13
кезеңі аяқталған соң, жасушалар бөлінуді
тоқтатып әрі қарай тіршілік
барысында өз қызметін атқарады. Ми жасушалары эпидермис, тоқ ішек
эпителийлері сияқты басқа жасушалар
өздерінің арнайы функциясы
барысында тез тіршілігін жояды. Сондықтан да бұл ұлпаларда үздіксіз
жасушалық көбею үрдістері жүріп отырады. Жасушалардың бөлінуге
дайындық кезеңінде, сонымен катар митоз
барысында бірінен соң бірі
жүретін және өзара байланысты процестер жиынтығын митоздық цикл деп
атайды, ол тіршілік циклінің бір бөлігін құрайды.
Сурет 1. Өсіп жатырған жасушалар шамамен 24 сағатта бір рет бөлінеді.
Сурет 2. Культурадағы бөлініп жатырған жануар жасушалары.
Шектеуші факторлар болмаған жағдайда жасушалар жасушалар
циклында біркелкі орналасып және жасушалар
саны уақыт аралықтарында
дұрыс бөлініп отырса, онда культура өсудің экспоненциалды сатысында
деген сөз (2). Әдетте, экспоненциалды өсуден
кейін белгілі бір фактор
лимиттеуіші бола бастайды. Бұл жағдай белгілі бір фактордың сарқылуынан
немесе жасушалар өздері өсіп жатырған ыдыстың бетін түгелдей басып
өсуінен болады. Ол кезде өсу жылдамдығы кеміп, культурадағы жасушалар
санының шарықтау шегіне жетуі болады (жасушалардың соңғы тығыздығы).
Жасушалардың одан кейінгі
бөлінуі аяқталған кезде, култьтураның
стационарлы өсу сатысы басталады(3).
14
Культурадағы лимиттеуші факторды қалпына келтіргеннен кейін
жасушалар G
1
фазасына қайта оралады да, ДНҚ синтезі жүзеге асады, одан
соң жасуша бөлінеді. Өсуді басқару типтерін түсіндіретінбірнеше теория бар,
бірақ олар «жасушалар бөлінген бойда болатын бір сатыда реттеледі» деген
бір ғана болжауға негізделген. Осы сатыдан өткеннен кейін жасушалар
жасушалық циклға еніп, бөлінуге кіріседі. Жануарлар жасушаларының басым
бөлігінде митоздан кейін олар жасушалық цикл бойынша бөлініп –
өсуді
тоқтатуды бақылайтын механизмі бар. Демек, бірінші реттік культураны
ынталандыру үшін жасушалар бөліну фазасына жетпестен бұрын өсуді
шектеуші заттарды жою қажет. Кейбір жылдам өсетін ісік жасушалары өсуді
бақылауға
сезімталдығын тех жоғалтып, культуралдық жағдайда өсуге тез
бейімделіп, қалыпты ұлпа жасушаларымен салыстырғанда культурада өте
жоғары тығыздыққа дейін өсе алады.
Достарыңызбен бөлісу: