- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- ҚР- ның мемлекеттік бюджеті
- Төтенше мемлекеттік бюджет (ерекше)
- Аудан (обл.маң бар қала) бюджеті
Республикалық бюджет – бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. - Республикалық бюджет – бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор.
- Тиісті қаржы жылына арналған РБ ҚР заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.
- РБ туралы заң жобасы ҚР Парламентіне ағымдағы қаржы жылының бірінші қыркүйегінен кешіктірілмей енгізіледі.
- Облыстық бюджет , республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері – БК белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қала, астананың жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік -аумақтық бірлікті мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
- Жергілікті бюджеттер жергілікті мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
- Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді – ҚР –да төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылады.
- Шоғырландырылған бюджет – респ.бюджетті, облыстардың, респ. маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, ҚР-ның Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Бұл талдамалық мақсаттарда пайд-ды.
- Азаматтар мен ұйымдардан алынатын салықтар, мемлекеттік меншікті жалға беруден немесе оларды сатудан түскен кірістер, берілген кредиттер бойынша пайыздар және т.б. мемлекет үшін кірістердің көздері болып табылады.
- Бюджет құрылымының бөлімдері:
- 1)Кірістер: - салықтық және салықтық емес түсімдер;
- - негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
- - трансферттер түсімдері.
- 2) Шығындар;
Достарыңызбен бөлісу: |