U тәрізді қатынас ыдыстың ішіне сынап құйылды. Егер ыдыстың бір жағына бағанының биіктігі 0,8 м су, ал екінші жағына бағанының биіктігі 0,2 м керосин құйылса, онда керосин жағындағы сынап бағаны қанша биіктікке көтеріледі? су103 кг/м3, к800 кг/м3, сын13,6103 кг/м3.
Бөшке ішіндегі мұнайдың деңгейі түбінен 9,5 м биіктікте болса, онда оның бөшке түбіне түсетін қысымын есептеңіздер. Сондай-ақ ауданы 290 м2 түпке түсіретін жалпы қысым күшін анықтаңыздар. м800 кг/м3.
С-ТОБЫ
Цилиндр тәрізді ыдысқа массасы бірдей сынап және су құйылды. Сұйықтардың екеуінің жалпы деңгейлерінің биіктігі h=30 см. Сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықта. (сурет) су103 кг/м3, сын13,6103 кг/м3.
Сұйықтардың және газдардың қысымы. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс.
НҰСҚА 5 7/4
А-ТОБЫ
Керосиннің ішінде, оның деңгейінен 400 мм биіктікте тығын тұр. Егер тығынның ауданы 16 см2болса, осы тығынға керосин қандай қысым күшін түсіреді? к800 кг/м3.
Төртбұрышты шыны ыдыстың табанының ұзындығы 50см, ені 20 см. Осы ыдысқа 5 л су құйылды. Судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай? с1000 кг/м3.
Шаңғышының қарға түсіретін қысымы 2,5 кПа. Егер бір шаңғының ұзындығы 190 см, ал ені 8 см болса, онда шаңғышының массасы қандай?
Жүгі бар тіркеменің массасы 2,5 т. Әр дөңгелектің жолмен жанасу ауданын 125 см2-қа тең деп алып, тіркеменің жолға түсіретін қысымын анықта.