Дайындаған: Қабылдаған: Тобы


Қазақстанда мерекенің атап өтілуі



бет5/8
Дата29.05.2024
өлшемі86.18 Kb.
#502040
1   2   3   4   5   6   7   8
тәрбие өбөж[1]-1[1]

3.Қазақстанда мерекенің атап өтілуі
Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз — өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.Соғыстан кейінгі алғашқы бейбіт жылдарда Жеңіс күнінің басты кейіпкерлері майданнан оралған жауынгерлер болды. Қазақстанда соғыстан кейінгі 77 жыл ішінде ардагерлер саны жыл санап азайып барады, елімізде қазір олардың саны бар-жоғы – 148. Елімізде бәріміз білетіндей «мәңгілік полк» шеруі дабыралы өтті. Жер-жерде мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Құрбан болған ата-бабалар еске алынды. Сары жолақты лента мен көк лента арасында талас-тартыс та болды. Дегенмен, зұлмат соғыстың шын кеспірі бүгінгі жұртқа жыл өткен сайын анық білініп, шартсыз өлімге айдап салған соғыс қылмыстыларының бет пердесі де ашылып келе жатқандай.Алайда ардагерлердің ерен ерлігін олардың жесірлері, тыл еңбеккерлері балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген азаматтар мәңгілік есте сақтайды. "Ардагерлер туралы" ҚР Заңы Ұлы Отан соғысының ардагері атағына кімдер ие бола алады және оларға қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетінін белгілейді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша соңғы жылдары көптеген облыстарда ардагерлерге төлемдер бірыңғай мөлшерде төленеді. Биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгеге тең болды. Көптеген өңірде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ҰОС қатысушылары 2 млн теңгеден алды. "Әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес 9 мамырға орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты әр облыста дербес белгіленеді", - деген қағидасыда қарастырылған.Қазақстанның барлық қалаларында салтанатты және естелік іс-шаралар өткізіледі. Биылғы жылы Орал қаласында Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған. 9 мамыр күні сағат 10.00-де "Алтын Орда" мәдениет үйінде "Менің Отаным – Қазақстан" атты мерекелік концерт өтеді. 9 мамыр күні сағат 10.00-де Жеңіс алаңында "Ер есімі-ел есінде" атты іс-шара жоспарланған 9 мамыр күні сағат 8.00-де Жеңіс алаңында, бауырластар қабіріне, "Батыр қыздар" алаңында Жуков, Масин ескерткіштеріне және "Бұл күндердің даңқы өшпейді" мемориалына гүл шоқтарын қою. 9 мамыр күні сағат 9.00-де ОМЗ алаңында "Ұлы жеңіс жасасын" атты салтанатты марш өтеді. Мұнда ардагерлерге сарбаз ботқасы беріледі, ал қала тұрғындарының назарына мерекелік концерт ұсынылады. 9 мамыр күні сағат 10.00-де №49 ЖОББМ-де "Ерлікке тағзым" іс-шарасын өткізу жоспарланған. Және де дәл осы секілді басқа мектеп немесе қоғамдық орындарда мейрам атмосферасы мен мереке тойланады,жоғарыда атап өткендей мекьеп қабырғаларында Жеңіс күні елеулі орын алатын мейрамдардың бірі болып табыла сәйкесінше кең әрі ауұымдды түрде өткізіліп отырады және сондай ақ сынып ішінде өзіндік тәрбие сағаттар мен ашыұ сабақтар әрі жалпы мектептік конференцияларды өткізеді,осылай олар оқушылардың өз еліне деген патриоттылық сезімдерге бөлеп қана қоймай оларды тарих әрі мемлекеттің құндылығын ұғындыра алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет