Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Культура тығыздығына тәуелді басқару (контактты тежелу)



Pdf көрінісі
бет17/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

2.1.4 Культура тығыздығына тәуелді басқару (контактты тежелу). 
 
Культурадағы бірінші реттік жасушалар контактты тежелу құбылысына 
душар болуы мүмкін. Көбінесе толықтай моноқабат түзілгеннен кейін 
жасушалар өздерінің бөлінуін тоқтатады. Қалыпты жағдайда жасушалар 
біраз уақыт бойы тыныштық күйінде өздерінің өміршеңдігін сақтай алады. 
Жасушалардың 
соңғы 
тығыздығы 
қоректік 
ортадағы 
сарысудың
концентрациясына және бекіну бетінің ауданына тәуелді болып келеді. 
Контактты тежелген жасушалары культурасына сарысуды қосу ДНҚ синтезін 
ынталандырып, бөліну үрдісінің жаңаруына әкелетіні көрсетілді. 


32
Жасушалық моноқабаттың өсуі кезінде төмендегідей өзгерістер 
байқалады: 

Жасушалар 
жайылмай, 
жинақылығы 
артады, 
мұның 
өзі 
жасушалардың қоректік ортаға қарап тұратын бетінің ауданының 
азаюына әкеледі; 

Қоректік ортада қоректік заттар мен басқа да компоненттерінің 
мөлшері кемиді, әсіресе, жасушаларға жанасар зонада. 
Тығыз трансформацияланбаған жасушалар моноқабатынан қабаттың біраз 
мөлшерін алып тастаған кезде, осы «жараның» қоректік ортаға жанасатын 
жерінде ДНҚ синтезі мен бөліну үрдісі ынталандырылады. Нәтижесінде жаңа 
жасушалар «жараның» орынын басады.
8 сурет. Моноқабатты жаралағаннан кейін жүретін жаңа бөліну үрдісі. 
Қоректік ортаның құрамына кіретін сарысудан контактты тежелуді жоятын 
бірнеше фактор бөліп алынды. Ісік жасушаларының контактты тежелуі әлсіз 
болып келеді, олар ыдыстың бетін толығымен басқаннан кейін де 
мультиқабат түзе отырып өсуді жалғастырады.
9 сурет. Ісік жасушаларының мультиқабат түзе отырып өсуі. 


33
Келесі микрофотографияда (скандаушы электронды микроскоп) А431 
жасушалар линиясы көрсетілген: 
Суретте жасушалардың бір 
қабатының екінші қабат тәрізді 
«мінгесіп» өсуі және 
вирустармен 
трансформацияланған 
жасушалар көрсетілген. 
Ретровируспен in vitro
трансформацияланған (Раус саркомасы) және онкогенінде температураға 
сезімталдық мутациясы бар жасушалар. 
10 сурет. Адамның эпидермалды карциномасы. 
11 сурет. Трансформацияланған жасушалардың дөңгелек тәрізді формасы 
(34
о
С). 
12 сурет. Осы жасушалар онкоген өнімінің температураны жоғарылату 
арқылы белсенділігінен айырған кезде қалыпты морфологиясына оралуы 
(39
о
С). 


34
Осы жасушалар өздерінің тығыздыққа тәуелді басқару қызметін 
жоғалтады деп есептеледі.
Трансформацияланған 
жасушалар 
трансформацияланбаған 
жасушалармен салыстырғанда қоректік ортаның құрамындағы заттар 
сарқылғанша өсе беруге қабілетті. 
Қалыпты жасушалардың өсіру кезіндегі ісіктәрізді вирустармен 
трасформацияланған кезде жиі кездесетін кейбір аномалиялар: 
1. Плазмалық мембранамен байланысты өзгерістер: 
- Метаболиттер транспортының күшеюі; 
- Плазмалық мембранада түзілетін көпіршіктер; 
2. Бекінумен байланысты аномиаоиялар: 
-актин филаменттерінің үлкен шоғыплар түзуге қабілеттілігін 
жоғалтуы; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет