«Cash Back» сыйақысын беру ережелері



Дата05.07.2016
өлшемі32 Kb.
«Cash Back» сыйақысын беру ережелері

Осы «Cash Back» сыйақысын ұсыну ережелері (бұдан әрі – Ережелер) «Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелерінің (бұдан әрі – БЕ) аясында банктік қызмет ұсыну мақсатында әзірленді және сервис-пакет қызметін ұсыну шартының ажырамас бөлігі болып табылады.



  1. Ережелерде пайдаланылатын терминдер, анықтамалар мен қысқартулар БЕ-дегі мағынада түсіндіріледі, соның ішінде:

      1. «Cash Back» сыйақысы – Ережелерде көзделген операцияларды жасаған кезде Банк қаражаты есебінен Банктің төлем карточкасын ұстаушының шотына аударатын ақша сомасы;

      2. Байланыс арнасы – Банктің анықтайтын тәртібімен және талаптарында пайдаланылатын, Интернет киоскіні қосқанда, электрондық пошта (e-mail), пошталық байланыс, интернет-бөлімшелер, ұялы банкинг, СМС-хабарламалар, телефондар, факс, банкомат, төлем терминалдары, POS-терминалдары, электрондық терминалдар арқылы Клиент пен Банк арасында ақпарат беру құралдары;

      3. Жеке талаптар жинағы – (бұдан әрі – ЖТЖ) «Kaspi Bank» АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелерінің аясында банк қызметін ұсынудың типтік талаптары шегінде Клиентке белгіленген жеке талаптар.

  2. «Cash Back» сыйақысы VISA/MasterCard жүйесінде ССК-ні сәйкестендірген жағдайда, Клиент Карточкамен Операциялар жасаған сәтте Карточка арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдер жасаған жағдайда, келесі талаптардың барлығы сақталғанда:

      1. төлем ССК-де POS-терминал арқылы жасалады;

      2. ССК саласы ЖТЖ-да анықталған салаға сәйкес келуі керек және Банк ССК саласын растау керек;

      3. Клиентте мерзімі өткізілген ағымдағы Берешегі жоқ болған жағдайда,

Банк айқындаған және Банктің интернет-ресурсында жарияланған мөлшерде төленеді.

  1. Егер Клиент Несие лимиті есебінен ақша төлемін толық немесе ішінара жасаса, Банк төмендегі талаптарда «Cash Back» сыйақысын төлейді:

      1. ССК саласы ЖТЖ-да анықталған салаға сәйкес келу керек;

      2. «Cash Back» сыйақысының мөлшері іске қосылғаннан кейін ЖТЖ-да анықталған кезең ішінде ЖТЖ-да анықталған мөлшерде белгіленеді;

      3. ЖТЖ-да анықталған кезең аяқталғанда «Cash Back» сыйақысының мөлшері ЖТЖ-да анықталған мөлшерде белгіленеді.

  2. Банк Карточка арқылы сатып алғанда «Cash Back» сыйақысы төленетін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің көлеміне шектеу қоюға құқылы.

  3. Банк Есептесу кезеңі ішінде Клиентке төленетін «Cash Back» сыйақысының мөлшеріне шектеу қоюға құқылы.

  4. «Cash Back» сыйақысы:

  1. казинода және тотализаторларда;

  2. лотерея билеттері мен облигацияларды сатып алумен байланысты операциялар бойынша;

  3. пай қорларының пайдасына; Банктің POS-терминалдары орналасқан сақтандыру компанияларын қоспағанда, қаржы ұйымдарының пайдасына;

  4. ломбардтардың пайдасына;

  5. Банктің және басқа банктердің шотына ақша аударумен байланысты барлық операциялар бойынша;

  6. электрондық әмиянды толықтырумен байланысты операциялар бойынша жасалған операциялар/транзакциялар бойынша Клиентке берілмейді.

  1. Клиент Карточка бойынша алған тауарларды/қызметтерді ССК-ге қайтарған жағдайда, Банк заңнамада және Ережелерде көзделген тәртіппен шоттан тікелей дебеттеу арқылы Клиенттің шотынан осындай операция бойынша берілген «Cash Back» сыйақысын алып қояды.

  2. Банк заңнамада көзделген негіздер бойынша қате аударылған ақшаны қайтарады. Бұл ретте Банк осындай операция бойынша берілген «Cash Back» сыйақысын Клиенттің шотынан алып қоюға құқылы.

  3. Банктік қызмет көрсетудің тоқтатылуы сервис-пакет қызметін көрсету шартының қолданысын тоқтатуға әкеп соқтырады.

***


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет