Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия



Pdf көрінісі
бет8/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

 
 
Сурет 3. Еркек (сперматогенез) және ұрғашы (оогенез) жыныс 
жасушалары дамуының салыстырмалы сызбанұсқасы. 


16
 
Центриоль сперматозоид мойынына еніп, оның өстік (осьтік) бөлігін 
спрематозоид басының ядросымен байланыстырады. Центриольдердің екі 
түрі: проксимальды және дистальды болады. Митохондриялар мойын 
аймағында орам тәрізді орналасатын кешен түзсе, Гольджи аппаратының 
элементтері – акросома немесе перфораторийді түзеді. Сперматозоидтың 
цитоплазмасы жұқа қабықша түрінде болады.
Сперматозоидтың химиялық құрамы хромосомаға ұқсас болып келеді
алайда 
хромосомадағы 
гистондар 
сперматозоидта 
протаминдермен 
алмастырылған. Сперматозоид ядросында хромосома гаплоидты жиынтыққа 
ие болғандықтан, мұнда диплоидты жасуша ядросымен салыстырғанда ДНҚ-
ның мөлшері екі есе кем болады. Жануарлардың әртүрлі түрлеріндегі және 
әртүрлі жасушаларындағы диплоидты ядродағы ДНҚ мөлшері орта есеппен 
2,01∙10 
-12 
-ден 7,33∙10 
-12
-ге дейін болады.
Электронды 
микроскоп 
көмегімен 
сперматозоид 
ядросы 
дезоксирибонуклеопротеид молекулаларының параллель орналасуына 
байланысты кристаллдық құрылымға ие екені анықталды. Бұл қасиет 
сперматозоид организмнен тыс жағдайда әр түрлі сыртқы әсерлерге сезімтал 
болғандықтан, еркек дарақ генін сақтау және тасымалдау үрдістерінің 
бейімделушілік әрекеті деген болжам бар. Расында да, соңғы уақытта 
жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жетілмеген жыныс жасушалары мен 
сперматидтердің жетілген сперматозоидтармен салыстырғанда сыртқы орта 
жағдайларына, соның ішінде иондаушы сәулеге сезімталдығының жоғарырақ 
екені анықталды.
Өзінің морфологиясы бойынша сперматозоидтар алуан түрлі болып 
келеді және әр биологиялық түрге сперматозоидтың өзіндік түрі тән болып 
келеді. Мысалы, жуырда Дж.Тейлор фвторадиографиялық әдістің көмегімен 
Romalia microptera шегірткесінің басы созылыңқы келген сперматозоидында 
хромосомалар бір хромосома секілденіп, бірінен соң бірі тізбек түрінде 
орналасқанын көрсеткен. Әр биологиялық түрге тән сперматозоидтың 
морфологиялық ерекшелігі, олардың жыныстарының оқшаулануына және 
биологиялық түрлердің араласпауын қамтамасыз етеді.


17
Сурет 4. Сүтқоректілер сперматозоидының құрылысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет