Құдайбергенова Айжамал ибрагимқызы



бет18/27
Дата01.04.2022
өлшемі371.5 Kb.
#456557
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Қорытынды бөлімде диссертацияда алынған нәтижелер нақтыланып, қарастырылып отырған мәселелер бойынша тұжырымдар жасалды.
Біріншіден, кеңес дәуіріндегі көші-қон үдерісі мен оның демографиялық салдарларын ұлттық идеологиялық тұрғыдан зерттеуде өркениеттілік принциптерінен ауытқымауды тұжырымдамалық қағида ретінде ұстандық.
Екіншіден, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарих ғылымының тұжырымдамалық ұстанымы тұрғысынан ашылған жаңа көзқарастарға сай кеңес дәуіріндегі республика халқының саны мен құрамындағы өзгерістерге ықпал еткен негізгі фактор – көші-қон үдерісі өзіндік ерекшеліктері бар алты кезеңге бөлінді.
1917-1926 жж. – көші-қонның саябырсыған кезеңінде Қазақстанға бағытталған ерікті көші-қон басым болып, қалыптасудағы диаспоралардың өсімінде ішкі табиғи дамуы ерекше рөл атқарды. 1916-1926 жж. Қазақстанға 800 мың адам, жылына орта есеппен 80 мыңнан адам келіп отырған. 1916 ж. ұлт азаттық көтеріліс, 1917-1918 жж. Түркістандағы ашаршылық, кеңес өкіметінің орнауы, азамат соғысы салдарынан қазақ ұлтының шетелге көші-қоны орын алды. Бұл кезеңде бұрынғы патша өкіметінің отарлау саясатымен астасқан көші-қон саясаты жаңа кеңестік түрге ауысты.
1926-1939 жж. - қайта өрлеу кезеңінде орын алған ұжымдастыру мен өндірістендіру қарқыны барлық ұлт өкілдерінің дәстүрлі өмір салтын бұзып, еріксіз көші-қон есебінен Қазақстандағы ұлттардың саны өсті. 1925 ж. өлкелік партия басшылығына Голощекиннің келуімен көші-қон үдерісі жаңа қарқын алды. Аграрлық, өндірістік көші-қонмен бірге осы кезеңнен бастап көші-қон үдерістерінде күштеу шаралары орын ала бастады. Қазақтардың сыртқа көші-қоны 1929-1933 жж. ашаршылықтың зардабынан туындады.
1939-1959 жж. ішіндегі екі кезеңде мәжбүрлі және ерікті жолмен өрістеген көші-қон халықтың жастық және жыныстық құрамындағы өзгерістерге әсер етті. 1939 ж. бастап әйелдер мен ерлер арасалмағында неке жасындағы ерлер жетімсіздігі анық көрінді. Алайда, индустрияның қарқынды дамуы, тың жерлерді игеру т.б. шаралар арқасында 20-35 жастағылардың республикаға ағылуы, көші-қоншылардың көпшілігі ерлер болғандықтан бұл зәруліктің орнын толтырғандай болды. Жаңа қалалар пайда болып, ауыл шаруашылығы мен мәдениетінің дамуына игі ықпал тигізді (1959-1979 жж. 40 қала, 59 жұмысшы поселкелері, 359 ауыл пайда болды).
Бірақ сыртқы көші-қондық толқынның көлеңкелі тұстарын атап кету керек:
- Қазақстан халқының көпұлттануының ақыры 1930 жж. бастап 1990 жж. дейін жергілікті халықты өз отанында азшылыққа айналдырды;
- көші-қон республикаға білікті мамандардың келуіне жол ашты. Қазақстанның индустриясы мен ауыл шаруашылығының дамуына көшіп-қонушылардың сіңірген еңбегі зор, бірақ, еңбектің индустриалдық салаларындағы ұлттық мамандардың үлесі тіпті төмен болды. Қазақ жұмысшылардың үлесі экономикалық индустриялық салалардағы инженер-техникалық интеллегенция құрамында 1950-1970 жж. біршама артқанымен, 1993 ж. 1 қаңтарда қазақтар өндірісте 24,2%, көлік саласында 31,4%, байланыста 31,4%, құрылыста 21,6 қана болды;
- Қазақстанда орыс тілділердің басым болуы, оған қоса араб жазуынан алдымен латын, одан кейін кириллицаға көшу және тағы басқа қолданылған шаралар қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін жоғалтуға әкеліп соқтырды. Тіпті Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған күннің өзінде де қазақ тілі лайықты бағаланбай келеді. 1939 ж. қазақтардың 0,4%-ы орыс тілін ана тілім деп есептесе, 1959 ж. 1,2%-ға өскен. 1959 ж. республика халқының 29,9%-ы қазақ тілін (қалада 16,4 %, ауылда 40,4%) ана тілім деп есептеді. Орыс тілін ана тілім деушілер республика халқының 49,2% болды. 1989 ж. 2,5 мың қаладағы қазақтың 97%-ы қазақ тілін ана тілім деп есептегенімен, 1990-жж. басына қарай қазақтардың 40%-ы өзінің ана тілін меңгермегенін немесе нашар меңгергенін айқындалды. Осыған қоса, өзге ұлт өкілдерінен тұратын қалалықтардың 0,7%-ы ғана қазақ тілін еркін меңгерген. Қалаларда 50%-дан аса неміс, украиндардың 63,4%-ы, белорусьтердің 66,6%-ы, корейлердің - 50%-ы орыс тілін ана тілім деп есептеген. Орыс тілі Қазақстан Ресейдің отары болған кезден бері жазу графикасына өзгерістер енгізгенімен қазақ жерінде үзіліссіз пайдаланылуда. Мұның өзі қазақ тілінде сауаттылардан көрі орыс тілінде сауаттылардың саны мен үлесінің ардайым көп болуына әсерін тигізуде;
- көші-қон Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әркелкіліктің негізін қалады. 1950-жж. солтүстік аймақта көптеп пайда болған жұмыс орындары көші-қоншылар есебінен толықтырылып отырылды. Орталық Қазақстан (Қарағанды темір бассейні, металлургия заводы, Екібастұз көмір бассейні), Шығыс Қазақстан (Лениногорск қорғасын заводы, Өскемен қорға-сын-мырыш комбинаты) өнеркәсіпті аймақтары мен тың жерлері игерілген Солтүстік аймақтарға күрделі қаржының көптеп бөлінуі бұл аймақтардың әлеуметтік-экономикалық салаларының өзге аймақтармен салыстырғанда жылдам және жоғары қарқынмен дамуына әкелді. Кеңес дәуірінде халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс-жағдайына әсер ететін, ерекше оңтүстік облыстардағы жұмыссыздық пен жұмыс орнының жетімсіздігінің негізі қаланды;
- орасан зор сыртқы көші-қондық толқын индустрия саласындағы еңбекте қазақтардың қаладағы үлесін төмендетті. Қазақтардың урбанизациялануы
1926 ж. 2%-дан 1989 ж. 47,4% болды және т.б.;
- Қазақстан жерінің ядролық қаруларды сынау мен қосмосты игеру полигонына айналуы және табиғи ресурстарды есепсіз пайдалану экологиялық жағдайларды, экологиялық көші-қонды туындатты. Өлім-жітім коэффиценттері Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Семей, Талдықорған облыстарында әлі күнге дейін салыстырмалы төмендемей тұр;
- көші-қон нәтижесінде аралас некелер көбейді. Аралас некенің ұзақ уақыт бойы белгілі бір жүйелермен арнайы жүріп жатқан ассимиляциялау үдерісіндегі шараның бірі екенін айту керек. Ал, ассимиляцияға ұшыраған халық өз тілінде сөйлемейді. 1959 ж. республикадағы 1915,4 мың отбасының, аралас некедегілерін қосқанда, үй басшысының ұлтына сәйкес 42,3 %-ы орыс ұлтынан, 28,6 %-ы қазақ ұлтынан тұрды. Халық құрамын отбасылардың қай ұлт өкілдерінен тұратындығына байланысты талдасақ, онда қазақ отбасылары 1939 ж. салыстырғанда 28,6 %-ға төмендеген.
Қазақстандағы кеңес дәуіріндегі көші-қон халықтың полиэтникалық құрылымын қалыптастырып, жергілікті этностың маңызы мен орнын өзгертіп, ел мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық бейнесін тарихи қысқа мерзімде индустриалдық даму деңгейіне жеткізді. Қазақстандағы қазақ ұлты мен әр түрлі диаспоралар кеңес дәуірі тұсындағы қалыптасуы барысында өз этносының мәдениетімен бірге, орыс және басқа да халықтар мәдениетінің элементтерін қабылдады. Қазақтарда тілдік, мәдени, тұрмыстық, дүниетанымдық салт-санасындағы өзгерістерге, ал әр түрлі диаспора өкілдерінде тарихи отанындағы отандастарымен тілдік-мәдени, тұрмыс-салт өзгешеліктеріне негізделген менталитеттің (мысалы, корейлер, немістер, еврейлер, поляктар және т.б.) қалыптасуында көші-қон үдерісі негізгі рөл атқарды. Кеңес заманында күрделі де маңызды өзгерістерге түскен қазақ және басқа да ұлт өкілдерінің сандық және сапалық мазмұнына, демографиялық мінез-құлқына әсер еткен көші-қон ұлттардың тарихи орнын анықтауда да шешуші рөлге ие болды.
1897 ж. елдегі Қазақстаннан тыс жерлерде туылғандардың үлесі 8,3% болған болса, 1999 ж. олардың республикадағы үлесі, славян өкілдері мен немістердің өз отанына көшулеріне қатысты ірі көші-қон ағындарынан кейін 22,9% құрады. Кеңестік кезеңде өткізілген әрбір санақ Қазақстанға сырттан келіп, тұрақтанған көшіп-қоншыларды тіркеді. Сонда, Қазақстан халқының 50-60%-дайын сырттан келгендер, соның ішінде ХХ ғ. өн бойында келгендер мен олардың ұрпақтары құрайды. Осы жерде айта кетер жайт, қазіргі Қазақстандағы қазақтардың
2 млннан астамы ХХ ғ. саяси-экономикалық, әлеуметтік катаклизмдердің нәтижесінде орын алған демографиялық апаттар кезінде шетелге кеткендердің ұрпақтары. Оны былайша анықтаймыз: 1950-жж. екінші жартысынан 1963 ж. аралығында Қазақстанға қайта оралғандар өсіп-өнуі негізінде 1 млннан асқан болса, 2009 ж. қазандағы ресми мәлімет бойынша Қазақстанға келген отандастарымыздың саны 753,4 мың адам (192,4 мың отбасы), ал өз бетінше квотадан тыс келгендермен қосқанда 1 млннан асты деген есеп бар [43, 1,
4-бб.]. Сол себепті, 2009 ж. санақта 10098,0 мың адам болған қазақтардың шамамен алғанда 2 млннан астамы қайта оралған қазақтар деп айтуға болады.
Зерттеу барысында туындаған ұсыныстар:

  • Көші-қон туралы Заңды жетілдіру керек. Онда оралмандардың азаматтық алуын жеңілдететін және әлеуметтік қамсыздандырылуын нақтылайтын шаралар қарастырылғаны жөн;

  • сырттан келетін еңбек көші-қоншыларына шектеу мен іріктеу арқылы Қазақстанда жоқ және қажет мамандық иелерін кіргізу керек. Шетелдік және қазақстандық жұмысшылар жалақысындағы айырмашылықтарды жою қажет;

  • аймақтық, облыс аралық ішкі көші-қонды реттейтін шараларды жетілдіру керек. Жұмыс күші артық оңтүстік, шығыс аймақтардан жұмыс күші қажет аймақтарға жұмысқа қабылдауды ұйымдастырған жөн;

  • халықтың әлеуметтік және мәдени өмірі мен Қазақстандағы көші-қон мәселесіне қатысты зерттеулер мен шараларды жалғастыру қажет. Осы мақсатта БҰҰ жүйесіндегі халықаралық еңбек ұйымы және басқа да арнайы агенттіктермен басқа да халықаралық ұйымдармен байланысу;

  • ашаршылық жылдарында шекарадан өтпекші болған қазақтардың әлі күнге дейін сүйектері шашылып жатқан тау шатқалдарына арнайы экспедициялар ұйымдастыру арқылы шашылып жатқан сүйектерін жерлеу рәсімдерін жасап, аштық құрбандарына ескерткіш-белгі қою және т.б.

Сонымен, егер 1970-жж. дейінгі көші-қон Қазақстанды полиэтникалық елге айналдырған болса, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның көпұлттылығы республикадағы қоғамдық және ұлтаралық қатынастардың өркениетті үлгісін көрсетудегі ерекшелікке айналды. Ал, ХХ ғ. 90-жж. бері Қазақстанда қазақ халқы үшін оң, орыс, неміс, украин және т.б. европалық ұлт өкілдері үшін кері көші-қондық дүмпуді туғызған үдеріс бүкіл әлемдік адамзат қауымдастығы әлдеқашан енген, информациялық қоғамнан туындаған жаћандану үдерісіндегі бостандықтың, нақтырақ айтқанда – көшіп-қону, тұратын жерін таңдау, өмір сүру т.б. құқықтарына негізделген адам бостандықтарының көрінісі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет