Үш буынды сөздерді теріп жазыңдар.
2 – сынып
1 – сыныпта өткенді қайталау
Сөздік диктант
Алма, бұйым, әңгіме, мұнай, орман, сұлы, өзен, уылдырық, жусан, мыс.
Теңіз,түлкі, ұйқы, айран, жеміс, үйеңкі, қырман,аспан, бақша, көбелек.
Тақта, мақта, тауық, қауын, қайың, қоңырау, балық, жаңалық.
Тапсырма:
Уылдырық, айран, қоңырау деген сөздерді буынға бөліп жаз.
Жуан дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек, жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек жаз.
Көру диктанты
Құрт
Томпайтып ұртты,
Сорамыз құртты.
Жасайтын оны
Тек қазақ ұлты.
Е. Елубаев
Тапсырма:
Өлеңді жатқа жаз.
Томпайтып сөзін тасымалдап жаз.
Терме диктанты
Шатастырып кебісті
Екі қария керісті.
Бір – біріне кейісті,
Ақырында келісті.
Тапсырма:
Бір дыбысы өзгеріп тұрған сөздерді теріп жаз.
Өзгерген дыбыстың астын сызу, сөздердің мағынасын түсіндір.
Бақылау диктанты
Күз
Міне, қыркүйек айы туды. Күз болды. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауады.Күн көзі сирек көрініп, аз жылытады.Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп қалған. Құстар жылы жаққа ұша бастады.
Тапсырма:
Ағаштардың, құстары деген сөздерді буынға бөл.
Көру диктанты
Дыбыс және әріп
Үкі күндіз көрмейді, түнде көреді. Құндыз суда жүзеді. Бүркіт түлкіні алыстан көреді.
Сөздік диктант
1. Шаян, тұяқ, саяз, аялдама, баяу, ұялшақ, баяндама, аяқ, бояу, тақия.
2. Аю, ою, сарғаю, көркею, жымию, қою, баю, азаю, шалқаю, жиюлы
3. Сыйлық, тыйым, мойын, тиін, киім, мейіз, қайыс, мүйіз, қайық.
Шығармашылық диктант
Құстарға, жасадым, мен, ұя.
Мия, биыл, өсті, бітік.
Саябырсыды, жаңбыр, таңға, жуық.
Әнуар, оянды, ерте.
Бақылау диктанты
Қоға
Қоға сулы жерлерде өседі. Маусым, шілде айларында гүлдейді. Қоғаның тамыры жуан болады. Онда крахмал мен қант көп болады. Қоға шаруашылыққа да пайдалы. Оны үйдің төбесін жабуға пайдаланады. Сабағы мен жапырағынан түрлі төсеніштер, себеттер жасалады.
Тапсырма:
Шаруашылыққа деген сөзді буынға бөл.
Құс та досымыз
Айжан терезеден сыртқа қарап тұрған. Терезе алдында торғайлар шүпірлеп жүр. Ол терезені ашып, нанның уағын қойды. Құстар оны әп –сәтте жеп қойды. Айжан құстарға күнде жем беріп тұрды. Ақыры құстар оның алақанынан жем жейтін болды.
Тапсырма:
Алақанынан, наның деген сөздерді буынға бөліңдер.
МӘТІН
Шығармашылық диктант
МАҚАЛ
Е...бекті... на...ы тәтті,
Жалқауды... жа...ы тәтті.
Көп түктенің орнына н, ң, м әріптерінің тиістісін қойып, көшіріп жаз.
Сәрсе...бек-сыныбымыздың оқу озаты. Жексе...бі күні хайуанаттар бағына бармақшамаз. Күшіне се...бе, адал ісіңе сен.
Көру диктант
Батырлар аттасы балалар
Бауыржан, Мәлік, Талғаттар,
Сүйікті болып қалды аттар.
Олар аттас қаншама
Сәби бар, шәкірт, солдат бар.
Тапсырма:
Өлеңнен кім? Сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Бақылау диктант
ҚИҚАР КӨЖЕК
Орманда бір топ көжек қуаласып ойнап жүр. Біреуі қиқар екен. Ол қуалау ойынына қатыспады. Кешікпей олар жидек теруге шықты. Қиқар көжектің жүруі баяу. Ол басқа көжектерден кейін қалды. әуелі орман ағаштары сиректеу еді. Кейін жиіленді.
Ақыры көжек қиқарлығынан адасып қалды. (4 сөз).
Достарыңызбен бөлісу: |