Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет53/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008


2 БӨЛІМ. ОРМАНШЫЛЫҚ




2.1 БАСТЫ МАҚСАТҚА ПАЙДАЛАНУ КЕСУЛЕРI


2.1.1 Басты мақсатқа пайдалану кесу жүйелерi. Кесулер жүйесi дегеніміз – ұйымдастырушылық-техникалық көрсеткiштерi мен олардың орманның жаңаруына ықпал ету ерекшелiктерi бойынша өзара бір-біріне жақын кесу тәсiлдерi деп түсiну қажет.
Басты мақсатқа пайдалану кесулерi жүйелерiн былайша ажыратады: пісіп жетілген сүрекдіңдерді iрiктеп, жаппай және бiртiндеп кесулер.
Iрiктеп кесубасты мақсатқа пайдалану кесуi, ол арқылы ағаштардың белгiлi жастағы, мөлшердегi, сападағы немесе жағдайдағы бөлiгiн кезеңді кесіп алып отырады. Iрiктеп кескенде орманның негiзгi элементтерi тұрақты сақталады. Мұндай кесу әр түрлi жастағы сүрекдіңдерде жүргiзiледi.
Жаппай кесу – басты мақсатқа пайдалану кесуi, ол арқылы кесілетін ормандағы барлық сүрекдiң қысқа мезгiлде бiр тәсiлмен кесiлiп тасталады.
Бiртiндеп кесу – басты мақсатқа пайдалану кесуi, ол арқылы толысқан (пісіп жетiлген) сүрекдiң бiрнеше мезгiлде бiр немесе екi сынып (класс) жасында кесiлiп тасталады. Бiркелкi жастағы алқа ағаштарда жүргiзiледi. Кейде бұл жүйелер орманды қалпына келтiру кесулерi деп аталады.
2.1.2 Басты мақсатқа пайдалану кесулерiнiң негiзгi мiндеттерi. Оған мыналар жатады:
1) ормандардың су күзету, топырақ қорғау, санитарлық-гигиеналық, рекреациялық және басқа қасиеттерiн арттыруға жағдай жасау;
2) қорғаныш қызметiн жоғалта бастаған алқа ағаштарды бiртiндеп осындай орман құрамындағы жас сүрекдiңдермен ауыстыруды қамтамасыз ету;
3) жетiлген сүрек қорын уақытында олардың техникалық сапасын жоғалтпай, пайдалану қажеттiгiн есептеу;
4) орман сүрегiн тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету;
5) кесiлген жерлерде шаруашылық тұрғыдан бағалы ағаш түрлерінен құралған алқа ағаштарды уақытында құруға және олардың өнiмдiлiгiн арттыруға ықпал ету;
6) орман ағаштарын дайындау және орман шаруашылығының өндiрiстiк қуаттарын тиiмдi қолдану мен кесiлген жерлерді орманды басты ағаш түрлерімен қалпына келтiрудi есептей отырып, ормандардың пайдаға асыру (эксплуатациялық) қорын оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет