Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАЗІРЕТІ СӘУДАМЕН ҮЙЛЕНУІ



Pdf көрінісі
бет103/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАЗІРЕТІ СӘУДАМЕН ҮЙЛЕНУІ 
Мұнан соң Хаула Зәманың қызы Сәудаға бұйымтайын айта барды... 
Хазіреті 
Сәуда 
— 
Сәкран 
ибн 
Амрдың 
әйелі. 
Ол 
алғаш 
мұсылмандықты мойындап, Хабашстанға көшіп, кейін Меккеге оралған. 
Сәуда Меккеге келген тұста бір күні түсінде айдың нұры сүзіліп үстіне 
құйылғанын көріп, тұра сала күйеуіне жорытқан. Сәкран: 
"Егер түсің рас болса, менің жақында татар дәмім таусылып, сен басқа 
біреуге үйленесің", - деген. 
Өзі айтқандайын, Сәкран арадан көп уақыт өтпей ауырып қайтыс 
болып, Хазіреті Сәуда бес баламен жесір қалады. 


162
Осылайша тұрмыс тауқыметін жалғыз көтеріп, жанарын жас жуған 
Сәудаға күтпеген жерден пайғамбарымыздың ұсынысы жетеді. Қолқа салып, 
айттыра келген - Хаулаға жауап бере алмайды. Үйелмелі-сүйелмелі бес 
баламен Хазіреті Мұхаммедке жүк болуға ары жібермейді. Бірнеше күн 
өткенде Расулаллаһтың өзі Сәудаға жолығуға келеді. 
Келген бетінде: 
"Менімен некелесуге кедергі болатын не?" - деп сұрайды. 
Хазіреті Сәуда: 
"Шынымды айтсам, сіз секілді құрметті жаннан мұндай тілектің келуі 
әркімге бұйырмайтын бақ екенін білемін. Бірақ менің бұғанасы қатпаған бес 
балам сізге ауыртпалық болады ғой", - деді. 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.): 
"Аллаһ саған рақым етсін! Әйелдердің ішінде ең қайырлысы - бала-
шағасын өсіру үшін қиындыққа төзе білгендер. Балаларың маған ауыртпалық 
болмайды. 
Сені 
менімен 
некелестіру 
ісін 
туыстарыңның 
бірі 
жауапкершілігіне алсын", - деді. 
Сәуда 
қайнысы 
Хатиб 
ибн 
Амрды 
куәгерлікке 
алып, 
пайғамбарлығының оныншы жылында Аллаһ Елшісімен бас қосты. Ол кезде 
Хазіреті Сәуда елу бес жаста болатын. 
Туған-туыстарынан бөлініп, тәухидтің туы астына жиналған, өз 
еркімен иман келтіріп, тура жолды таңдаған мұсылман әйелін Хазіреті 
Мұхаммед (с.а.у.) Аллаһтың дініне деген ықыласы үшін қамқорлығына алып, 
күллі мұсылман баласының анасы болу құрметіне лайық көрді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет