Күндізгі серуен
|
Өсімдіктер мен бұталарды бақылау
Мақсаты:
Гүлзар туралы түсініктерін кеңейту.
Өсімдіктерді күту, суару іскерліктерін тиянақтау.
Табиғатты сүюге, әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Тәрбиеші сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізеді.
- Қандай үй гүлдерін білесіңдер?
- Қандай дала гүлдерін білесіңдер?
- Олардың қандай айырмашылығы бар?
- Сендерге қандай гүлдер ұнайды? Неге?
- Сендердің үйлеріңде гүл бар ма? Қандай?
- Оларды қалай күтесіңдер?
- Гүлдер жақсы өсу үшін не істеу керек?
Еңбеке баулу:
Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту)
Мақсаты: Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау, гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру.
Қимылды ойын: «Қай топ тез жиналады?»
Мақсаты:
-Жүру және жүгіру барысында бір – біріне соқтығыспай еркін жүруге үйрету;
-Тәрбиеші тапсырмасын бұлжытпай орындауға үйрету;
Қажетті материалдар: ұсақ ойыншықтар, қалақшалар мен шелек.
|
Жәндіктерді бақылау
Мақсаты:
-«Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау.
-Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету. Бақылау барысы
Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады. Бұл не? (Шыбын)
Тор тоқуға шебер – ақ
Бірақ киім тікпейді
Өнері де өнер – ақ
Бірақ ісі бітпейді (Өрмекші)
Құжынаған жұмыскер
Бірлескенде тым іскер (Құмырсқа)
Тәрбиеші сұрақтары:
- Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)
- Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? (көбелек, құрт, т. б)
- Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар)
- Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарында)
- Масалар неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды)
|