1.12.3 Ағаш түрлерінің өзара қатынасы. В.Н.Сукачев өсiмдiктердiң өзара қатынасының үш түрiн (жанасу арқылы ─ контактылы, трансабиотикалық және трансбиотикалық) бөлдi, олар орманда да байқалады.
Жанасу арқылы (контактылы) өзара қатынастар, көбінесе, өсiмдiктердiң бiр-бiрiне механикалық әсерiмен (ағаш желектерінің жел кезінде бір-біріне соқтығысуы, жемiстер мен тұқымдардың кеш пісуi, тамырлардың жанасуы) байланысты.
Трансабиотикалық өзара қатынасқа тiршiлiк жағдайлары үшiн бәсекелестiктi, тiршiлiк кезiндегi бөлiнетiн заттарды, өсiмдiктердiң өлi қалдықтарын, өсiмдiк ортасын құруға қатысуды жатқызады.
Түрлердiң трансбиотикалық әсерi басқа организмдер (түйнек бактериялары, микориздер) қатынасы арқылы байқалады.
1.12.4 Таза және аралас алқа ағаштардың құрылу жағдайлары. Кез келген сүрекдіңдер дарақтар мен түрлердiң кездейсоқ жиынтығы емес, қайта барлық жағынан олардың заңды таңдауы және өсiмдiк топтарының бiрiгуi болып табылады. Барлық сүрекдің өсiмдiктер мен ортаның, жеке дарақтар, түрлер мен түр топтарының өзара күрделi әсерi ету жағдайларында, өсiмдiктердің көбеюi нәтижесiнде пайда болады және қалыптасады.
Табиғатта таза және аралас сүрекдiңдердiң құрылуы мен олардың аумақта таралуы көптеген себептерге байланысты. Қолайлы климат және топырақ жағдайларында, әдетте, көп мөлшерде ағаштар өсiп-өнедi және аралас сүрекдiңдер пайда болады, қолайсыз жағдайларда таза орман қалыптасады.
1.12.5 Таза сүрекдiңдер.Таза сүрекдiң дегеніміз – ағаштың бір түрінен құралған алқа ағаштар. Таза сүрекдiң тiршiлiгiнiң биологиялық ұғымы –түрiнiң сақталуында, оның басқа түрлермен күресiнiң жеңiлдеуiнде және сыртқы ортаның қолайсыз әсерiнде болып табылады. Бiрақ, бұл сүрекдiң тiршiлiгiнiң әр түрлi кезеңдерде «түрдiң гүлденуiн» көрсетпейдi және түр iшiндегi күрестi жоққа шығармайды. Мысалы, жер асты сулары терең жатқан, босаң құмдарда таза қарағай алқа ағаштарының құрылуы қарағайдың осы жағдайларда «гүлденуiн» куәландырмайды.
Таза қарағай сүрекдiңiнiң құрылуы мен тiршiлiк етуiнiң ең алғашқы кезеңдерінде түрдi сақтау үшiн күресі өркендердің шөптесін өсiмдiктермен бәсекелесiнде көрiнедi. Кейінірек сырық ағаш шағында ағаштар арасындағы күрес күшейе түседi, бiрақ, ол түрдiң қуруына әкелiп соқпайды және сүрекдiңнiң қалыптасу процесі алқа ағаштың толысқан жасына дейін жалғасады. Яғни, орман шымылдығы астында қарағайдың табиғи жаңару мүмкiндiгiн жоққа шығармай, бiрыңғай сүрекдiңнiң табиғатта қалыптасуының нығайып отыруымен сипатталмайды және ол әр уақытта гүлденiп отырмайды. Таза сүрекдiңнің қалыптасуы белгiлi экономикалық пайда беруi мүмкiн, дегенмен, мұнда алқа ағаштардың бiраз кемшiлiктерi (ағаштар арасында ылғал мен қоректік заттар үшін бәсекенің артуы) еске алынуы керек .