Бюджетті жоспарлау және болжамдау


Мемлекеттің бюджет қызметі әртүрлі әдістермен іске асырады



бет7/12
Дата02.01.2022
өлшемі1.07 Mb.
#454136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
10т мем карж баскару

Мемлекеттің бюджет қызметі әртүрлі әдістермен іске асырады:

  • а) Бюджетті қалыптастыру әдістері:
  • 1. Салықтарды белгілеу (алым, баж, төлем ақы, салықтық емес түсімдер);
  • 2. Капиталмен операциялардан табыстарды тарту;
  • 3. Алынған ресми трансферттерді пайдалану;
  • 4. Ерікті қайтарымсыз негізде ақша қаражатын тарту;
  • 5. Эмиссия.

б) Бюджет бөлу әдістері:

  • б) Бюджет бөлу әдістері:
  • 1. Бюджеттік мемлекеттік қаржылық кәсіпорындарды қаржыландыру;
  • 2. Мем. мекемелерді бюджеттік қарж-у (сметалық);
  • 3. Бюджет аралық қаржыландыру;
  • 4. Сыртқы және ішкі мемлекеттік қарыздарды өтеу;
  • 5. Бюджеттік бағдарламаларға кеткен әкімшіліктердің шығындары;
  • 6. Президенттің, парламенттің, конституциялық кеңестің, орталық сайлау комиссиясының қызметтерін қарж-у;
  • 7. Әлеуметтік экономикалық сфераны қорғаныспен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сот жүйесін, ғылым мен білім, мәдениетті қаржыландыру;
  • 8. Ақылы және қайтарымды негізде бюджетті несиелеу.
  • в) Бюджетті пайдалануды ұйымдастыру әдістері:
  • 1. Бюджетті орындау тәртібін анықтау.
  • 2. Бюджет ресурстарын бөлуге нормативтерді анықтау.
  • 3. Бюжеттік ресурстарды бөлуді жоспарлау.
  • 4. Бюджеттік ресурстарды мақсатты және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға.
  • БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
  • Бюджет процесiнде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.
  • Бюджет процесiнде республикалық бюджеттiң аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiмен және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
  • Әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған реттерде, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ ҚР Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда, бюджет процесiнде ҚР Үкіметінің шешімі бойынша облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiмен өзара қатынастарына жол берiледі.
  • Бюджет Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР Үкiметiнің және орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының, тиiсiнше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесiне араласуына жол берiлмейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет