Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова Әдебиеттік оқУ Әдістемесі



бет30/79
Дата03.06.2024
өлшемі338.41 Kb.
#502250
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   79
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі (1)

4. Шығармаға жоспар жасау.
Жоспар шығарманың мазмұнын көрсететін оқиғалар жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады:
1) әңгімені бөлімдерге бөлу;
2) бөлімдерге ат қою. Оны тәртіппен жазу.
Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлу үшін, ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды.
Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та терең түсінуге мүмкіндік жасайды. Бөлімдерге белу процесі шығарманы бір рет тұтас оқып шыққаннан кейін, қайталап оқу кезінде іске асады. Жоспар кейде қкорытынды әңгіме кезінде жасалады, кейде оны жасап келуді үйге де талсыруға болады.
Кез келген шығармаға жоспар жасай берудің кажеті жоқ. Бастауыш сыныпта жоспар жасаудың жай түрі ғана үйретіледі. Мысалы, 2-сыныптағы «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесіне мынадай жоспар жасауға болады:
1. Балалар мектепке ағылып келіп жатты.
2 Кенет қоңырау соғылды.
3. Бөлмеге ақ сары адам кірді.
4. Ыбырай атаның әңгімесі.
3-4 - сынып оқушылары тұтас әңгімені өздері бөлікке беліп, әр бөлікке ат қою жұмысын атқара алады, яғни әрбір әңгімеге өз беттерімен жоспар жасай алады. Мұндай жағдайда мұғалім тек «Бұл бөлімде не жөнінде айтылады?» деген сияқты сұрақтар арқылы балаларға бағыт қана беріп отырады. Мысалы, оқулықта: М.Гумердің «Бақшада» әңгімесі берілген. Әңгіме әрі сюжетті, әрі танымдық мәні жоғары. Оқушылар осы әңгімені оқи отырып, әрі не жайында айтылғанын аңғарады да, соған орай, бөлімдерге бөледі, бөлімге ат қояды: 1. Балалардың кездесуі. 2. Олардың бақшаға баруы. 3. Картоп өскен жер. 4. Қоңыр дақ басқан картоп жапырағы. 5. Балалар Кәрім ағамен кездесті. 6. Кәрім ағайдың әңгімесі. 7. Балалардың риза болуы.
Алайда шығарманы бөлімге бөліп оқыған сайын әр бөлімге ат қоя беруге болмайды. Өйткені шығармаға ат қою – күрделі жұмыс, көп ойлауды қажет етеді. Сондықтан қай материалға жоспар жасау керек, қайсыларын бөлімге бөліп, бірақ ат қойғызбай-ақ оқытуға болады, қайсыларын оқушылар өздері бөлімге бөледі, қайсыларын мұғалімнің көмегімен бөледі – олардың барлығын мұғалім алдын ала ойластырады.
Жоспар немесе бөлімдерге ат қою 3-сыныпта хабарлы сөйлем түрінде, кейін бірте-бірте сұраулы сөйлем түрінде айтылады. Ал 4-сыныптан бастап атаулы сөйлем түрінде жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет