D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру бағадарламасы тобы бойынша



Pdf көрінісі
бет68/75
Дата06.04.2023
өлшемі1.01 Mb.
#471840
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   75
D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру ба адарламасы тобы б

Антикалық 
және 
ежелгі 
дүние 
тарихын 
оқытудың 
ерекшеліктері.Ежелгі дүние тарихы курсының мазмұны. Оның хронологиялық шеңбері
кезеңдері. Курс құрылымы. Антикалық және ежелгі дүние тарихы курсының негізгі ұғымдары 
мен жетекші идеялары. Оқыту материалдарын таңдау критериі. Оқулықтың кернекілік және 
деректік материалын пайдалану. Алғашқы деректі қолдану. Эгей әлемінің пайда болуы мен 
құрылуы, крит, треон және микен мәдениетінің гүлдену кезеңі, полистер әлемі мен оның 
күйреуі,эллиндік дәуірдегі Жерорта теңізі. Ұлы Рим державасының калыптасуы, Рим 
республикасының дағдырысы мен құлауы, принципат дәуіріндегі императорлық 
Рим, III-ші ғасыр дағдарысы мен доминат кезеңі. Классикалық Рим құқықгары. 
Императорлық Рим архитектурасы. Тәрбиелеу мақсаттарында ежелгі Рим кейіпкерлерін 
үлгі ретінде пайдалану. Ішкі пәндік және пәнаралық байланыстар. Антикалық жане Ежелгі 
дүние тарихы курсының тақырыптары мен бөлімдерінің құрылымындағы жалпылау 
сабақтарының орны. 
Орта ғасырлар тарихын оқыту ерешеліктері. Орта ғасырлар тарихын мектеп 
курсының мазмұны, хронологиялық шеңбері мен кезендері. Қоғамның даму 
заңдылықтарын ашуға қолайлы курстың негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары. Азия 
және Африка, Америка, Еуропа елдерінің ортағасырлық тарихындағы негізгі оқиғалар мен 
процестерге дәйекті сипаттама. Ерте орта ғасыр, орта ғасырлық гүлдену кезеңі. 
Орталыктанған мемлекеттердің пайда болуы. Орталық Еуропадағы феодалдық күйреу. 
Батыс Еуропа мәдениеті. Ұлы географиялық ашулар және отарлық шапқыншылық. 
Еуропа елдерінің кейінгі отағасыр тарихы. Еуропа елдерінің экономикалық , әлеуметтік 
және мәдени дамуындағы түбегейлі өзгерістер, ерте капиталистік қатынастардың пайда 
болуы. Англия, Германия, Франция мемлекеттік құрылымындағы түбегейлі өзгерістер. 
Реформация, контрреформация, қайта өрлеу сияқты жалпы еуропалық процестер. 
Еуропалық және Азиялық аймақтардағы экономикалық және саяси дамуға географиялық 
және климаттық ерешеліктердің ықпалы. Тарих сабақтарында және үй тапсырмасын 
орындауда оқулық материалдарын пайдалану. Тұрмыс, салт-дәстүр, дін, мәдениет, тарихи 
қайраткер тұлғаларды зерттеуде қосымша материалдарға көңіл аудару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет