Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет43/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

1.11 ОРМАННЫҢ ЖАҢАРУЫ
1.11.1 Орманның тұқыммен жаңаруы. Орманның жаңаруы – бұл орманның негiзгi бөлiгi – сүректi өсiмдiктiң қалпына келуi, содан кейін оның басқа да сипат белгiлерiне: топырақ жамылғысы, ормандағы өсімдік қалдықтары, орман астары, бактериялық флора және т.б. жатады.
Орманның табиғи жаңаруы деп – табиғи жолмен орманның жаңа ұрпағының биологиялық-экологиялық процесінің пайда болуын айтады. Ол орман шымылдығында және ағаш кесiлген жерлерде (өртеңдер, бос жерлер, ашық алаңдар) жүзеге асады.
Орман жас ұрпағының тұқымнан қайта түлеуiн тұқымдық жаңару деп атайды. Тұқыммен жаңару – қылқан жапырақты ағаш түрлерінің орманын қалпына келтiрудiң жалғыз тәсiлi.
Пайда болу уақыты бойынша орманның жаңаруы былай бөлiнедi: алғашқы жаңару ─ бұл орман шымылдығында, оны кесуге дейiн пайда болады; iлеспелi жаңару – ол орман шымылдығында, бiртiндеп және таңдап кесулер нәтижесiнде құралады; кейінгі жаңару – бұл сүрекдiңдi кесіп тастаған соң, кеспеағаштарда пайда болады.
Тұқыммен табиғи жаңару табыстылығы ─ өнгіш тұқымның қажетті мөлшерiнiң болуына, тұқымның өсiп-өнуiне қолайлы жағдайларға, тамырлануы мен онан әрi дамуына байланысты болады.
Гүлдеу, тұқымның пісіп жетілуі мен жерге түсу уақыты ормандағы ағаш түрлерінің биологиялық ерекшелiктерiне, сондай-ақ, өсiп-өну мекенiне, климат пен топырақ жағдайларына және сүрекдiң сипатына тікелей байланысты.
Әр ағаш түрлерінің мол жемiс салу жылдары (тұқымды жылдары) бiрқалыпты болмайды, бiрдей ағаш түрлерінде олардың қайталануы климаттық және топырақ жағдайларына, сүрекдiң ерекшелiктерiне байланысты өзгеріп отырады. Ормандағы ағаштар желегінің даму дәрежесi мен бiтiмi ағаш тұқымдарының түсiмiне әсер етедi. Орман шаруашылығы тәжірибесінде тұқымды жылдардың қайталану жиiлiгiн, тұқым түсiмiнiң мөлшерi мен сапасын бiлу өте маңызды.
Тұқым беру аралығындағы кезеңдi қысқартудың көптеген тәсiлдерi белгiлi, оның ішінде орман шаруашылығы тәжiрибесiнде сүрекдiңдердi сирету, тыңайтқыштар енгiзу, топырақты қопсыту және көпжылдық шөптердi орман тұқымдық учаскелер мен плантациялар қатары аралығына себу сияқтылар кең қолданыс тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет