Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Жемiс беруді есепке алу әдiстерi



бет44/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

1.11.2 Жемiс беруді есепке алу әдiстерi. Ағаштар мен сүрекдiңдердiң жемiс беруін зерттеу және есепке алу үшiн мынандай әдiстердi қолданады:
1. фенологиялық әдіс (В.Г.Каппер шкаласы бойынша көз мөлшерімен жеміс түсiміне баға берiледi);
2. модельді ағаштар әдісі (кесілген ағаштардың жемістері есепке алынады);
3. бақылау алаңдары әдісі (орман шымылдығы астындағы есеп алаңшаларындағы жерге түскен емен жаңғақтарын, тұқымдарын есепке алу);
4. тұқым өлшеу әдісі (жерге түскен қарағай, шырша, қайың т.б. тұқымдарын санау);
5. биологиялық әдіс (бұтақтарда қалған, жерге түскен жемiс iздерi арқылы санау);
6. биологиялық-есеп әдісі (ғылыми мақсатта жүргізіледі);
7. көз мөлшерiмен есептеу әдісі (өндiрiс мақсатында жүргізіледі);
8. өскiн мөлшерi және жасы бойынша өткен жылдар түсiмiн анықтау әдісі.
Ағаш түрлерінің жемiс салуын күшейтудің қазiргi әдiстерi үш топқа бөлiнедi. Бұл әдiстер мыналармен байланыстырылады:
1. ағаштардың зат алмасуының бұзылуы (діңдері мен бұтақтарын сақиналау, желектерін қию, ағаш діңіне глюкозаны енгізу, фитогормонмен өңдеу);
2. селекциялау және будандастыру (аналық ағаштарды таңдау, вегетациялық будандастыру, қосымша тозаңдату);
3. ағаштардың өсiп-өну ортасының өзгеруi (сүрекдіңдерді сирету, органикалық пен минералдық тыңайтқыштарды енгізу, топырақты жақсартатын ағаш пен бұта түрлерін отырғызу, топырақты қопсыту).
1.11.3 Орманның тұқыммен жаңаруына әсер ететiн факторлар. Орман қордасы оның қалыңдығына, тығыздығына, құрамына, шiру және топырақты жабу дәрежесiне қарай тұқымдардың өсiп-өнуiне және өскіндердің тамырлануына елеулi әсер етедi.
Өскiннiң өсу және даму табыстылығы едәуiр мөлшерде шөп және бұта жамылғысына, сондай-ақ, ағаш түрлерінің биологиялық ерекшелiктерiне, олардың арақатынастарына, биотикалық және абиотикалық себептерге байланысты болады.
Бiр климаттық орман-өсiмдiк аймағы шегiнде өскiннiң өсiп, дамуына топырақтың құнарлылығы мен ылғалдылығы, температура жағдайы, жарықтың түсуі, жауын-шашынның мөлшерi мен жиiлiгi, сондай-ақ, физиологиялық, биофизикалық, биохимиялық және механикалық жағдайлары көп әсер етедi.
Орман шымылдығы астындағы өскiннiң саны мен сапасы сүрекдiң жасына, тегiне, құрамына, пішініне, өнiмдiлiгi мен түйісуіне, орман мен орман-өсiмдiк жағдайы түрiне, аналық сүрекдiң тегiне, құрамына, жасына, орман қабырғасының және кесiлген жердiң жарыққа бағытталуы мен қашықтығына байланысты болады.
Орманның жаңаруына үсiк пен күннің ыстығы, топырақтың шектен тыс құрғауы мен артық ылғалдылығы, тығыздануы мен шайылуы, оның шымдануы, зиянкестермен, аурулармен, жануарлармен зақымдануы терiс әсерiн тигiзедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет