1683 жылға дейін әскери жорықтардың, билеуші топ өкілдерімен тиімді саясат жүргізудің барысында Тайвань аралына дейінгі жерлер бағындырылды.
1683 жылға дейін әскери жорықтардың, билеуші топ өкілдерімен тиімді саясат жүргізудің барысында Тайвань аралына дейінгі жерлер бағындырылды.
17 — 18 ғасырларда елде а. ш. мен қолөнер дамып, алғашқы мануфактуралар пайда болды, капит. қатынастар орын ала бастады. Тың жерлер игерілді, кейбір салық жеңілдіктері жасалды.
1712 ж. халық санағы жүргізіліп, егістік жерлердің көлемі есепке алынды. Цинь империясы. елдің батысындағы Жоңғархандығымен үздіксіз соғыс жүргізді. Ол соғыста жоңғарларды Қшкі Моңғолия мен Халхаданығыстырып шығарды. Қиыр Шығыста да үлкен табыстарға жетіп, РесейдіАмур бойынан бас тартуға мәжбүр етті; қ. Канси.
Сыртқы саясат
Цинь империясы шет елдермен, әсіресе, еур. мемлекеттермен “жабық есік” саясатын жүргізіп, империя аумағын сыртқы шабуылдардан қорғауды күшейтті.
17 ғ-дың аяғында Қытайдың шеткері аймақтардағы орт. өкіметке қарсы жүргізілген “Сан фан” қозғалысын күшпен басты. Жоңғар ханы Қалдан Сереннің Қытайға жасаған шабуылы тойтарылды. Орт. Азияда қалыптасқан ішкі қайшылықтарды пайдалана отырып,
1755 — 57 ж. Жоңғар хандығын біржолата жойып жіберді.
1756 — 57 ж. Қазақ хандығымен болған дығымен болған шекаралық әскери қақтығыстардан кейін өзара келісім жасалып, дипломат. қарым-қатынастар орнатылды (қ. Абылай, Цянь Лун). Цинь империясы Үрімжі, Құлжа менТарбағатайда қазақтармен малға тауарлар айырбастайтын арнайы базарлар ашты.
1759 ж. Қашғариядағы ұйғырлардың қарсылығын жаныштап, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты. *1762 ж. Іле өз-нің бойында Чжаньчжунфу генерал-губернаторлығы құрылды.
1759 ж. Қашғариядағы ұйғырлардың қарсылығын жаныштап, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты. *1762 ж. Іле өз-нің бойында Чжаньчжунфу генерал-губернаторлығы құрылды.
1762 — 65 ж. оңт-те Бирма, Вьетнам, Непалға жаулап алу соғыстары жүргізілді. 18 ғ-дың аяқ кезінде Тибет жаулап алынып, Цинь империясы өзінің шарықтау шегіне жетті.
19 ғ-дан бастап Цинь империясы әлсірей бастады. Орт. өкіметке қарсы халық көтерілістері жиілеп, батыс державалары Қытайға ену әрекеттерін күшейтті.