Дайындаған: Қабылдаған: Тобы


Мектеп мерекелерінің тиімді жақтары



бет4/8
Дата29.05.2024
өлшемі86.18 Kb.
#502040
1   2   3   4   5   6   7   8
тәрбие өбөж[1]-1[1]

2.1.Мектеп мерекелерінің тиімді жақтары

Мектеп мерекелерінің кейбір тиімді жағдайларын көрсете өтсем. Олардың ең маңыздыларын¥келтірейін.


1. Бала және жасөспірім психологиясына әркезде жаңашылдық, әдемілік, таңғажайыптық жақын. Сондықтан мектеп мерекелерінің тиімділігін арттыру үшін зал мен бөлмелердің сыртқы безендірілуінің маңызы зор. Мерекенің тақырыбына сай әрі әдемі безендірілген зал оқушылар мен көрермендерді оң көңіл-күйге бөлейді, шараның басында-ақ қанағаттанарлық сезім тудырып, эмоционалды көтеріңкі көңіл сыйлайды. Гүлдер, бильбордтар, плакаттар, портреттер, фотоқұжаттар мен фотоальбомдар, жеңіл әрі көңілді музыка - осының бәрі мектеп мерекесінің залын керемет әдемілікке бөлейді.[9]
2. Тәрбиенің талаптарына және мәндеттеріне сәйкес келетін кез-келген мектеп мерекесінің негізгі идеясы жан-жақты ойластырылып, нақты анықталуы тиіс. Дәл мерекенің идеясы оқушылар байында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыруға көмектеседі. Сондықтан ол дайындық жұмыстарының барлық кезеңдерінде ескеріліп отырылуы тиіс және бастапқы минутынан соңғы минутына дейін есепте болу керек. Тәжірибелік жұмыс көрсеткендей, кейбір мерекені ұйымдастырушылар оны неге өткізіп жатқандығын түсінбейді, өйткені оның мазмұнында негізгі идея жоқ. Онда тек жекелеген қатысушы топтардың бөлек-бөлек әрекеттері ғана көрінеді. Ал негізгі идеялардың болмауынан мерекелер ойдағыдай өтпейді. Содан олар тек ақпарат беруші, әртүрлі сандық деректер келтіруші шара болып қана өтеді. Оған оқушылар да белсенді қатыспайды.
3. Мереке бағдарламасына спорттық және көңілді ойындар қосылып өткізілсе тәрбиелік мәні артар еді. Ойын жүргізілетін сәттер оқушыларды мерекеге ынталандырады, оған қатысқаны үшін жауапкершілігін арттырады. Мұғалімнің, ырғақтың, күрделі спорттық-гимнастикалық қимылдардың көмегімен мерекені қызықты, тартымды етуге болады. Сөйтіп, сахнаға түрлі-түсті киінген оқушылардан құрастырылған пирамида шыққанда, ол күтпеген жерде пайда болса деп елестетіп көрейікші, сонда аз уақыттан кейін-ақ бәрін лезде өзгертіп жібергендей болып сала береді. Көтеріңкі көңіл-күй, мерекеге қатысуға деген қызығушылық пайда бола бастайды.
4. Кез-келген мектеп мерекесінде көрермен мен қатысушы арасына шекара қоюға болмайды. Міндетті түрде әртүрлі бағытта бәрі де қатысушы болып отыру керек. Осының нәтижесінде оқушылар өзге адамдармен тереңірек араласып тәжірибе жинақтайды. Зерттеу қорытындыларына сүйене отырып, біз тәрбие іс-шараларын жүргізуде технология-сынақ әдістерінің маңызы өте зор деп есептейміз. Мұндай тапсырмалар мен міндеттемелер оқушылардың санасына мерекенің негізгі мағынасын, идеясын мақсатқа бағытты қатысушылардың көңіл-күйлерін бұрып отырып, олардың әлеуметтік белсенділігі мен әрекеттерін тереңдетіп кеңейтуге болады.
5. Дайындық кезеңінде ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ақуал, ұйымдастырушылар мен барлық қатысушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнауын қамтамасыз ету керек. Бұл қатысушыларға қиындықтарда қосымша қуат пен күш жинауына мүмкіндік береді. Тәжірибелік жұмыстан көрінгендей, кейде дайындық кезінде кейбір ұйымдастырушылар тарапынан қажетсіз күйгелектік, ашушаңдық, шыдамсыздық жағдайлар көрініп қалады. Бұл әрине ұйымдастырушылар мен қатысушылар арасындағы арақатынасты күрделендіреді, жалпы рухани-өнегелілік ақуалға кері әсерін тигізеді.
6. Кез-келген мерекенің жетістікке жетуі құрылымдығын, мақсаттылығын, логикалық байланыстардың кезең арасындағы жасалуы жағынан ұйымдастырушылықты дұрыс қалыптастыруына байланысты. Әрбір қатысушыға нақты және шамасына қарай тапсырма берілуі тиіс. Алдын ала мерекеге қажетті барлық материалдарды дайындап қою керек, жүйелі түрде дайындық жұмыстары, олардағы қиындықтар мен мәселелер туралы мектеп ұжымын, ата-аналарды хабардар етіп тұру керек. Әйтпесе, ол көңіл көтеретін оқиғаға айналып кетуі мүмкін.
7. Мерекенің маңызды тәрбиелік мазмұны кесте құруда. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысымызда біз мынадай кестені қолдандық: басталуы, негізгі кезең, соңғы бөлім. Мерекенің мұндай жоспары компазициялық кемшіліктердің болмауына мүмкіндік береді.
Тәжірибеде мерекені ұлттық дәстүрлер мен еңбек дәстүрлеріне сүйене отырып ұйымдастыруда біз А.С.Макаренконың тәрбиеленушілер жан-тәнімен еліміздің алға жылжуын, оның жұмыстары мен жетістіктерін сезіне білуі керек. Әр қадам сайын тәрбиеленушіге оның әр жұмысы еліміздің өмірі мен өркендеуіне қосқан үлесі екенін көрсетіп, сездіріп, түсіндіріп отыру қажет. Оларға даңққа, ерлікке толы өткен күндерді көрсетіп отыру керек Ұлы педагогтың бұл ойлары дәл осы мектеп мерекелерінде жүзеге асырылады.Мектеп мерекелерінің тиімділігі туралы айта отырып, мынадай сұрақ туындайды: оның қандай элементтері оқушыларға күштірек әсер етеді? Өкінішке орай бұл сұраққа бірден жауап айту мүмкін емес. Өйткені, ол іс-шараның тақырыбына, мақсатына, бағытына байланысты. Мысалы, мектепте көңілді сөре атты спорттық мерекеге дайындық жұмыстары жүріп жатыр делік. Іс-шараның мазмұнын құрайтын психологиялық-педагогикалық талдауы көрсеткендей, бұл жағдайда оқушылар дайындық барысында әртүрлі турнирлерге дайындалуға көбірек көңіл бөледі. Бұл деген дайындық барысында оқушылар көптеген жаттығулар жасап шеберлігін, біліктілігін арттырып үйрене түсуге тырысады. Командалық-ұжымдық жаттығулар олардың өзара байланысын жетілдіріп, байыта түседі. Осының бәрі оқушы балаларды біріктіреді және олардың шығармашылық қабілеттерін арттыра түседі. Мереке балалар үшін басталатын уақытынан әлдеқайда бұрын басталады. Сондықтан ең тиімді кезеңі - ол дайындық кезеңі болып табылады.Мерекенің ақтық сынына көбірек көңіл бөлген дұрыс, ол әртүрлі мажорлы тонда аяқталуы тиіс. Мысалы, ұзақ қол соғулар, көңілді билер мен мереке тақырыбына сай сүйікті әндер, ұйымдастырушының қорытынды сөзі, т.б. Осы және басқа да формаларды қолдана отырып оқушылардың жүрегінде жылы, сенімді із қалдыру арқылы маңыздылығын арттыруға болады.
Мерекені позитивті түрде аяқтау арқылы, оқушылардың осындай іс-шараларға деген қызығушылығын дамытуға болады.
Сонымен, мектеп мерекелері эмоционалды қанықтығының, театрландырылуы мен оқиғалығының арқасында оқушылардың эстетикалық сезімдері мен әлеуметтік-өнегелілік әсер алатынын, әлеуметтік құнды қажеттіліктерін қалыптастыруға шынайы тамыр жаятынын көруге болады.
Ұлы Жеңістің іс шараларына байланысты шаралар өткізу
барысында балалар кітапханашылары төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алулары
керек:
✓ Соғыс “саясатының” негізінде қандай мақсат болғанын талқылаудың
қажеті жоқ. Біздің міндетіміз балаларға сол жылдардағы адамдар мен
тарихи оқиғалар туралы әңгімелеу;
✓ Кешегі немесе бүгінгі соғыстың зұлымдық екенін, онымен адамзаттың
келіспейтіндігін¥жеткізу;
✓ Ұлы Отан соғысының халықтық екенін, ол үлкен зұлмат пен қиыншылық
екенін¥түсіндіру;
✓ Оқырмандарды соғыс тақырыбына жазылған көркем әдебиеттермен жете
таныстыру қажет. Әсіресе, қазақстандық жазушылар мен қазақ батырлары
туралы;
✓ Бұл тақырыппен жұмыс істеу барысында оның ауқымдылығын ескере
отырып, әр жастағы балалардың жас ерекшелігіне қарай шара ұйымдастыру
керек.
Қазіргі кезде әрбір кітапхана соғыс тақырыбын қамтитын баспа, аудио-
бейне басылымдарға өте бай. Біздің міндетіміз оларды оқырманға
насихаттау¥және¥жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет