1.12.1 Орманның қалыптасу кезеңдері. Орман алқа ағаштарының қалыптасуын бiрнеше сипатты кезеңдерге бөлуге болады.
Жаңару кезеңі немесе сүректi өсiмдiктердiң жеке тiршiлiк шағы, оған тұқымның пайда болғанынан бастап, жас ағаштар желектерінің түйісуіне дейінгi кезең кiредi. Өсiмдiктер қауымдастығында өсiмдiктердiң түр аралық бәсекелестiгi басым келедi.
Сүректi өсiмдiктердiң балауса шағы орнықты және мол жемiс салуы басталғанға дейiн созылады. Бұл кезеңде жас ағаштар биiктiгiнiң және сүрекдiңдердiң ағымдық өсiмiнiң қарқынды өсуi байқалады. Түрлер iшiндегi бәсекелестiк пен қарым-қатынас маңызды рөл атқарады, соның салдарынан ағаштар мөлшері бойынша бөлiнуi күшейедi, сүрекдiңдердiң басым және бағыныңқы бөлiктерге жiктелуi байқалады.
Жоғарғы орман шымылдығының шамадан тыс түйісуі шөптесін өсiмдiктердiң жойылуына алып келедi және ол бiртiндеп мүк жамылғысымен ауысуы мүмкiн.
Ағаштардың аудандар бойынша таралуы кездейсоқтыққа жақындатады.
Кемелденген шақ– биологиялық энергия мен заттар айналымының тұрақтануымен сипатталады. Сүрекдіңдердегі орташа өсiм мен қурау шығыны біртіндеп тежеле бастайды. Ағаштардың жiктелу процесі мен дiңдердiң бұтақтардан тазаруы аяқталады. Түр құрамы бойынша орман шымылдығы астында орнықты тiрi топырақтың жамылғысы мен орман астары қалыптасады.
Сүрекдіңнің қартаю шағы – оның биiктiкке өсуiнiң тоқтауымен сипатталады. Iрi ағаштардың жойылуы әсерінен және олардың дiң шiрiктерiнен және зиянкестерiнен зақымдануынан сүрекдiңдердiң орташа биiктiгi төмендеуi мүмкiн.
Қурап құлау кездейсоқ, жүйесiз сипат алады. Оның мөлшері тірі ағаштар өсiмiнен басым түседi. Әдетте, ағаш түрінің алмасуы мен ағаштар ұрпағының ауысуы жиi байқалады. Ескi сүрекдiңдердiң толық жойылуы сыртқы себептердің ─ өрттің, жел сұламасының әсерінен болады. Жасанды, қолдан өсірілген ормандар бұрынырақ және жылдам қурай бастайды.
1.12.2 Сүрекдiңдер құрамы мен құрылымы.Сүрекдiңдердiң аумақта орналасуы, олардың құрамы мен құрылымы түрлi себептерге және бiрiншi кезекте, жағрапиялық жағдайларға, ағаш түрлерінің биологиялық және экологиялық ерекшелiктерiне, адам қызметiне және сыртқы орта факторларына тікелей байланысты. Өсiмдiк қауымдастықтарын мақсатты түрде өзгерту, жақсарту осы аталған себептердi немесе әрбір жеке жағдайда оларды ескергенде және тиiмдi әсер еткенде ғана сақтау мүмкiн болады. Биологиялық орнықты және шаруашылық тұрғыдан бағалы алқа ағаштар қалыптастыру қажет.