Сұйықтардың және газдардың қысымы. Қатынас ыдыстар.
Гидравликалық пресс.
НҰСҚА 8 7/4
А-ТОБЫ
|
Қандай тереңдікте судың қысымы атмосфералық қысымнан 7 есе артық болады? Атмосфералық қысым 105 Па, судың тығыздығы 1000 кг/м3.
Тіктөртбұрышты ыдысқа толтыра су құйылды. Осы ыдыстың табанының ұзындығы 50 см, ені 20 см, ал биіктігі 30см болса, ыдыстың қабырғасын су қандай орташа күшпен қысады? с1000 кг/м3.
Гидравликалық престің кіші поршеньі 500 Н күштің әсерінен 15 см төмен түсті. Бұл жағдайда үлкен поршень 5см көтерілді. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?
Вагон бір дөңгелегінің темір жол рельстерімен жанасу ауданын 4 см2 деп алып, массасы 32 т жүк тиеген төрт ості вагонның темір жол рельсіне түсіретін қысымын есептеп шығар.
|
Б-ТОБЫ
|
Тынық мұхитының ең терең жеріндегі (11035м) судың қысымын есепте. с1030 кг/м3.
Гидравликалық престің кіші поршеньі 600Н күштің әсерінен 12 см түсті. Осының нәтижесінде үлкен поршень 3 см көтерілетін болса, оған әсер ететін күш қандай?
|
С-ТОБЫ
|
U тәрізді қатынас ыдыстың түтігінің біреуі, екіншісінен қысқа (сурет). Түтіктің ішіне сынап құйылды. Түтіктің біреуіне тығыздығы 0,9103 кг/м3 май құйған кезде қысқа түтіктегі сынап, алғашқы деңгейімен салыстырғанда h1,5см-ге көтерілетін болса, май бағанының биіктігі қандай? сын13,6103 кг/м3.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |