Дайындаған: Қабылдаған: Тобы


ТМД елдерінде Жеңіс күнінің өтілуі



бет6/8
Дата29.05.2024
өлшемі86.18 Kb.
#502040
1   2   3   4   5   6   7   8
тәрбие өбөж[1]-1[1]

3 .1.ТМД елдерінде Жеңіс күнінің өтілуі
9 мамыр бұрынғы Кеңес одағы құрамында болған елдерде «Жеңіс күні» деп аталып, мереке ретінде өткізіліп келеді. Дегенмен, Кеңес одағы тарих жүлгесінен алыстаған сайын, оның құрамында болған елдерде бұл күнге деген көзқарас та бірдей болмай бара жатуы - заңдылық. Соғыстың соңғы жеңісі, зұлмат қырғынның толастаған күні ретінде еске алғанымен, бұрынғы қызыл империя идеологиясының да көлеңкесі қалмай келе жатқаны жасырын емес.
Ресейде-«Жеңіс күні» Кеңес одағының заңды мұрагері саналатын Ресейде дәстүрлі түрде әскери шерулер, мерекелік салтанатты шаралармен өтті. Биыл Мәскеудегі парадқа, «Мәңгілік полктан» тыс 13 мың адам қатысқан. Жеңістің 73 жылдығына орай өткен парадта Қызыл алаңмен Ресей армиясыны жаңа әскери техникалары жүріп өтті, жалпы 159 әскери техника қатысқан. Мәскеудегі парадтың биылғы басты өзгешелігі осы болды. Ресейдегі «жеңіс күнінің» тағы бір ерекшелігі, Владимир Путиннің ресми түрде төртінші рет президенттік қызметін бастауына тұспа-тұс келді. Путин Қызыл алаңдағы сөзінде жеңістің маңызын айта келіп: «Бүгінгі таңда Еуропаны, әлемді құлдықтан, қырғыннан, фашизм тозағынан құтқарған елдің ерлігін жоққа шығаруға, соғыстың мазмұнын бұрмалауға, шынайы қаһармандарды бүркемелеп, тарихты өзі қайыра жазып, жалған тарих жасауға әрекеттеніп жүр. Біз бұған ешқашан жол бермейміз!»,– деді.
Украинада - Шын мәнісінде, бұл жеңістің мәніне, Екінші дүниежүзілік соғыс туралы да елдердің түсінігі әртүрлі. Украинада «жеңіс күніне» байланысты шерулер түрлі кедергілерге ұшырады. Ұлтшыл топтар ел ішінде жеңіс күнінің белгілерін көтеріп жүруге, оны мереке ретінде атап өтіп жатқандарға қарсы шықты. Сонымен бірге, 9-мамырда концерттік бағдарламалар таратқан телеарналарға да наразылық өршіді.
Латвияда -дағдылы түрде «Жеңіс күнімен» қатар «Еуропа күні» аталып өтті. Бұл елде де осы күнге деген көзқарас біркелкі емес. Сондықтан да орталық қаласы Ригада мерекелік те, протесттік те шаралар өткізілді. Латвияда Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісі ресми түрде 8-мамырға белгіленген. Ал, 9-мамыр Еуропа күні ретінде тойланады.
Беларусь- елінде Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресейден тартып, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан президенттеріне мерекелік құттықтау хатын жолдады. Алайда Беларусь орталық қаласы Минскте «мәңгілік полк» шеруіне тыйым салынды. «Мәңгілік полк» шеруіне былтырдан бастап Өзбекстан мен Тәжікстан елдері де тыйым салған Бұдан тыс Кеңес құрамында соғысқа қатысқан елдерде бұл датаға ортақ шаралар көп. Құрбандар ескерткішіне гүл қою, соғыс ардагерлеріне мерекелік тарту-таралғы ұсыну, шерулер өткізу тағы басқа шаралар. 9 мамыр күні еліміздің барлық өңірінде мерекелік іс-шаралар өтеді. Мәселен, Алматы қаласынд а таңертеңгі сағат 10.00-де 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау алдындағы алаңда Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі болады.Концерттік бағдарламаға «Поклонимся великим тем годам», «Священная война», «Жас қазақ», «Әлия», «Тальяночка», «Сағадат», «Смуглянка», «В землянке», «Ана туралы баллада» және басқа да композициялар енген.Соғыс ардагерлерінің құрметіне арналған мерекелік шаралар Астана қаласында да кеңінен ұйымдастырылуда. Қала жұртшылығы, ардагерлер «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қояды, мерекеге жиналған майдангерлер сарбаз ботқасынан ауыз тиеді, майдандық әндер шырқалады. Қаланың түрлі алаңдарында концерттік бағдарламалар өтеді. Елордадағы шаралар да отшашумен т әмамдалады. Отшашу сонау Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бастап қазіргі уақытқа дейін жарақтандыруда тұрған және Ұлы Жеңістің нышаны болып табылатын 76 миллиметрлік зеңбіректерден артиллериялық дүркіндетіп оқ атумен жүргізіледі. Салют 2 заманауи отшашу құрылғысымен жасалады. Олардың әрқайсының 173 бағыттаушысы бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет