Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Ауысуларды жіктеу (классификация)



бет51/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

1.13.2 Ауысуларды жіктеу (классификация). Алғаш рет ауысуларды жіктеуді 1915 жылы В.Н.Сукачев ұсынды. 1954 жылы вариант арқылы ол ауысулардың мынандай бөлiктерiн ажыратты:
Сингенетикалық ауысу ─ өсiмдiктердiң көбеюi мен қайта қоныстандыру нәтижесi, байырғы қауымдастықтың орнына басқасы (сингенез) пайда болады.
Эндоэкогенетикалық ауысу ─ өсiмдiк қауымдастығының (фитоценоздың) ортасы мен оның өсу орны экологиялық жағдайының өзгеру нәтижесi.
Гологенетикалық ауысу – белгілі бір биогеоценоз құрамына кіретін ірі бірліктерінің өзгеруінен болады.
Экзоэкогенетикалық ауысу – сыртқы себептерден пайда болған экологиялық жағдайлардың өзгеру әсерінен туындайды. Ол климат-, эдафо-, пиро-, зоо-, антропогендiк ауысулар деп бөлінеді.
Филоценогенетикалық ауысу – өсімдік ассоциацияларының геологиялық ұзақ уақытта бiртiндеп және үздiксiз дамуы, яғни өсімдік түрлерінің эволюциялық өзгеру нәтижесі.
В.Н.Сукачев ауысу жіктеулерін (классификацияларын), олардың қарқыны бойынша бөлген:
1) апаттық (кездейсоқ);
2) қысқа уақыттық – бiршама тез өтедi (орманның бiр ұрпағы кезеңiнде) және тiкелей бақылауға болады;
3) ұзаққа созылатын ауысу – ондаған және жүздеген жылдар қажет;
4) ғасырлық ─ өте баяу өтеді, жүздеген, мыңдаған жылдар бойы (ортаның iрi өзгерiстерiне байланысты) жүредi, үлкен аумақтарда орын алады және тiкелей бақылау мүмкін емес.
1961 жылы П.Д.Ярошенко ағаш түрлері ауысуларының бiршама басқа жіктеуін ұсынды. Ол былай ажыратты:
1) жалпы ауысулар – олар көптеген өсiмдiк қауымдастығының санынан құралған өсiмдiк аймағы немесе облысында орын алады;
2) жеке ауысулар – жалпы ауысулардан тәуелсiз өтедi және жекелеген өсiмдiк қауымдастықтарында жүзеге асады;
3) өсiмдiк қауымдастықтарының дамуы (эволюциясы) – филоценогенездің синонимi.
Әрбiр өсiмдiк қауымдастығына ағаш түрлерінің өзгергiштiгi мен ауысуы ғана емес, сондай-ақ, орнықтылық та тән, яғни, оның бiршама қысқа, не ұзақ уақыт сақталу қабiлетi.
Орнықтылық дәрежесi бойынша өсiмдiк қауымдастықтарын үш топқа бөледі: аса орнықты, ұзақ уақыттық және қысқа уақыттық түрлер. Көбінесе шыршаны, қарағайды және емендi жұмсақ жапырақты ағаш түрлері, емендi өз серiктестерi, қарағайды емен, емен мен қарағайды шырша ауыстырады.


Сұрақтар

1. Ауысу немесе сукцессия деген не?


2. Ағаш түрлерінің ауысуына қандай себептер әсер етеді?
3. Ағаш түрлерінің ауысу себептерін сипаттап беріңіз.
4. Ағаш түрлерінің ауысу себептерінің бірі - «қорек үшiн күрес» жайында түсіндіріп беріңіз.
5.. Ормандағы ағаш түрлерінің ауысуы дегеніміз не және оны қандай ғалымдар зерттеген?
6. В.Н.Сукачевтің ағаш түрлерінің ауысуын қанша топқа жіктеген?
5. В. Н. Сукачевтың фитоценоздар ауысуын жіктеуінің мәні неде?
6. Сингенетикалық, эндоэкогенетикалық және галогенетикалық ауысу туралы сипаттаңыз.
7. Ағаш түрлерінің ауысу себептерінің қарқыны бойынша қалай жіктеледі?
8. П.Д.Ярошенконың ағаш түрлерінің ауысуын қалай жіктеген?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет