылық қызметтерге ақы төлеуге міндеттенеді.
3. Тараптардың құқықтары
3.1. Банк:
3.1.1. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасын бұзғаны туралы айғақтайтын фактілердің болуы,
сондай-ақ, егер төлем құжатында көрсетілген сома тізімде көрсетілген
сомадан асып кеткен жағдайда алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ
шоттарына немесе ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша
төлемдерін есептеу бойынша операциялар жасаудан бас тартуға;
3.1.2. Мемлекеттік мекеменің ұсынылған төлем құжатына және
тізіміне сәйкес жүргізілген алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ
шоттарына немесе ағымдағы шоттарына есептеудің күшін жоюға арналған
сұрауынан бас тартуға құқылы.
3.2. Мемлекеттік мекеме:
3.2.1. Тозу немесе мөрлердің жоғалуы туралы, сондай-ақ атауы
өзгерген жағдайда өтініш негізінде мөр әзірлегенге дейін қол қою
үлгілері бар құжатта көрсетілген қолдары болған кезде мөрдің жоқтығы
туралы белгі қойып, төлем құжаты арқылы қызмет көрсетілуге құқылы.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе
ағымдағы шоттарына уақтылы жалақы, стипендия және басқа да ақша
төлемдерін есептемегені үшін, сондай-ақ ақшаны заңсыз есептен
шығарғаны, алушының өтінішін тиісінше орындамағаны немесе
орындамағаны үшін Банк Шартқа сәйкес алушының пайдасына айыппұл
төлейді.
4.2. Төлем құжаттарында көрсетілген деректемелердің толықтығына
және дұрыстығына, сондай-ақ Банкке электронды және қағаз нысандарында
ұсынылған тізімдердегі ақпараттың анықтығы үшін оларды ұсынған
Мемлекеттік мекеме жауап береді.
5. Шарттың қолдану мерзімі және оны өзгерту және бұзу
тәртібі
5.1. Шарт әрбір Тарап үшін бір-бір данадан екі тілде
мемлекеттік және орыс тілдерінде заң күші бірдей 2 (екі) данада
жасалды. Шарт ол аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ________ тіркелген
күннен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы 31 желтоқсанға дейін
әрекет етеді. Бюджеттік шығыстар сыныптамасының ________________ коды
бойынша міндеттемелер сомасы _______________________ теңгені құрайды.
5.2. Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар
жазбаша түрде ресімделген және оларға екі Тараптың да уәкілетті
тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады, одан әрі олар Шарттың
ажырамас бөлігі болып табылады.
Шарт бойынша жұмыстардың (қызметтердің) құнына байланысты
өзгерістер олар ________________________________ аумақтық қазынашылық
бөлімшесінде тіркеген кезде күші бар.
5.3. Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапты бұл туралы жазбаша
нысанда оны бұзу ұйғарылып отырған күнге дейін кемінде он күн ішінде
хабарлап, Шартты бұзуға құқылы.
6. Дауларды шешу
6.1. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар
келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптар уағдаластыққа келмеген
келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
шешіледі.
6.2. Тараптар Шарт бойынша барлық мүмкін болатын талаптарды
Тараптардың оларды алған сәттен бастап он күн ішінде қарауы тиіс деп
белгілейді.
7. Форс-мажор
7.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара және толық
орындамағаны үшін, егер бұл орындамаушылық мынадай жағдайлардың
себебі болып табылса: Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей
ықпал еткен қауіпті табиғи жағдайлар, өрт, су тасқыны, зілзала,
індеттер, соғыс қимылдары, уақытша электр энергиясының және
телекоммуникациялық байланыстың болмауы және т.с.с. жауапкершіліктен
босатылады.
7.2. Тараптар бір-біріне деректемелерінің (заңды мекенжайы: шот
нөмірі және т.б.) өзгергені туралы дереу хабарлайды.
7.3. Тараптардың бірі қайта ұйымдастырылған кезде Шарт бойынша
барлық құқықтар мен міндеттемелер Тараптардың құқықтық мирасқорларына
ауысады.
8. Тараптардың заңды мекенжайы мен деректемелері
Тараптардың қолы:
Банк Мемлекеттік мекеме
_________________ ___________________
_________________ ___________________
М.О. М.О.
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесiне
80-қосымша
5-15-А нысаны
Есеп жүргізілді _______
___тен ____________ бет
Aқша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша
үзiндi көшірме (мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiне жалақы
мен басқа да ақшалай төлемдер, стипендиялар, төлемдердi жеке
тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе ақша алушылардың және
әлеуметтiк аударымдардың жинақ шоттарына аудару бойынша)
Ескерту. 80-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
Өңiр: _______________________________________________________________
Бюджет түрi: ________________________________________________________
Қаржыландыру көзi: __________________________________________________
Мемлекеттік мекеме: _________________________________________________
Төлем түрi: _________________________________________________________
Кезең: ______________________________________________________________
Өлшем бiрлiгi: ______________________________________________________
№
|
Тегi
|
Аты
|
Әкесiнiң аты
|
ЖСН
|
Ағымдағы шот №
|
Сомасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сомасы
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
|
Жауапты орындаушы ___________________________________________________
(қолы)
М.О.
Бюджеттiң атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесiне 80-1 қосымша
Ескерту. 80-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5-56-нысан
Достарыңызбен бөлісу: |