Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019


Мәліметтерді шығарудың пішімдері (форматтары)



Pdf көрінісі
бет9/34
Дата28.06.2022
өлшемі2.75 Mb.
#459535
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
devcpp 1 Kaz66

Мәліметтерді шығарудың пішімдері (форматтары) 
 Бүтін сандар 
scanf және printf функцияларын шақырған кездегі алғашқы (негізгі) 
параметр енгізу мен шығарудың пішінін анықтаайтын символдық жол болу 
тиісті. Бүтін сандарды енгізетін scanf функциясы үшін айнымалының сипаттау 
айнымалылар типін көрсеткені жеткілікті. Ол айнымалылардың форматтары 
%d – бүтін сандар, %fнақты сандар және –символдар болуы керек. Осы 
кезде printf функциясы экранға нәтижені шығаруды қамтамасыз етіп отырады, 
яғни берілген санды шығарудағы алаңының өлшемін анықтайды. 
Төменде 1234 бүтін санын шығарудың пішімделуінің мысалы кестеде 
көрсетілген. Сандарды шығару алаңын ұйымдастыру үшін оң және сол 
жақтарынан жай жақшалар қойылу қажет. 
Шығарудың мысалдары 
Нәтижесі 
Түсініктеме 
p r i n t f ( “ [ % d ] ” , 1234) ;
[1234] 
Ең аз мүмкін болатын алаң 
p r i n t f ( “ [ % 6 d ] ” , 1234) ;
[ 1234] 
Сол жақтан 6 орынды туралау 
p r i n t f ( “ [ % - 6 d ] ” , 1234) ;
[ 1234 ] 
Оң жақтан 6 орынды туралау 
p r i n t f ( “ [ % 2 d ] ” , 1234) ;
[1234] 
Берілген 2 орынға сыймайды
сондықтан 
шығару 
арлаңы 
кеңейеді


Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019 
 
15 
http://astanabilim.kz/infor/c
  
Символдарды шығару кезінде де кестедегі мысалдағыдай жазылулар жазылады, 
бірақ %d орынына %с деп ауыстыру қажет. 
 Нақты сандар 
Нақты сандарды енгізу мен шығарудың үш пішінін қолдануға болады %f, %e 
және %g. Төмендегі кестеде %f пішінінің қолданылуы көрсетілген. 
Шығарудың мысалдары 
Нәтижесі 
Түсініктеме 
p r i n t f ( “ [ % f ] ” , 123.45) ;
[123.450000] 
Ең аз мүмкін болатын бөлшек 
бөлігі 6 орынды болатын алаң 
p r i n t f ( “ [ % 9 . 3 f ] ” , 123.45) ;
[ 123.450] 
Барлығы 9 орынды, оның 
ішінде бөлшек бөлігі 3 орын,
оң жақтан туралау 
p r i n t f ( “ [ % - 9 . 3 f ] ” , 123.45) ; [123.450 ] 
Барлығы 9 орынды, оның 
ішінде бөлшек бөлігі 3 орын,
cоң жақтан туралау 
p r i n t f ( “ [ % 6 . 4 f ] ” , 123.45) ;
[123.4500] 
Сан берілген 6 орынға 
сыймайды (бөлшек бөлігіне 4 
цифр), сондықтан шығару 
арлаңы кеңейеді
%e - пішіні (форматы) ғылыми есептеулер кезіндегі өте үлкен және өте 
кіші сандарды шығару үшін қолданылады, мысалы атомдардың өлшемдері 
немесе Күнге дейінгі арақашықтық. Стандарттық түрдегі сандар деп аталатын 
күйде көрсетіледі (ерекшеленген реті мен матиссасы). Мысалы, 123.45 саны 
стандартты түрде жазылуы мүмкін 123.45=1.2345х10
2
. Мұндағы 1,2345 – 
мантиссасы (ол әр уақытта 1-ден 10 –ға дейін болады), ал 2 саны ол реті 
(мантисса осы дәрежеде 10-ға көбейтіледі). %e - пішініде (форматында) 
шығару кезінде орынының (позициясының) санын өзіміз енгізуге болады. 
Сонымен қатар санды шығаруды ұйымдастырады және мантиссаның бөлшек 
бөлігінің санын енгізуге мүмкіндік береді. Ал реті екі санмен көрсетіледі, яғни e 
әріпінің алдына жазылған сан және реттік таңбасының алдына қойылған (қосу 
немесе  таңбалары) сан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет