Д. З. Айгужинова- э.ғ. к., С. Торайгыров атындағы пму доценті


тақырып Сақтандырудың сыныпталуы



бет3/5
Дата12.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#130916
1   2   3   4   5

2 тақырып Сақтандырудың сыныпталуы
90 жж. басына дейін бізде сақтандыру облысында мемлекеттік монополия болды. Ел ішіндегі сақтандырудың барлық операцияларын жалғыз КСРО Мемлекеттік сақтандыру ұйымы, ал шетелдік сақтандыру операцияларын «Ингосстрах» АҚ жүргізді.

Сақтандырудың демонополизациясы, біріншіден, мемлекеттік сақтандырудың одақтық-республикалық жүйесінің егеменді республикалардың сақтандыру ұйымдарына ыдырауында көрініс тапты. Ал, екіншіден, мемлекеттік емес ұйымдардың құрылуында көрінді.

Сақтандыру нарығы – сату-сатып алу объектісі ерекше қызмет «сақтандырушылық қорғау» болатын, сақтандырушылардың көптігі жағдайында оған сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын ақша қатынастарының ерекше сферасы.

Сақтандыру нарығының тауары – бұл қолайсыз жағдайларға душар болған сақтандырудың қатысушыларына қаржылық көмек көрсетуді көздейтін сақтандырушы қорғау. Кез келген тауар ретінде сақтандырушылық қорғаудың тұтынушылық және айырбас құны болады.

Тұтынушылық құн – бұл сақтандырушылық жабуды қамтамасыз ету, қаржылық залалды өтеу.

Айырбас құн – сақтандыру тарифінде көрініс табатын сақтандыру қызметінің бағасы.

Сақтандыру төлемін төлеуді көздейтін сақтандыру келісім-шартын жасау құнның материалдық нысанының бір уақыттағы қозғалысымен жүрмейді. Ол сақтандырушының алдын ала келісілген сақтандырушылық оқиғалардың келуі кезінде болашақта ақшалай соманы алу құқығын білдіреді. Сақтандыру қызметін сату-сатып алу сақтандыру келісім-шартын жасаумен рәсімделіп, оны сақтандырушыға берілетін сақтандыру куәлігінің (полис) берілуі куәландырады.

Сақтандыру нарығының қатысушылары – бұл, біріншіден, сақтандыру қызметін сатушылар (сақтандырушылар).

Тікелей сақтандыру компаниялары сақтандырылушыларға залалды өтеуге арналған ерекше сақтандыру қорларын қалыптастыруды жүзеге асырады.

Қайта сақтандыру компаниялары – бұл сақтандыру компанияларына арналған сақтандыру компаниялары. Олардың мәні – тікелей сақтандырушылардың тәуекелдерінің артықшылықтарын қабылдайды және ірі және қауіпті объектілер бойынша олармен бірге жауапкершілікті бөледі.

Сақтандырушыларға қойылатын заңнамалық талаптар:

- сақтандырушылардың белгілі бір көлемдегі жарғылық қорының қалыптасуы (45 тәуекелді сақтандыру компаниялары, соның ішінде 1 өмірді сақтандыру «Династия»).

- сақтандыру компаниясын белгілі бір ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құру.

- сақтандыру компанияларының екі бағыт бойынша мамандануы;

1) өмірді сақтандыру бойынша операциялар (ұзақ мерзімді жинақтаушы сақтандыру);

2) жалпы сақтандыру бойынша операциялар (тәуекелді);

- қызметтің әрбір түріне лицензияның болуы;

- сақтандыру қызметі сақтандырушылардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі түрі болып табылады, олар бұл қызметпен қатар келесі қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы болады:

1) инвестициялық;

2) арнайы әдебиеттерді, бағдарламаларды сату;

3) консалтингтік.

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында шетел сақтандырушылардың қызметіне рұқсат берілген. Мұнда Қазастан Республикасының резиденттер еместерінің қатысуымен құрылған сақтандыру ұйымдарының сомалық жарғылық капиталына шектеулер қойылған (жалпы сақтандыру бойынша 25%, өмірді сақтандыру бойынша 50%).

Сақтандыру қызметін сатып алушыларға (сақтандырылушыларға) қойылатын талаптар. Сақтандырылушылардың нарығын әдетте екі негізгі сегментке бөледі: жеке және заңды тұлғалардың нарығы.

Сақтандыру нарығының үшінші қатысушысы – сақтандыру келісімдерінің жасалуына көмектесетін сақтандырушы делдалдар:



    • сақтандыру агенті;

    • сақтандыру брокері;

    • сақтандыру полистерін таратудың баламалы жүйесі – бұл өзінің негізгі қызметімен қатар сақтандыру келісім-шарттарын жасау қызметін көрсететін ұйымдар (саяхат агенттіктері, билеттерді сату кассалары).

    • актуарий – қаржылық тұрақтылықтың және төлеу қабілетінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру келісімдері бойынша міндеттемелердің мөлшерін экономика-математикалық есептеумен байланысты қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға (лицензияланатын); өкілетті аудиторлық ұйым.

Рейтман Л.И. 5 саланы белгілейді: мүліктік, әлеуметтік, жеке, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру.

Шетел әдебиеттерде 3 негізгі саланы ажыратылады: мүліктік, жеке және жауапкершілікті сақтандыру.

ЕЭО елдерінде тәуекелдердің класстары бойынша топтама қабылданған, әрбір класстың ішіне тәуекелдің белгілі бір түрі жатады.

Сонымен қатар шетел әдебиеттерде өмір, өмір емес – екі саланы ажырататын топтама бар.

Өмірге ұзақ мерзімді жинақтаушы сақтандырудың барлық түрлері, ал өмір еместікке мүліктік, жауапкершілікті сақтандырудың барлық түрлері, сондай-ақ сәтсіз оқиғаларды және медициналық сақтандыру жатады.

«Сақтандыру қызметі туралы» Заңға сәйкес салаларға, класстарға, түрлерге топтастыру қабылданған.

Екі саланы бөліп көрсетуге болады:


    • өмірді сақтандыру, соның ішіне келесі класстар кіреді: өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру;

    • жалпы сақтандыру (16 класс, соның ішінде сәтсіз оқиғалардан және медициналық сақтандыру).

Сақтандыру түрі – бұл келісімді жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше класстарының шеңберінде сақтандыру ұйымымен жасалатын сақтандыру өнімі.

Сақтандыру нысандары:



    • міндетті (заң күшінде);

    • ерікті (сақтандырушы және қамсызданушы арасында жасалған келісім-шарт негізінде).


3 тақырып Тәуекел ұғымы және оның экономикалық зардаптары
Сақтандырудың негізінде қорқыныш жатады. Адам қорқып, өзінің қорқынышын басқаға беру арқылы мүмкін шығындар мен залалдан қорғалады. Бұл шығындардың мүмкін қаупі табиғат құбылыстарымен және адам қызметінің түрлерімен байланысты. Ол тәуекел болып табылады. Демек, қорқыныштың пайда болуы тәуекелдің пайда болуына әкеледі. Тәуекел негізінде адамның қорқынышы жатады.

Тәуекел – бұл адам сезген мүмкін қауіпті білдіретін тарихи санат. Тәуекел тарихи қоғамдық дамудың бүкіл барысымен байланысты.

Л.Морган мен Ф.Энгельс жасаған мәдени-тарихи переодизацияға сәйкес қоғам дамуы үш дәуірден өтті: жабайылық, айуандылық, өркениет. Олардың әрқайсысы өз кезегінде үш сатыдан тұрады: төмен, орташа және жоғарғы. Тәуекел тарихи санат ретінде өркениеттің төменгі сатысында, адамда өлім алдында қорқыныш сезімі туындағанда пайда болды. Өркениеттің дамуымен қатар тауарлармен айырбас, айырбас белгісі ретінде ақша, тауар-ақша қатынастары пайда болып, сонымен бірге осы ақшадан айырылу тәуекелі пайда болады, яғни тәуекел экономикалық санатқа айналды.

Тәуекел – бұл болуы және болмауы мүмкін оқиға.

«Тәуекел» сөзі нәтижесі белгісіз болатын шешімді қабылдауды білдіреді.

Мұндай оқиға үш экономикалық нәтижеге әкелуі мүмкін:



    • теріс (шығын, залал);

    • нөлдік;

    • оң.

Тәуекел арқылы нақты өлшенетін және нақты бейнеленетін залал жүзеге асырылады. Немесе бұл қолайсыз нәтиженің сандық бағасы. Тәуекелді статистикалық мәліметтер негізінде үлкен сандар заңы немесе ықтималдылық теориясын қолдану арқылы математикалық жолмен өлшеуге болады.

Тәуекел факторы және мүмкін залалды өтеу қажеттілігі сақтандыру қажеттілігін туындатады. Яғни тәуекел – бұл сақтандырудың пайда болуының алғышарты.

Тәуекел – бұл сақтандыру объектісінің залалға ұшырауының әлеуетті мүмкіндігі.

Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның болуын белгілі бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әр түрлі шараларды пайдалану және тәуекел дәрежесін төмендету шараларын қабылдауға болады.

Тәуекелді басқаруды ұйымдастырудың тиімділігі көп жағдайда тәуекел топтамасымен анықталады.

Тәуекел топтамасы – бұл нақты мақсаттарға жету үшін тәуекелді белгілі бір белгілер бойынша жеке топтарға бөлу.

Ғылыми негізделген тәуекел топтамасы жалпы жүйеде әрбір тәуекелдің орнын анықтауға мүмкіндік береді. Ол тәуекелді басқарудың әдіс, тәсілдерінің сәйкес шараларын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Әрбір тәуекелге тәуекелді басқару тәсілдерінің өзіндік жүйесі сәйкес келеді.

Тәуекелдердің бағаланған жүйесіне тәуекелдердің санаттары, топтары, түрлері, тармақтары мен әртүрліліктері жатады.

Сипаты бойынша тәуекелдер келесідей бөлінеді:


Объективті тәуекелдер сақтандырушының санасы мен еркінен байланысты болмайды (аппатар, тасқындар және т.б.)

Субъективті тәуекелдер шындыққа деген объективті ынғайды теріске шығаруға немес ескершеуге негізделген.

Жеке тәуекел жеке үй мүлігін, сүреттерді, коллекцияларды және т.б сақтандыруды ескермеуде көрініс табады.

Әмбебап тәуекел - бұл көптеген келісім-шарттар бойынша сақтандырушының жауапкершілігінің көлеміне кіретін тәуекел. Мысалы, туристтерді сәтсіз оқиғалардан, сырқаттардан, мүлікті ұрлаудан сақтандыру.

Ерекше топты өзгеше тәуекелдер құрайды :

-кемісті;

-апатты.

Кемісті тәуекелдерге сәйкес объектілерді сақтандырудың қандай да бір топтарына жатқызуға мүмкіндік бермейтін тәуекелдер жатады. Мысалы, өмірді жеке сақтандыру, медициналық куәландыру процедурасы, «қолайсыз ауа райы» жағдайын, жабайы аңдарды аулауға берілетін лицензиялардың жүзеге асырылмауы жағдайын сақтандыру.

Апатты тәуекелдер болып басталған кезіңде сақтандырушыға аса ірі мөлшерде және елеулі түрде зиян келтіруі мүмкін тәуекелдер табылады. (ЧАЭС-дағы апаттар, Онтүстік Сахалиндегі жер сілкіністер).

Болуы мүмкін нәтижеде (қауыпты оқиғаға) байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады:



  • таза;

  • алыпсатарлық.

Таза тәуекелдер теріс немес нөлдік нәтижені алу мүмкіндігін білдіреді. Бұл табиғи-жаратылыстық, саяси, көлік тәуекелдер және коллекциялық тәуекелдердің бір бөлігі.

Алыпсатарлық тәуекелдер оң, сондай-ақ теріс нәтижені алу мүмкіндігінде көрініс табады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.

Пайда болуының (базистік немесе табиғи) негізі есебінен байланысты тәуекелдердің келесідей санаттары болады:


  • табиғи - жаратылыстық;

  • экологиялық;

  • саяси;

  • көлік;

  • коммерциялық.

Табиғи – жаратылыстық болып табиғаттың апатты күштерінің көрінісімен байланысты тәуекелдер табылады.

Экологиялық тәуекелдер - бұл елдің саяси жағдайы мен мемлекеттің қызметімен байланысты тәуекелдер.

Саяси тәуекелдер шаруашылық жүргізуші субъектінің тікелей түрде байланысты болмайтын себептер бойынша өндірістік-саудалық үдеріс жағдайлары бұзылған кезде пайда болады. Оларға келесілер жатады:


  • әскери әрекеттер, қозғалыстар, елде ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі, ұлттандыру, тауарлар мен кәсіпорындарды кәмпескелеу, жаңа үкіметтің бастаушымен қабылданған міндеттемелерді орындаудан бас тарту есебінен эмбаргоны енгізу салдарынан шаруашылық қызметті жүзеге асырудың мүмкінсіздігі;

  • салықтық заңнаманың қолайсыз өзгеруі;

  • төтенше жағдайлар пайда болуының тәтижесінде белгілі бір мерзімде сыртқы төлемдердің мерзімін ұзартуды еңгізу;

  • төлем валютасына ұлттық валютасының конверсиясына шек қою немесе тыйым салу.

Бұл кезде экспорттаушы алдындағы міндеттеме қолданудың шектелген сферасына ие ұлттық валютада орындалуы мүмкін.

Көлік тәуекелдер бұл жүктерді автомобиль, теңіз, өзен, темір жол, ұшақ және т.б көліктері арқылы тасымалдаумен байланысты тәуекелдер.

Коммерциялық тәуекелдер қаржы-шаруашылық қызмет үдерісіндегі шығындар қаупі болып табылады. Олар берілген коммерциялық мәміледен нәтиженің белгісіздігін білдіреді.

Құрылымдық белгісі бойынша коммерциялық тәуекелдер келесідей бөлінеді:



  • мүліктік;

  • өндірістік;

  • саудалық;

  • қаржылық.

Мүліктік тәуекелдер-бұл ұрлық, диверсия, ұқыпсыздық, техникалық және технологиялық жүйенің сынуы және т.б себептер бойынша азамат-кәсіпкер мүлігінің шығындарға ұшырау мүмкіндігімен байланысты тәуекелдер.

Өндірістік тәуекелдерге әртүрлі факторлардың әсер етуінің және ең алдымен негізгі және айналым қорларының (құрал-жабдық, шикізат, көлік т.б) зақымдануының немесе жойылуының нәтижесінде өндірістің тоқтап қалуынан болатын шығындармен байланысты болатын тәуекелдер, сонымен қатар өндірістке жаңа техника мен технологияны еңгізуімен байланысты пайда болатын тәуекелдер жатады.

Саудалық тәуекелдерге төлемдердің тоқтауы, тауарларды тасымалдау кезеңде төлемдерден бас тарту, тауарларды жеткізбеу және т.б. себептері бойынша шығындардың пайда болуымен байланысты тәукеледер кіреді.

Қаржылық тәуекелдер қаржы ресурстарының, яғни ақшалай қаражаттардың шығындарының ықтималдығымен байланысты. Қаржылық тәуекелдер екі түрге бөлінеді:

-ақшаларын сатып алушылық қабілетімен байланысты тәуекелдер;

-капитал салумен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).

Ақшалардың сатып алушылық қабілетімен байланысты тәуекелдерге келесілер жатады:

-инфляциялық және дефляциялық;

-валюталық ;

-өтімділік тәуекел.

Инфляция ақшаның құнсыздануы және сәйкесінше бағалардың өсуі болып табылады. Дефляция – бұл инфляцияға қарама-қарсы үдеріс, бағалардың төмендеуінде және сәйкесінше ақшалардың сатып алушылық қабілетін жоғарлауында көрініс табады.

Инфляциялық тәуекелдің мәні келесідей: инфляцияның өсуі кезіңде алынатын ақшалай табыстар нақты сатып алушылық қабілетінің көз қарас тұрғысынан тез құнсызданады. Мұндай жағдайларда кәсіпкер нақты шығындарға ұшырайды.

Дефляциялық тәуекелді келесідей анықтауға болады: дефляцияның өсуі кезінде бағалар деңгей төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайлары нашарлайды және табыстар төмендейді.

Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды өткізу кезіңде бір шетелдік валютаның басқасына қарағанда бағамының өзгеруімен байланысты валюталық шығындардың қаупін білдіреді.

Өтімділік тәуекелдер-бұл бағалы қағаздар мен басқа да тауарларды жүзеге асыру кезіңде оларды сапасының бағасының өзгеруі есебінен болатын шығындардың мүмкіндігімен байланысты тәуекелдер.

Инвестициялық тәуекелдерге келісілер кіреді:



  • айырылып қалған пайданың тәуекелі;

  • табыстылықтың төмендеу тәуекелі;

  • тікелей қаржылық шығындар тәуекелі.

Айырылып қалған пайданың тәуекелі – бұл қандайда бір шараның (мысалы, сақтандыру, хеджирлендіру инвестициялау және т.б) жүзеге асырылмауының нәтижесінде жанама қаржылық шығынның пайда болу тәуекелі.

Табыстылықтың төмендеу тәуекелі қоржындық инвестициялар, салымдар мен несиелер бойынша пайыздар мен дивиденттердің көлемінің төмендеуімен байланысты пайда болу тәуекелі.

Қоржындық инвестициялар инвециялық қоржының пайда болуымен байлансты және бағалы қағаздар мен басқа активтерді иемденуді білдіреді.

Табыстылықтың төмендеу тәуекеліне келесілер кіреді:



  • пайыздық;

  • несиелік.

Пайыздық тәуекелдерге жұмылдырылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелердің ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден артып кетуінің нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелердің инвестициялық институттар, селингтік компаниялар шығындарының қаупы жатады.

Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар инвесторлардың акциялар бойынша дивиденттердің облигациялар, сертификаттар мен басқа да бағалы қағаздар бойынша нарықтағы пайыздық мөлшермелердің өзгеруімен байланысты ұшырайтын шығындар тәуекелі жатады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсуі құнды қағаздардың, әсіресе белгіленген пайыздағы облигациялардың бағамдық құнның төмендеуіне әкеліп соқтырды. Пайыздың жоғарылауы кезінде эмитентпен мерзімінен бұрын кері қабылданатын шығарылым шарттары бойынша және аса төмен белгіленген пайыздар бойынша шығарылған бағаны қағаздардың жаппай жойылуы басталу мүмкін. Белгіленген деңгейге қарағанда орташа нарықтық пайыздың нарықтағы жоғарылуы кезінде белгіленген пайызы бар орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға қаражаттарды салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырайды. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылуы есебінен табыстардың өсімін алар еді, бірақ жоғарыда аталған жағдайларда салған қаражаттарын босата алмайды. Белгіленген деңгейге қарағанда орташа нарықтық пайыздың ағымдағы төмендеу кезінде белгіленген пайызы болатын орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды айналымға шығаратын эмитент пайыздық тәуекелге ұшырайды.

Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан аса төмен пайыз бойынша қаражаттарды жұмылдыра алар еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздардың шығарылымымен байланысты болады. Инфляция жағдайларында пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуі кезінде тәуекелдің бұл түрінің қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де маңызы бар.

Несиелік тәуекел- бұл кредиторға тиісті болатын негізгі қарыз бен пайыздарды қарызгер адамның төлемеу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар борыштық бағалы қағаздарды шығарған эмитент олар бойынша пайыздарды неемесе қарыздың негізгі сомасын төлей алмаған жағдайға ұшыраған кездегі тәуекел жатады.

Несиелік тәуекел сонымен қатар тікелей қаржылық шығындар, тәуекелдердің әр түрлілігі болуы мүмкін.

Тікелей қаржылық шығындардың тәуекелдері келесідей жіктеледі:



  • биржалық тәуекел;

  • селективті тәуекел;

  • банкроттық тәуекел;

  • несиелік тәуекел.

Биржалық тәуекелдер биржалық мәмілелерден болатын шығындар қаупін білдіреді. Оларға коммерциялық мәмілелер бойынша төлемеушілік тәуекелі, брокерлік фирманың комссилық сыйақыны төлемеу тәуекелі, брокерлік фирманың комиссиялық сыйақыны төлемеу тәуекелі және тағы сол сияқты жатады.

Селективті тәуекелдер-бұл капиталды салу түрлерін, инвестициялық қаржынды жасау кезінде бағалы қағаздардың басқа түрлерімен салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздар түрін теріс теңдау тәуекелдері.

Банкроттық тәуекелі капиталды салуды теріс таңдау, кәсіпкердің өз капиталы толық шығынға ұшырау нәтижесіндегі қауіпті білдіреді. Кәсіпкер өзіне алған міндеттемелер бойынша есеп айырысуға қабілетсіз, сөйтіп ол банкротқа ұшырайды.

Бірлік пен өзара әрекеттесуде алынған барлық нарықтық жағдайлар ахуал немесе тәуекелдің жалпы мөлшерлемесі деп аталатын жағдайды анықтайды. Тәуекел ахуалы сақтандыру объектілерінің жағдайы мен олардың сол кездегі күйін сипаттайды. Тәуекелдің жалпы мөлшерлемесі жеке тәуекелдердің сомасы ретінде анықталады.

Сақтандыру мүддесін мүліктік, біреумен жанама түріндегі жасалған ақшалай балама, яғни бұл мүддеге сәйкес келетін ақша сомасы ретінде қарастыру қажет.

Тәуекелді сақтандырудың бар болуын ескеру қажет, яғни тәуекелдің сақтандыру компанияларға мұндай тәуекелді жабуды ұсынуға мүмкіндік беретін өзіне тән белгілері болуы қажет, атап айтқанда:



  • тәуекелге ұшыраған бірліктердің үлкен санының болуы;

  • шығындардың кездейсоқ сипаты;

  • шығындардың апатты емес сипаты;

  • шығындардың ықтималдығын есептеу мүмкіндігі;

  • төмен сақтандыру сыйлығы.

Осы көзқарастар тұрғысынан қандайда бір мүлікті мүдделердің сақтандырушылық қорғауын қамтамасыз етуді қамтитын кез келген жобаларды қарастыру қажет.

Сақтандырудың тәуекелді түрлерінің өзіне тән ерекшелігі болып олардың өткіншілігі мен шығын көлемінің алдын ала болжанбауы табылады. Мысалы, туристтерді сәтсіз оқиғалардан, сырқаттан немесе өлімнен сақтандыру кезінде туристпен алда не болатынын және сақтандыру жағдайының салдары қандай бола алатындығын алдын ала айту қиын болып табылады.

Алайда, сақтандырудың тәуекелдік түрлерімен қатар тәжірибеде жинақтаушы (ұзақ мерзімді немесе жинақтық) түрлері жиі қолданылады.

Жинақтаушы түр кезінде сақтандыру ұзақ мерзімге жасалады және ереже бойынша, келісім-шарт мерзімі аяқталған кезде немес сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтандырушы немесе сақтандырылған адам алатын сақтандыру сомасы алдын ала анықталады. Мысалы, зенет ақыны, өлім болған жағдайда сақтандыру және т.б кезінде келісім-шартта сақтандырудың барлық шарттары бірден ескертіледі, содан кейін олар белгілі сақтандыру жағдайы пайда болған кезде немес келісім-шарттың әркет ету мерзімі аяқталған кезде сақтандырушымен қамтамасыз етіледі.

Тәуекел мүмкін болатын нәтижеге деген сенімсіздікті білдіреді. Біз тәуекелмен күн сайын кездесеміз. Тәуекелдің барлық түрлері үшін белгісіздік факторы тән болып табылады. Тәуекел жағдайын сезіну арқылы адамда тәуекел жағдайын максималды шектеуге немесе жоюға бағытталған шешімдер пайда болады.

Осы сұрақтар экономикалық мәселелерді шешуде ерекше мәнге ие болады.

Адамның өндірістік қызметі қолайсыз жағдайлармен теріс салдардың пайда болу мүмкіндігімен жиі байланысты. Осы объективті ақиқаттан шыға отырып, қоғамдық санада теріс құбылыстар мен нәтижелердің пайда болу ықтималдығын төмендететін немесе олардың зиянды теріс салдарын болдыртқызбайтын әдістер мен құралдарды жасау қажеттілігі пайда болады.

Экономикалық қатынастар жүйесінде тәуекелді шектеу немесе минимизациялау бойынша мақсатқа бағытталған іс-әрекеттер тәукелді басқару (тәуекел-менеджмент) деп аталады.

Сақтандыруда тәуекел-менеджментті пайдаланудың концептуалды ынғайына үш негізгі жайғасым кіреді:


  • тәуекел жағдайында экономикалық субъектілер қызметінің салдарын анықтау;

  • бұл қызметтің мүмкіндіктің теріс салдарына жауап қайтару іскерлігі;

  • шараларды жасау және жүзеге асыру, олардың көмегімен қолданылатын іс-әрекеттердің ықтималды теріс нәтижелері бейтараптандырылады және орны толтырылады.

Сақтандырудағы тәуекел-менеджментті маңызды жағына келесі негізгі элементтер кіреді:

  • тәуекел менджменттің дайындық кезеңі тәукелді талдау мен бағалау нәтижесінде алынған тәуекелдердің сипаттамалары мен мүмкіндіктерін салыстыру қарастырады. Дайындық кезегінде баламалар анықталады, мұнда тәуекел мөлшері әлеуметтік қолайлы болып қала береді. Басымдықтар белгіленеді, яғни бірінші кезектегі назарды талап ететін мәселелер мен сұрақтар шеңбері көзге түседі. Сөйтіп, жарамдылық қағидасы бойынша қолдағы баламаларды, олардың құрамына кіретін тәуекелді маңызына қарай бөлу мүмкіндігі объективті түрде пайда болады: тәуекел толығымен қолайлы, жартылай қолайлы, мүлдем қолайлы емес;

  • тәуекелдің мүмкін теріс салдарын минимизациялауға немесе жоюға мүмкіндік туғызатын нақты шараларды таңдау. Бұл кезеңге сақтық сипаттағы үйымдастырушылық және операциялық процедураларды жасау кіреді. Сақтандырушы жағынан берілген кезең тәуекелдік шешімдерді қабылдайтын немесе жүзеге асыратын тұлғалар үшін нақты кепілдемелерде құралуы мүмкін.

Тәуекел жағдайында теріс салдарға уақытында жауап қайтаруға мүмкіндік беретін нұсқаулардың бірі болып арнайы жасалған жағдайлық жоспар табылады. Мұнда әрбір адам қандай да бір болмасын жағдайда не істеуі керектігі және қандай салдарды күту қажет екендігі туралы алдын ала жазылған. Тәуекел - менджмент шенберінде жағдайлық жоспардың артықшылығы келесіде: тәуекелдік шешімдерді жүзеге асыратын тұлғалар қолайсыз жағдайларды тез әрекет ете алады. Жағдайлық жоспарға сүйіне отырып, адамдар онда болмаған оқиғалар іс-әрекеттер жасауға аса дайындалған болып табылады. Жағдайлық жоспарлар- бұл тәуекел жағдайларында субъектілер қызметіне оң әсерін тигізетін белгісіздікті азайту құралы.

Сақтандыру жиынтығында тәуекел-менеджменттің тиімділігі шешімді дайындау мен қабылдауда көбінесе ұжымның қатысу дәрежесінен байланысты. Осы үдерістің маңызын айқындайтын жалпы заңдылық келесіде: құбылыстарға адамның қатысу дәрежесі неғұрлым аз және ол өзінің шешімдерінің салдары туралы неғұрлым аз білсе, онда ол теріс нәтижелі болатын шешімді қабылдауға көбірек икемделеді.

Тәжірибелік қолдануға жағымды тәуекелділік жағдайдағы тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтері:


  • тәуекелдің баламаларында оның тек әлеуметтік жағынан қолайлы деңгейде бола алатынын табу;

  • тәуекелдің жағымсыз болуы мүмкін салдарын жою немесе азайту үшін нақты нұсқауларды жасау;

  • тәуекелді шешімдерді атқаратын немесе бұл үдерісті басқаратын адамдарға қиын жағдайда іс-әрекет жасау үшін арнаулы жобаларды жасау;

  • таңдаған баламаны жасау үшін нормативтік актілерді дайындау және қабылдау;

  • тәуекелді шешімдер мен программаларды психологиялық жағынан қабылдауды ескеру.

Айтылған теорияларға негізделіп, қоғамдық тәжірибе тәуекелді басқарудың 4 тәсілін жасады:

  • ыдырату;

  • шығындарды болдырмау және бақылау;

  • сақтандыру;

  • жұту.

Ыдырату. Бұл тәуекелді басқару тәсілі тәуекелді ыдыратуға негізделеді. Тұлғаға бұл темекі шегуге, ұшақпен ұшу және т.б. әректтерді істемеуді білдіреді; ал фирмаға ол бір тауарды сатуға дейін оның қолдануын қауіпсіз болатындай ойластыру.

Ыдырату – бұл шығындарды болдырмаудың ең тиімді әдісі. Бірақ тәуекелді ыдырату кезінде кіріс те ыдыратылады.

Шығындарды болдырмау және бақылау. Шығындарды болдырмау өзін күтпеген жағдайдан қорғауды білдіреді. Оларды бақылау – шығындар болған жағдайда шығындардың мөлшерін қысқартуды білдіреді.

Сақтандыру. Тәуекел – менеджмент жағынан бұл біртиптік тәуекел жағдайда бола алатын физикалық және заңды тұлғалар, шығындар болған жағдайда компенсацияны алатын мүшелері бар компанияға қаражатты салатын үдерісті білдіреді. Сақтандырудың негізгі мақсаты - біртипті тәуекел жағдайында бола алатын жеке және заңды тұлғалардың (сақтандыру жиынтығы) шығындарын жіктеу.

Жұту. Бұл тәсілдің мазмұны шығынды сақтандырудың жіктеуінсіз бақылауында. Жұту туралы басқару шешім 2 себептен қабылданады. Біріншіден, тәуекелді басқарудың басқа тәсілдерін қолдануға болмайтын жағдайда. Бұл әдетте болу мүмкіндігі төмен тәуекелдер болады (мысалы, метеориттің құлауы). Екіншіден, жұту өзін-өзі сақтандыру арқылы өтеді.

Тәуекелді басқару 6 деңгейден өтеді:



  • мақсатты анықтау;

  • тәуекелді анықтау;

  • тәуекелді бағалау;

  • тәуекелді басқару тәсілін таңдау.

Мақсатты анықтау. Адам үшін мақсат болып денсаулықтың жақсы деңгейін сақтау, өлім немесе кіріс көздерін жоғалтқан кезде отбасы өмірінің қалыпты деңгейін ұстап тұру, үй мүлігін, көлік құралдарын, жеке меншігін сақтандыру, және т.б. табылуы мүмкін. Кәсіпкерлік құрылымның ең негізгі мақсаты - фирманың күтпеген жағдайда (от, тонау,т.б.) қызмет етуін қамтамасыз ету.

Тәуекелді анықтау - шаруашылық субъектінің немесе индивидтің тәуекелдің бар болуын түсінуінде көрінеді, ол әрқашан әлеуметтік ортада жүреді де, қоғамдық тәжірибеге сүйенеді.

Тәуекелді бағалау – бұл болуы мүмкін залалдың мөлешрі мен оның мүмкіндігі тұрғысынан оның салмақтылығын анықтау.

Тәуекелді басқару тәсілдерін таңдау: ыдырату, шығындарды болдырмау және бақылау. Айтылған тәсілдердің нақтысы тәуекелдің түріне байланысты таңдалады.

Тәжірибеде тәуекелді басқарудың бірнеше тәсілдерін қолдану кездеседі.

Таңдаған тәсілді қолдану. Егер, мысалы тәуекелді басқару тәсілі cақтандыру болса, онда келесі адым - сақтандыру келісімін ресімдеу (сақтандыру полисін сатып алу). Сақтандырудан басқа, әр тәуекелді басқару өзіне болдырмау бағдарламасын және шығындарды бақылауды қосады.

Нәтижелерді бағалау бар шығындарды және оларды болдырмауға бағытталған шараларды көруге мүмкіндік беретін нақты ақпараттың жақсы үйлесімді жұмыс істейтін жүйесінің негізінде жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет