Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі 1-тарау. Жалпы ереже


-тарау. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы



бет3/3
Дата29.02.2016
өлшемі445.87 Kb.
#33068
1   2   3

6-тарау. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы
89. Осы Ережеде дебиторлық берешек туралы есептердің мынадай:

бюджет қаражаттары есебінен мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің дебиторлық берешегі туралы есеп жасалатын ДБ-Б (осы Ережеге 14-қосымша);

өзге де қаражаттар есебінен мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің дебиторлық берешегі туралы есеп жасалатын ДБ-Б (осы Ережеге 15-қосымша).

90. Дебиторлық берешек туралы ДБ-Б нысаны бойынша есеп мынадай түрде толтырылады:

1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі;

2-5-бағандарында бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасының кодтары - функционалдық топ, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік толтырылады;

6-бағанда 1-4-бағандардағы кодтарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджет шығыстары кодтарының атауы көрсетіледі;

7-бағанда ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары көрсетіледі;

8-бағанда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарына арналған жағдай бойынша өткен жылдардың дебиторлық берешегі көрсетіледі. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы жылдық есепті тапсырған сәттен бастап 8-бағанда көрсетілген дебиторлық берешектің сомасы ағымдағы қаржы жылының ішінде өзгермеуі тиіс;

9-бағанда ағымдағы қаржы жылында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне аударылған өткен жылдың дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі;

10-бағанда басқа негіздер (ағымдағы жылы алынған, сот шешімі немесе т.б. бойынша есептен шығарылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) есебінен) бойынша өтелген өткен жылдардың дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі;

11-бағанда өткен жылғы дебиторлық берешектің ағымдағы қаржы жылында бір бөлігі өтелгеннен кейінгі қалдығы көрсетіледі;

12-бағанда ағымдағы қаржы жылы пайда болған дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі;

13-есепті күнге қалыптасқан жалпы дебиторлық берешек көрсетіледі (11 және 12-бағандардың сомасы);

14-бағанда әлеуетті өнім берушілермен және мердігерлермен бюджет қаражаттары есебінен тауарлар мен жұмыстарды (қызметтерді) сатып алуға жасасқан, белгіленген тәртіппен ведомствоның аумақтық бөлімшелерінде тіркелген шарттың талаптарына сәйкес аванстық (алдын-ала) төлемдердің сомасы көрсетіледі;

15-бағанда ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру артық төленгн соманың проценттік қатынасы көрсетіледі;

16-бағанда қуыну мерзiмi аяқталған дебиторлық берешектiң сомасы көрсетiледi. Көрсетілген берешек активтердің, материалдық қорлардың, ақшаның, есеп айырысулар мен мемлекеттік мекеме теңгерімінің басқа да баптарын түгелдеу жүргізілгеннен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен түгелдеу актісі жасалғаннан кейін есепке енгізіледі. 14-бағанда көрсетілген дебиторлық берешектiң сомасы 8, 11, 12-бағандарда көрсетілген дебиторлық берешектiң сомасына кіреді.

91. ДБ-Б нысаны бойынша есеп мынадай түрде толтырылады:

1-5 бағандарда шығыстардың сыныптау кодтарына және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен Ақылы қызметтердің тізбесіне сәйкес, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалатын ақша есебінен құрылған берешектер бойынша шығыстардың кодтары көрсетіледі.

92. Басқа қаражаттар (демеушілік және қайырымдылық көмек және т.б.) есебінен құрылған дебиторлық берешектер бойынша ДБ-Б нысаны бойынша есепті толтыру тиісінше бағдарламалық қамтамасыз ету белгілеген кодтармен толтырылатын 5 және 6-бағандардан басталады. Кейінгі бағандарды толтыру КБ-Б нысаны бойынша есептерді толтыру үшін осы Ереженің 90-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады

93.  Дебиторлық берешек туралы шұғыл есепті ай сайын:

1) ведомство - қағаз тасығышта және электрондық дерекқор түрінде есептіден кейінгі айдың 20-і күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне ;

2) бюджетті атару жөніндегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті уәкілетті органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) - электронды дерек қор түрінде, есептіден кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей, есептіден кейінгі айдың аяғына дейін қағаз тасығышта растай отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.

94. Қағаз тасығыштағы ДЗ-Б нысандағы дебиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке кредиторлық берешектің құрылу себептері туралы ақпарат осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес, әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша олардың құрылу себебін түсіндіре отырып, қоса беріледі.

95. Жарты жылдық, 9 айға және өткен қаржы жылы үшін дебиторлық берешек туралы деректер бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі есепті кезең үшін бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есепті бергеннен кейін нақтыланады және кредиторлық берешек туралы есеп қайта жасалады.

96. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ведомство және бюджетті атқару жөніндегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті атқарушы органдары жарты жылдық, 9 айға және өткен қаржы жылы үшін дебиторлық берешек туралы нақтыланған есептерді есептiден кейiнгi екінші айдың 20 - күнiнен кешiктiрмей, жаңа қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша – есепті қаржы жылының үшінші айының 1 күнінен кешiктiрмей, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің теңгерімдерін есептеу баптары бойынша тиісті кезеңдерге есеп дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалық деректермен бірге бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiне бередi.

97. Дебиторлық берешек туралы есептер атқарушы туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, ресми бланкiге жазылған, басшының қолы қойылған хатпен жiберiледi.

98. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің теңгерімдерін есептеу баптары бойынша тиісті кезеңдерге есеп дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалық деректер осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай түрде толтырылады:

1-бағанда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы көрсетіледі;

2-бағанның бағаншаларында әрбір қосалқы шот бойынша есепті кезеңде қалыптасқан дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, бухгалтерлік есепке алудың қосалқы шоттарының атаулары мен кодтары көрсетіледі;


      3-бағанда есепті күнгі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша тұтастай алғанда дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі;
      4-бағанда қаржы жылының басында қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша дебиторлық берешектің жалпы сомасы көрсетіледі;

5-бағанда ағымдағы жылы қалыптасқан дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі (3 және 4 бағандар айырмасы);

«Есепті күнге жиыны» және «Жылдың басына жиыны» деген жолдарда есепті күнге және қаржы жылының басында қалыптасқан әрбір қосалқы шот бойынша тұтастай алғанда дебиторлық берешектің жалпы сомалары көрсетіледі;

«Ауытқу» деген жолда ағымдағы жылы қалыптасқан әрбір қосалқы шот бойынша дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі («Есепті күнге жиыны» және «Жылдың басына жиыны» деген жолдар айырмасы).

99. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің дебиторлық берешегі және өзге де қаражат есебінен пайда болған берешек туралы айлық (шұғыл) есепті ай сайын есептіден кейінгі екінші айдың 1 күнінен кешіктірмей 9 айлық және өткен қаржы жылы үшін нақтыланған есеп мемлекеттік қаржы бақылау органдарына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдарға қолдармен бекітпей-ақ, ілеспе хатпен – ведомствоның осы ереженің 100-тармағында мемлекеттік қаржы бақылау органдарына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне белгіленген нақтыланған есепті беру мерзімінен кейінгі бес жұмыс күні ішінде береді.

100. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті (облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің кредиторлық берешегі туралы жиынтық есеп) бюджеттердің дебиторлық берешегі туралы есептерді және өзге де қаражат есебінен пайда болған кредиторлық берешек туралы жиынтық есептерді ДБ-Б-жиынтық және ДБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.



101. Мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің (облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала және астана бюджеттерінің дебиторлық берешегі туралы жиынтық есеп) дебиторлық берешегі және өзге де қаражат есебінен пайда болған дебиторлық берешек туралы айлық (шұғыл) есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын есептіден кейінгі екінші айдың 1 күнінен кешіктірмей нақтыланған есеп мемлекеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдарға қолдармен бекітпей-ақ, ілеспе хатпен, жарты жылдық, 9 айлық және өткен қаржы жылы үшін нақтыланған есеп мемлекеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдарға ведомство мен бюджетті атқару жөніндегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы Ереженің 99-тармағында, мемлекеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдар мен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне белгіленген нақтыланған есепті беру мерзімінен кейінгі бес жұмыс күні ішінде береді.
7-тарау. Қорытынды ережелер
102. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептерді, бюджеттің түсімдері мен шығыстары туралы электрондық дерек қорды қалыптастыру және беру бойынша өзара қарым-қатынастарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган реттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет