1.1.6 Ағаштардың шаруашылық және сапалық санаттары (категориялары). Орманда ағаштардың ең қарапайым (үш мүшел) жiктелуi күтiп-баптау кесулерi кезiнде қолданылады.
Алқа ағаштағы барлық ағаштар шаруашылық және биологиялық қасиеттерi бойынша үш санатқа бөлiнедi: 1) жақсылары; 2) қосалқылары (пайдалылары); 3) кесіп тастауға жататындары. Сонымен қатар, ағаштар дербес есептелгенде сапалық санаттары бойынша іс, жартылай іс және отындық болып бөлiнедi, сондай-ақ, қурағандары жеке бөлiнедi, оларға тiрi қылқандары мен жапырақтарынан толығымен айырылған ағаштар жатады.
Жетiлiп келе жатқан және жетiлген сүрекдiңдерде селекциялық түгендеу кезiнде (дербес таңдау кезеңiнде) болымды (плюсті), қалыпты (нормалы) және кемшiлiкті (минусты) ағаштар деп бөлiнедi.
Болымды ағаштар – мөлшерi мен сапасы жағынан жоғары, сау ағаштар жатады. Оларға өнiмдiлiктiң І класс ағаштары ғана жатқызылуы мүмкiн.
Қалыпты ағаштарға өсуі жақсы және қанағаттанарлық, діңдерінде ешқандай кемiстiгi жоқ, сапасы бойынша орташа ағаштардың көп бөлiгiн жатқызады. Оларға негiзiнен өнiмдiлiктiң 2 және 3–класс ағаштары жатады.
Кемшiлiкті ағаштарғаөсуi тежелiп қалған, өнiмдiлiктiң 4 және 5-класс, сондай-ақ, iрi, бiрақ айқын кемiстіктерi бар (қисық дiңдi, бұтақты, көпұшты, жуан бұтақты, зиянкестер мен аурулардан зақымдалған) ағаштар жатады.
1.1.7 Табиғи сұрыптау және орманда тіршілік ету жағдайларына икемдену.Органикалық әлемнiң тарихи дамуының объективтi заңы ретiнде табиғи сұрыптау жөнiндегi ғылым Ч.Дарвин теориясының құрамдас бөлiгi болып табылады.
Табиғи сұрыптау табиғатта жүрiп жататын құбылыс ретiнде түсіндіріледі, қоршаған орта жағдайларының дамып келе жатқан организмдерге ықпалы нәтижесiнде дара тұлғалар өздерiнiң өсуi және дамуы үшiн пайдалы қасиеттерiмен сақталады. Бұл жеке дара тұлғалар «өсу жолындағы күресте көптеген сақталып қалу мүмкiншiлiктерiн иеленедi, ал тұқым қуалаушылықтың қуатты бастамасының болуынан олар оны өз ұрпақтарына беру талпынысын анықтайды».
Мұндай пайдалы қасиеттерi жоқ организмдер одан әрi өмiр сүру артықшылықтарын ала алмайды да, құриды, бiржола жойылады. Сонымен табиғи сұрыптау нәтижесiнде белгілі бір жағдайларға бiршама икемделген жеке тұлғалар өсiп шыға алады.
Өсiмдiктер арасындағы бiр-бiрiне оң әсердiң мысалы ретiнде бiздiң ормандарда кеңiнен тараған құбылыс – көктерек немесе қайың орманының астына шыршаны отырғызу арқылы, оның қалыпты дамуын айтуға болады.
Шыршаның орман шымылдығы астында өсуіне және дамуына, жарықтың жетiспеушiлiгiне, басқа қиыншылықтарға көну қабiлетiне ұзақ эволюциялық құбылыс барысында икемденді және ол қабілет табиғи сұрыптау нәтижесiнде қалыптасты.
Табиғат жағдайында, әдетте, өсiмдiктердiң жақсы өсiп өнуіне және икемденуiне көмектесетiн өзгерiстер олардың ұтымды дамуына жағдай жасайды. Тек организмнiң өзi үшiн пайдалы өзгерiстердiң шығуы адамдар мүддесiне әр кезде сай келе бермейдi. Сондықтан орман өсiрушi маман шаруашылық тұрғысынан аса орынды табиғат өзгерiстерiне назар аударып, дамытуы тиiс. Сонымен қатар, организм үшiн кез келген жаңа, пайдалы ауытқу сұрыптау үшiн мына жағдайда маңызды болуы мүмкiн, егер ол ауытқу ұрпағынан байқалса және табиғи сұрыптаудың бiр бағыттағы әсерi ұзағырақ болса, нәтижесi де көбiрек болуы ықтимал.