Жол. Орташа жылдамдық
НҰСҚА 2 7/1
А-ТОБЫ
|
Пойыз 20 м/с жылдамдықпен 30 с бірқалыпты қозғалды. Осы уақыт ішінде пойыз қанша жол жүреді?
Құбыр арқылы 1 сағат ішінде 0,4 м/с жылдамдықпен көлемі 200 м3 су ағып өтетін болса, құбырдың ауданы қандай?
Мына жылдамдықтардың қайсысы кіші: 440 км/сағ па, әлде 125 м/с пе?
Ғарышкер Жерді айнала 41580 км қашақтықты 28000 км/сағ орташа жылдамдықпен ұшып өткен. Ғарышкердің ұшу уақытын табу керек.
|
Б-ТОБЫ
|
Жарыс машанасы 360 км/сағ жылдамдықпен зымырайды. Ал Жердің Күнді айналу жылдамдығы бұдан 300 есе артық. Осы мәліметтерге сүйене отырып, Жер орбитасының ұзындығын тап.
Автобус жолдың 10 км болатын алғашқы бөлігін - 16 минутта, ал келесі 24 км-ін 18 минутта жүріп өтті. Автобустың бүкіл жолдағы орташа жылдамдығын анықта.
|
С-ТОБЫ
|
Моторлы қайық екі бекеттің арасын өзен ағысымен 3 сағатта, ал сал 12 сағатта жүзіп өтсе, моторлы қайық екі бекеттің арасын кері қарай қанша уақытта жүзіп өтер еді?
|
Жол. Орташа жылдамдық
НҰСҚА 3 7/1
А-ТОБЫ
|
Ыдыстың көлемі – 0,5 cм3. Осы көлемді куб метрмен және куб дециметрмен өрнекте.
72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты жүріп келе жатқан пойыз 30 с ішінде қанша жол жүреді?
Көлемі 0,003 мм3 май тамшысы су бетіне 300см2 ауданды алып жайылған. Май қабыршағының қалыңдығы май молекуласының диаметріне тең деп алып, осы диаметрді тап.
Жаяу адам жолдың 30 м алғашқы бөлігін - 20 секундта, ал келесі 58м-ін - 40 секундта қалған 45м-ін - 30 секундта жүріп өтсе, оның бүкіл жолдағы орташа жылдамдығы қандай болғаны?
|
Б-ТОБЫ
|
Жүк кемесі белгілі бір аралықты өзен ағысымен 600 км/тәул жылдамдықпен, ал ағысқа қарсы 336 км/тәул жылдамдықпен жүріп өтетін болса, өзен ағысының жылдамдығы қандай?
Спортшы жолдың үштен бір бөлігін 20 км/сағ жылдамдықпен велосипедпен жүрді, ал қалған бөлігін 10 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп өтті. Оның барлық жолдағы орташа жылдамдығы қандай?
|
С-ТОБЫ
|
Қайық өзен ағысымен қозғала отырып, екі бекеттің арасын t1=3 сағатта, ал ағысқа қарсы осы ара қашақтықты t2=5 сағатта жүріп өтеді. Егер екі бекеттің ара қашықтығы S=15км болса, қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы және ағыс жылдамдығы қандай? Қайықтың сумен салыстырған-дағы жылдамдығы барлық уақытта да тұрақты.
|
Достарыңызбен бөлісу: |