Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет3/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008













1 БӨЛІМ. ОРМАНТАНУ




1.1 ОРМАН – ТАБИҒИ ҚҰБЫЛЫС




1.1.1 Орман туралы ұғым. Орман – өсiмдiктердiң көптеген пішіндерінен тұратын, жердегi өсiмдiк жамылғысының негiзгi түрiнiң бiрi, олардың iшiнен ағаштар мен бұталар, екiншi кезекте, бұташықтар, шөптер, мүктер, қыналар және тағы басқалар басты рөл атқарады.
Орман, қандай да болмасын, өсiмдiк тәрiздi, қоршаған ортамен тығыз байланыста және динамикалық бiрлiкте бола отырып, оны құрайтын өсiмдiктердiң бiрге өсiп-өнетiндiгi, бiр-бiрiне әсер ететiндiгi орманның өзiне тән сипаты болып табылады.
18486-73 МемСт-ында орманның мынадай анықтамасы енгiзiлген: «Орман – өзiнiң дамуы жолында биологиялық байланысты, бiр-бiрiне және қоршаған ортаға әсер ететiн ағаш, бұта, шөптесiн тәрiздi өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң қосындысынан тұратын жағрапиялық ландшафтың бөлiгi».
Бұл ұғымның толық ғылыми айқындалуы орыстың көрнектi ғалымы Г.Ф. Морозовтың еңбегiнде баяндалған. Оның анықтауы бойынша, «орман – бiр-бiрiне, топырағына және атмосфераға әсер ету салдарынан өзiнiң сыртқы пішіні мен iшкi құрылымы өзгерген ағаш өсiмдiктерiнiң жиынтығы».
Ол орман ерекшелiгiнiң бiрi, ағаштардың бiр-бiрiне әсерiн, орманның күрделi кешендiгін, оның барлық бөлiктерiнiң бiрiмен бiрiнiң және қоршаған ортамен өзара әсерде, үздiксiз, бiртiндеп және сатылап өзгерiп отыратынын көрсетiп бердi. Орманға мұндай көзқарас дүниежүзiлiк орман өсiрушiлiк жөнiндегi әдебиеттерде қолдау тапты.
1.1.2 Орман ағаштарының ерекшелiктерi, орманның сипатты белгiлерi. Орман көптеген әр түрлi өзара байланысты, бiрақ, мөлшерi, құрылымы, көбеюi, қоректенуi және басқа белгiлерi бойынша айрықшаланатын өсiмдiктердiң күрделi үйлесуi болып табылады.
Ормандағы өсiмдiктер iшiнде басты орынды ағаштар алады, бiрақ, өте көп ағаштардың өзiн орман деп атауға болмайды. Мұндай кеңiстiкте бiр- бiрiнен бөлiнген көптеген ағаштар аллеяны немесе саябақты (паркты) құрайды. Көптеген ағаштар орман құрау үшiн тек сандық көрсеткiштері ғана емес, сапалық белгiлері де болуы қажет.
Орманның мәнін түсiну үшiн орманда және еркiндiкте бiрегей климаттық және топырақ жағдайларында өсетiн ағаштардың бiркелкi түрлерін салыстырайық (кесте 1.1).
Орманда өсетiн ағаштардың желегі жоғары, көтерiңкi болады. Ағаштар жалпы орман шымылдығын құрайды да, топырақ бетiне жарықты аз жiбередi, сол себептi олардың төменгi бұтақтары қурап қалады және көбiне бұтақшалардан жақсы тазарған толық сүректi дiңдер өседi. Осындай ағаштар халық шаруашылығының сүрекке қажеттiлiгiн қанағаттандыруда аса маңызды орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет