D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру бағадарламасы тобы бойынша



Pdf көрінісі
бет50/75
Дата06.04.2023
өлшемі1.01 Mb.
#471840
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75
D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру ба адарламасы тобы б

Герман Федеративтік Республикасы.
Бонн конституциясы. Батыс герман монополиялары позицияларының нығаюы және 
шетелдік капиталдың ролі. «Герман экономикалық кереметі». Экономикалық даму 
себептері. Дүние жзілік рынокта батыс геман монополияларының позициясының күшеюі. 
ГФР мен басқа батыс елдері арасындағы алауыздықтардың өсуі. 
Американың Батыс Германияны қаруландыру саясаты. 1953 ж. сайлау және 
консервативті ағымның күшеюі. 1954 ж. Париж келісімі және ГФР – дың НАТО – ға енуі. 
Бундсвердің құрылуы. Шаруашылықты милитарландыру. Жалпыға бірдей әскери міндет 
туралы заңның қабылдануы. «Ортақ рыноктегі» ГФР мен НАТО – ның мақсаты. Батыс 
Берлинмен бейбіт келісім туралы кеңес үкіметінің ұсынысын қабыл алмау. ГДР – сын 
мойындамау саясаты.
50 – шы жылдарда ГФР – ындағы жұмысшы табының жағдайы мен күресі. Еңбек 
қатынастарының мемлекеттік – монополиялық реттеу. Л.Эрхардтың әлеуметтік нарықтық 
шаруашылығы. Ереуілдік қозғалыстар. ГСДП мен кәсіподақтардың позициясы. Бад – 
Годесбергтегі ГСДП съезі мен партия бағдарламысының қабылдануы. «Халықтық 
капитализм» концепциясы. ГКП – ның еңбекшілердің мүддесі үшін күресі. 
Жұмысшыларға қарсы заңдар мен ГКП – на тыйым салынуы. Прогрессивтік күштердің 
милитарландырудың жандануына қарсы күресі.
ГФР – ның 60 – жылдардағы экономикалық дамуы. Мемлекеттік – монополиялық 
капитализм тенденциясының бұдан кейінгі күшеюі. Еңбекшілердің өмірлік құқығын 
шектеу. Аденауэрдің отставкасы. Эрхардтың ішкі жәене сыртқы саясаты.
«Үлкен одақ» үкіметінің құрылуы. «Төтенше заңдарды қабылдау». «Жаңа» шығыс 
саясатының мәні. ҰДП (НДП) – неонацизм партиясы. 


ГФР – ғы демократиялық құқық пен бейбітшілік үшін күрес. Парламенттен тыс 
оппозиция. Жұмысшы қозғалыстарының өрістеуы. ГКП – сын ресмилеу үшін күрес.
Герман коммунистік партисының құрылуы. 1969 ж. бундестагқа сайлау. Саяси 
партиялардың қайта топталуы. В.Бранд үкіметі. ГФР – ның социалистік елдермен қарым – 
қатынасындағы бет бұрыстар. 1972 ж. бундестагқа кезектен тыс сайлау. ГДР – мен қарым 
– қатынастардың негізгі аспектілері туралы келісім – шарт. ЧКСР – мен қарым – 
қатынастарының тұрақтануы.
В.Брандт кабинетінің отставкасы және билікке Шмидт үкіметінің келуі. ГФР – ның 
КСРО – мен және басқа да социалистік елдермен қарым – қатынасының мұнан былайғы 
дамуы. ГФР –ның қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері бойвнша өткізілген жалпы 
европалық мәжіліске қатысуы. НАТо мен ЕЭО – ындағы ГФР – ның ролі. Брандт пен 
Шмидт үкіметінің Батыс Берлинге қатысты саясаты. 
ГФР – ның 70 –жылдардағы экономикалық саясаты. Брандт пен Шмидтің ішкі 
саясаты. Жұмысшылар қозғалысы. 1976 ж. сайлау. Шмидтің екінші үкіметі. 
Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар. Терроризмнің күшеюі. Демократиялық 
күштердің еңбекшілердің мүддесі мен әлеуметтік прогресс үшін күресі. «Жасылдар» 
партиясының құрылуы. ГФР – ның 80 – жылдардағы сыртқы саясаты. ГФР – да орта 
қашықтықты америка ядролық қаруын орналастыру туралы шешім және бұл шешімге 
қарсы наразылық қимылдары. «Кіші одақтың» ыдырауы. Билікке ХДС/ХСС – СвДП 
одағының келуі. Г.Кольдің ішкі және сыртқы саясаты. ГФР – ның экономикалық жағдайы. 
1986 – 1988 жылдардағы салық жүйесі. 1990 ж. 3 қазанында Германияның бірігуі. ГДР – 
нің жоспарлы экономикасын қайта құруға байланысты федералды үкіметтің алғашқы 
қадамдары. Жұмыссыздық пен әлеуметтік шиеленістің өсуі. ГФР – ның сыртқы саясаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет