Ч а с т ь I x главный редактор


“Young Scientist” . # 23 (313) . June 2020 Young Scientist Kazakhstan



Pdf көрінісі
бет76/103
Дата08.12.2022
өлшемі4.33 Mb.
#466862
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103
moluch 313 ch9 Z6mUoK3

717
“Young Scientist” . # 23 (313) . June 2020
Young Scientist Kazakhstan
Young Scientist Kazakhstan
М ОЛ ОД О Й У Ч Е Н Ы Й Қ А З А Қ С ТА Н
Опока негізінде қабырғалық керамикалық бұйымдар
Монтаев Сарсенбек Алиакбарович, т. ғ.д., профессор;
Калыбаева Гулнаш Калыбаевна, магистрант
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Қабырғалық керамикалық бұйымдар өндірісінде негізгі шикіза ретінде опоканың қасиеттері қарастырылған. Жар-
тылай кептіру әдісімен ́қабырғалы́қ керамикалы́қ бұйымдарын алу технологиясы жасалды. Күйдіру температурасы 950–
1000 
0
С жа́қсартылған физика-механикалы́қ ́қасиеттері бар өнім алынған.
Түйін сөздер: ́қабырғалы́қ керамикалы́қ бұйымдар, опока, сазда́қ, керамикалы́қ кірпіш.
Стеновые керамические изделия на основе опоки
Калыбаева Гулнаш Калыбаевна, студент магистратуры
Научный руководитель: Монтаев Сарсенбек Алиакбарович, доктор технических наук, профессор
Западно-Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана (г. Уральск, Казахстан)
Рассмотрены свойства опоки, как основного сырья в производстве керамических изделий. Разработана технология 
получения стеновых керамических изделий методом полусухого прессования. Получен продукт с улучшенными физико-
механическими свойствами при температуре обжига 950–1000 °C.
Ключевые слова: стеновые керамические изделия, опока, суглинок, керамический кирпич.
К
ерамикалық кірпіш — барлық үлкен талаптар қойыла-
тын негізгі қабырға бұйымдарының бірі. Бұл таңқалар-
лық емес, өйткені қабырғалық материалдар өндірісінің 
жалпы көлемінде керамикалық кірпіштің үлесі шамамен 
жартысын құрайды және болашақта төмендемейді. Алайда, 
қазірдің өзінде жылу-техникалық сипаттамалары жақсар-
тылған және орташа тығыздығы 800–1200 кг/м
3
бұйым-
дарға, сондай-ақ түрлі түсті бет кірпішіне жоғары сұра-
ныс байқалады.
Керамикалық кірпіш шығаруды ұлғайту шикізат ба-
засымен шектеледі. Қазіргі уақытта МЕСТ 530–95 сәйкес 
қабырғалық керамикалық бұйымдарды өндіру үшін негізгі 
шикізат ретінде саз жыныстары, лесстер, өнеркәсіптік қал-
дықтар (көмір қазу, көмір байыту өнімдері, күл, шлам және 
т. б.) және кремнеземді жыныстар — трепел және диато-
миттер қарастырылуда. Ең көп таралғандары — саздақтар. 
Алайда, бұған қарамастан, кірпіш зауыттарының көпшілігі 
шикізатпен қиындықтарға тап болып жатады. Бұл бірнеше 
себеппен түсіндіріледі.
Біріншіден, қабырғалық керамика алу үшін қолданы-
латын сапалы сазды шикізаттың көп бөлігі пайдаланылып 
қойды. Кәсіпорындарға құрамында карбонатты, күкіртті 
қоспалар бар, қанағаттанғысыз керамикалық қасиеттері 
бар (кептіруге жоғары сезімталдығы, үлкен шөгуі және 
т. б.) шикізатты пайдалануға тура келеді. Екіншіден, өз ге-
незисіне байланысты саздақ шөгінділер заттық құрамы мен 
қасиеттері бойынша өте өзгереді.
Ғылыми тұрғыдан да, практикалық жағынан да осын-
дай мәселелердің перспективалық шешімдерінің бірі бо-
лып — бұйымдардың орташа тығыздығын, өзіндік құнын 
төмендету және шикізат базасын кеңейту талаптарына 
сәйкес келетін Қазақстанның көптеген аймақтарында кең 
таралған және күйдіргеннен кейін негізінен ашық түс бе-
ретін кремнийлі жыныстар-опоканы қабырғалық кера-
мика үшін шикізат ретінде пайдалану болып табылады. 
Оларды пайдалану тиімділігі бұл жағдайда жартылай 
құрғақ престеу мүмкін болуына байланысты өседі, ол 
өнімнің өзіндік құнын пластикалық қалыптау әдісімен 
салыстырғанда 1,3–1,5 есе төмендетуге мүмкіндік береді. 
Аталған тақырып өзекті болып табылады және қазіргі за-
манғы техникалық-экономикалық талаптарға сәйкес ке-
леді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет