Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова Әдебиеттік оқУ Әдістемесі



бет27/79
Дата03.06.2024
өлшемі338.41 Kb.
#502250
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі (1)

Шапшаң, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу бір-бірімен тығыз байланысты.
Шапшаң оқуға дағдыландырудың тағы бір түрі — сыныпта дауыстап оқу. Мұндай жұмысты орындатқанда мұғалім оқушыларды тақтаға біртіндеп шығарып, әрқайсысына тапсырма береді де, дауыстап оқытады (кейде әрқайсысына әр түрлі мәтін, кейде бір түрлі мәтіннің өзін беруге де болады).
Шапшаң оқу оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуіне де байланысты. Мұғалім әр баланың сөйлеу мүшелерінің қалай жетілгенін байқау үшін оқушыларға мәтінді хормен де, жеке-жеке де оқытып көреді. Айтылуы қиын жаңылпаштарды қайта-қайта айтқызып жаттықтыру әрі дұрыс оқуға, әрі шапшаң оқуға септігін тигізеді.
Шапшаң оқуға жаттықтыру жұмысы барлық сабақтарда да жүргізіледі. Оқушыларда шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру мақсатында арнайы уақыт та бөліп отыру қажет. Ол:
- көз бен кітап арасындағы қашықтықты дұрыс сақтау;
- мәтінді алдын ала іштен оқып шығу;
- шамамен қандай жылдамдықпен оқылуы керек екендігін мұғалімнің өзінің оқып көрсетуі;
- сынып оқушыларына бір мәтін беріледі, оны белгілі бір мезгілде барлық оқушыға бастатып оқытады, белгілі бір уақытта барлығының бір мезгілде оқуларын тоқтату талап етіледі. Сонда әр оқушы өзінің тоқтаған жерін белгілейді, ал мұғалім әркімнің неше сөз оқығанын есептеп шығады.

3. Оқу сабақтарында оқушылардың дағдыларын, біліктерін есепке алу.


«Әдебиеттік оқу» сабақтарында мұғалім балалардың қаншалықты дұрыс, түсініп (саналы), мәнерлеп, шапшаң оқуларын бақылай отырып, олардың дағдылары мен біліктерінің деңгейін анықтай алады. Сыныптан тыс оқығандары бойынша сұрау, әңгімелесу және өз беттерімен оқығандарынан түсінгендіктерін айтқызу олардың оқуға қаншылқты ынталы екенін, қаншалықты түсінетіндіктерін байқауға болады. Сонымен оқуы төмен балаға оқу талаптарын (ДТМШ) оқу дағдысын қалыптастыру, жетілдіру үшін оны жүйелі түрде есепке алып отыру керек. Мұндай есеп әсіресе 1,2 және 3-сынып оқушыларына керек.
Мұғалім дағды мен білікті есепке алу үшін бөлек дәптер арнайды. Онда әр оқушыға бірнеші жол орын береді де, сыныпта оқыған кезде жіберген кемшіліктерін белгілеп қояды.


Дағдылары мен біліктері толық есепке алатын схемажасауға болады:Мысалы: 1-сынып



Аты-жөні

Қате саны

Оқу тәсілі

1 мин. оқыған сөз саны

Оқы-ғанын түсінеді

Мәнер
лігі

Баға

Әріп-теп

Буын-дап

Буын-дап, созып

Тұтас сөз

Омаров Асан

3

-

-

Иә

-

24

Иә

Нүктеде кідіріс жоқ

3

Сариева Айнұр

-

-

Қиын сөздерді

-

Иә

36

Иә

Тыныс белгілерін сақтайды

5

Хасанов Абай

1

-

Қиын сөздерді

-

-

29

Иә

Нүктеде дауысын бәсеңдетпейді

3

Бастауыш сынып оқушыларының дағды мен біліктерін есепке алу үшін бағдарламалық талаптарға сай, аудандық, қалалық әдістемелік бөлімдердің ұсынған формасы пайдаланылады.


2-сыныптан бастап, іштен оқуға мұқият көңіл аударылады. Іштен шапшаң оқу сағат арқылы тексеріледі.: оқудың басталу уақыты белгіленеді, балалар оқып болғанда қол көтереді, мұғалім ең асығыс оқушылар мен ең жай оқитындарды белгілейді.
Оқу жылының басында және әр тоқсан аяғында оқушының дағдылану дәрежесі тексеріледі. ДТМШ оқуы 1 минутта: 1-сыныпта: 30-35 сөз, 2-сыныпта: 45-55 сөз, 3-сыныпта: 65-75 сөз, 4-сыныпта: 85-95 сөз.
Бұл үшін көлемі қысқа жаңа бір мәтін беріледі.Оны дауыстап оқыту арқылы мұғалім оқудың дұрыстығын, орфоэпиялық норманы сақтау жөнінде кімнің қалай оқығанын белгілеп отырады. Шапшаңдық белгілі бір уақыт мөлшерінде қанша сөз оқығанымен, ал саналылық сұраққа жауап беру сияқты жұмыстармен өлшенеді.
Мәтінді саналы қабылдау арнайы берілетін тапсырмалар арқылы да тексеріледі. Хабарлама сипатындағы мәтін 3 немесе 4 бөлікке бөлінеді де, араластырылады. Оқушы оны оқып, әр бөлікті жүйемен біріктіруі тиіс. Мұны әрі тез, әрі дұрыс орындаған оқушы саналы қабылдауға жақсы дағдыланған болып есептеледі.
Мәнерлеп оқи алмау – саналы оқуға олақтықтан, яғни демді дұрыс ала алмау немесе дикция кемістігі. Ал мәтінді шала ұғынудың өзі түрлі жағдайларға байланысты: ақыл-ой дамуының жеткіліксіздігі, сөздік қордың тапшылығы, оқушының ұқыпсыздығы т.б.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Оқудың қандай түрлері бар, олар қалай іске асады?
2. Оқуда қандай талаптар орындалады?
3. Дұрыс оқу деген не, қалай іске асырылады?
4. Түсініп оқудың маңызын, іске асыру жолдарын айт.
5. Шапшаң оқу не үшін керек?
6. Оқушылар мәнерлеп оқуға қалай дағдыланады?
Тақырып4:Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жасаудың әдебилік және психологиялық-педагогикалық негіздері
Жоспар:
1. Мәтін және оның түрлері.
2. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
Мақсаты: Мәтін, оның түрлері туралы түсінік беру, мәтінмен жұмыс жасаудың әдістемесін меңгерту.

1. Мәтін және оның түрлері.


Мәтін – бірнеше сөйлемдерден құрылған белгілі бір ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтінде оқиға – хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, ал құбылыс – сипатталады, суреттеледі. Ол – өзара байланысқан сөйлемдерден,абзацтардан тұрады. Оған ат қоюға, жоспар құруға болады. Оның басталуы, негізі, соңы болады. Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
Мәтінге әңгіме, өлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады. Мәтіннің мынадай түрлері бар: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет