Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет62/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

2.3 КЕСІЛГЕН ОРМАНДЫ ТАЗАЛАУ


Кесілген орманды тазалау – ағаш кесу жұмыстарының соңғы кезеңi. Оған кесу қалдықтарын шығару немесе оларды орманның табиғи немесе жасанды қайта жаңаруын қамтамасыз ететiндей жағдайға келтiру, ормандардың санитарлық жағдайын жақсарту, өрт қауiптiлiгiн төмендету, ағаш дайындау және орманды қалпына келтiру жұмыстарының еңбек өнiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн арттыру, орманның топырақ қорғау және су реттеу қызметiн сақтау, ағаш дайындау қалдықтарын пайдалану кiредi.
Жоғарыда аталған мiндеттердi орындау үшiн тазалаудың үш тәсiлi: отсыз, отты және құрама тәсілдер қолданылады.
Тазалау тәсiлдерi мен техникасы орман-өсiмдiк жағдайларына, орман типтерiне және санаттарына қарай өзгерiп отырады.
Отсыз тазалау тәсiлі iрiктеп, бiртiндеп, құрама кесулерде және кесілген орманның табиғи өсiп-өнуі ескерілген күтiп-баптау кесулерiнде тиiмдi және оған үш вариант кiредi:
1) кесілген орман аумағына кесу қалдықтарын бiркелкi шашып тастау;
2) кесу қалдықтарын технологиялық жаңқаға өңдеу немесе отын ретiнде пайдалану үшiн жинап қою;
3) шiру үшiн кесу қалдықтарын үйiндiлерге жинау.
Отты тазалау тәсілінде екi вариант қарастырылады: алдын-ала үйiндiге жиналған кесу қалдықтарын жағу және жаппай өртеу.
Ағашы кесiлген жерлердi жаппай өртеу тәсiлiнiң көптеген кемшiлiктерi бар, сондықтан оған кейiнгi уақытта тыйым салынған.
Үйiндiге жиналған кесу қалдықтарын жағу арқылы жасалатын тәсiл ағаш түрлерімен бәсекелес тірі жер жамылғысын жояды және топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерiне және микробиологиясына әсер етедi.
Топырақтың осы қасиеттерiне отты тазалаудың әсер ету дәрежесi жалын күшiне және жану ұзақтығына байланысты, әр түрлi топырақтарда бiрдей жалын мөлшерiнiң әсерi әрқилы болады.
Отты тазалау топырақтың химиялық құрамына және микробиологиясына әсерi топырақ негiздерi дәрежесiнiң төмендеуiне, сол арқылы кальций құрамының артуына және топырақ бактерияларының тiршiлiк қызметiнiң жандануына әкелiп соғады.
Кесу қалдықтарын жағуға қолайлы кезең – күз бен қыс айлары болып табылады. Келесi жылдың көктемiнде қысқы немесе күзгi кесулердiң қалдықтарын отты тазалау арқылы орманның табиғи жаңаруын тежейтiн өсімдіктерді жоюда жақсы нәтиже бередi.
Кесу қалдықтарын жаз кезінде жаққанда, өрттің қауіп-қатерін арттырады және жерге түскен тұқымдардың көп бөлігін жойып жібереді. Кесу қалдықтарын жағудың аса қауiпсiз уақыты қыс кезеңi болып табылады.
Ағаш қалдықтарының көп жиналуы және оларды үйiндiлерге жинап жағу көп еңбектi қажет ететiндiктен, кейде барлық қалдықтарды жаппай жағуға мәжбүр етедi. Бұл тәсiл кесілген орманда өскiндер бар кезде қолдануға тиiмсiз.
Құрама тәсілді 1933 жылы И.С.Мелехов ұсынған. Кесілген орманды тазалаудың құрама тәсілі – отты және отсыз тәсілдердің үйлестiрiлуi болып табылады.


Сұрақтар

1. Кесілген орманды тазалау мақсаттары мен міндеттері қандай?


2. Кесілген ормандағы үйілген қалдықтарды отпен тазалау артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.
3. Кесілген орманды отсыз тазалау түрлерін сипаттаңыз.
4. Кесілген орманды тазалаудың құрама тәсілінің мәні мен ерекшеліктері қандай?
5. Кесілген орманды отпен тазалау әсері мен оны орындау мерзімдері қандай?
6. Кесілген орманды тазалау тәсілдерін сипаттаңыз.
7. Кесілген орманды отсыз тазалау артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
8. Отты тазалау тәсілінде қанша вариант қарастырылған және оларды сипаттап беріңіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет