Бастауыш мектеп оқушыларында оқу тәртібі мына шамада өтіледі:
1. Балаларды оқығанда тыңдауға дайындау. Бұған жататындар балаларды алдын-ала психологиялық тұрғыдан дайындау, естігенін ұғатындай жағдай жасау, оларды ұйымдастыру жағы.
2. Балаларға шығарманы оқу. Оқу кезінде көркем туындының образын нақтылай түсуге немесе қорытындылауға иллюстрация, сурет, диапозитив, кесте тағы осындай көрнекті құралдар қолданылады.
3. Оқылған шығарманы мазмұны бойынша пікір алысу, әңгімелесу. Бұған жататындар балалардың өздерінің пікір айтуы, мұғалімге қоятын сұрақтары, оның қайтаратын жауабы, мазмұндап айтып беруі, оқылған мәтін бойынша балалардың шығармашылық жұмыстары (сурет, бейне, жабыстыру, әңгіменің аяғын жалғастыру т.б.).
4. Көркем шығармада суреттелген өмір шындығының елесі жайлы балалардың түсінігін қорытындылау. Қорытындыны оқылған әңгіме, өлең бойынша мұғалімнің қойылған сұрағына балалардың жауап берулері немесе тақырыпты аша түсу үшін мұғалімнің толықтыру әңгімесі арқылы жасауға да болады.
Шапшаң оқу. Шапшаң оқуға үйрету сауат ашудың әліппе сатысының соңына таман жүргізіле бастайды. Дұрыс оқуға төселген бала біртіндеп шапшаңдықты қосып отыруы керек.
Шапшаң оқу – оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу. Мәтінді тым баяу оқыған оқушы мәтін мазмұнын түсінбек түгіл, бір сөйлемде не туралы айтылғанын да аңғара алмай қалады. Сондықтан оқушыдан мәтінді белгілі бір түсінетіндей шапшаңдықта оқуды талап ету қажет. Шапшаң оқу – қалай болса, солай тез оқу деген сөз емес. Яғни, шапшаң оқу – түсініп, мәнерлеп оқу. Сондықтан да оқу бағдарламасында оқушылардың оқу шапшаңдығына, икемділігіне қойылатын талаптың бірі – оқушылардың 1 минутта оқу жылдамдығының сөз санымен берілуі. Мысалы: 1-сыныпта – 15-20 сөз, 2-сыныпта – 25-30 сөз, 3-сыныпта – 60-75 сөз, 4-сыныпта – 80-90 сөз.
Шапшаң оқу баланың нерв жүйесінің типологиясына байналысты. Нерв жүйесі күшті типті балалар мейлінше тез оқитындықтан олардың 1 минутга оқыған сөз саны әлсіз типті нерв жүйесі балаға қарағанда әлдеқайда көп болады. Минутына сөзді санына қарай ең көп оқитын холерик темпераментті (күшті тип) оқушы, онан гөрі қайтыстау оқитын сангвиник темпераментті (күшті тип) оқушы, ең баяу оқитын флегматик темпераментті (күшті тип) оқушы, ал ең баяу меланхолик темпераментті (әлсіз тип) оқушылар.
Бастауыш сынып оқушыларының оқуына жалпы мынадай талаптар қойылады:
Сынып
|
Оқу техникасы
|
Біліктерге қойылатын талаптар
|
1-сынып
|
Тыныс белгілерін, кідірісті сақтау, дұрыс оқу.
|
Дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу, минутына 20-40 сөз оқу. Қиын сөздерді буындап оқу. Оқыған мәтін бойынша қойылған сұраққа жауап бере білу; мәтінді бөліктерге бөлу; мұғалімнің көмегімен оқығандарының негізгі ойын анықтау; оқыған әңгімелерінің суретті жоспарын жасау.
|
2-сынып
|
Бөлімдердің ара жігін ажыратып, кідіріс жасап, дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу.
|
Дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу, минутына 50-60 сөз. Оқығандарына өз көзқарастарын білдіре оқу. Шагын мэтіндерді оқулықтағы сүрақтар бойынша немссе мүғалімнің берген жоспары арқылы әңгімелеп беру. Оқығандарының жай жоспарын жасай білу.
|
3-сынып
|
Дауыс кідірісін ырғағын дұрыс сақтап оқу, эмоциялық бояуларды байқау.
|
Дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу. Минутына 60-80 сөз. Мәнерлеп оқуға өз беттерімен дайындалу. Мәтіндерді бөлімдерге бөлу, әрбір бөлімдегі негізгі ойды табу, мәтіннің жоспарын жасау.
|
4-сынып
|
Мәтіннің мағынасына қарай дауыс ырғағын құбылтып, кідірісті дұрыс сақтап оқыту.
|
Дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу. Әңгімедегі уақиғаның жүру ретін анықтау, мәтінді мағынасы жағынан аяқталған ойды білдіруіне қарай, бөлімдерге болу; әрбір бөлімдегі және тұтас мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Минутына 80-100 сөз оқу. Оқығандарының күрделі жоспарын жасау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |