Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруыңа әбден



Pdf көрінісі
бет126/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруыңа әбден 
лайық. Онда заттың және рухани кірлерден тазалануды жанындай 
сүйетін адамдар бар. Аллаһ та тазаланғандарды сүйеді». 
Бұл ғибадатханаға Аллаһ Расулы ғұмыры бойынша әр сенбі сайын 
жаяу не көлікпен келіп зиярат етіп, ішінде намаз оқитын. 
Мұсылмандарға да барынша тазарып келіп, Құба мешітінде намаз 
оқыған адамға Умра - кіші қажылық сауабы жазылатынын ескерткен. 


193
Ислам жолындағы кедергілер ақырындап жойылып, иман нұры 
шартарапқа жайыла бастаған кезеңде тұрғызылуының өзі Құба ауылындағы 
мешіттің маңызын арттыра түсетіндей... 
Құбадан аттаныс 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Құбада он күн болып, кезекті жұма күні 
Мәдинаға аттанды. Кәсуа атты түйесіне мінген Аллаһ Елшісі жанында 
Нәжжар ұлдарынан қарулы жүз әскер, садық досы Хазіреті Әбу Бәкір бар еді. 
Сырттай қарағанда Құба ауылынан Мәдинаға бет түзегендердің көрінісі 
көңіл қуантарлықтай, ғибратқа толы болатын. Бір кездері Меккеде өзін 
қолдайтын бірде-бір адам болмай, азапты күндерді өткерген Пайғамбарлар 
Сұлтаны енді жүректерін иман жаулаған нұр жүзді, жүздеген тілеулестерінің 
ортасында келе жатыр. Бұл топ өздеріне дүние мен ақыреттің жолын 
көрсеткен ұлы тұлғамен таңның атысы, күннің батысы зарыға, сарыла 
қауышқан еді. 
Әрбіреуінің жүзіндегі сол сәттегі шаттықты тілмен айтып жеткізу 
мүмкін емес. 
Өмір ағысы оңалған сыңайлы. Тағдыр тауқыметін көтере алғандарға 
күле қарай бастаған. Мұсылмандар көңілі жайланған, өмірлеріне дән риза. 
Бәлкім, адамзат тарихындағы ең бақытты шақтың көрінісі осы ма еді, кім 
білсін?! 
Мәдина маңындағы тұңғыш жұма намазы 
Аллаһ Елшісі жолшыбай Салим ибн Ауф ұлдарының мекеніне соғып, 
Рануна алаңқайында жұма намазын оқыды. 
Бұл - Пайғамбарымыздың Мәдинадағы тұңғыш жұма намазы. Намаздан 
кейін Аллаһ Расулы екі хұтба жасады. Аллаһқа мадақ айтқан соң ол былай 
деді: 
"Уа, халайық! 
Денсаулығыңыз бар кезде ақырет үшін азық жинаңыздар. Қиямет-
қайымда шопансыз қалған қойдың да сұрауы болады. Хақ Тағала барлық 
пенделерін есепке тартады. 
"Саған мен елшімді жібердім. Расулым тура жолды түсіндірмеді ме? 
Мен саған мал-мүлік, ғұмырың бойынша ырзық-несібе бердім. Ал сен ақырет 
үшін не жинадың?" дегенде пенде оңына, солына қарап, ештеңе көре 
алмайды. Ақыретке азық жинамаған болса, алдынан тозақ оты көрінеді. 
Сондықтан кімде-кім мына дүниеде жарты құрмамен болса да, жақсылық 
жасасын. Өзін ақырзаманда құтқаратын амал жасасын. Ол да болмаса, жақсы 
сөз сөйлеп құтқаруға тырыссын. Жақсы сөз де - сауап. 
Аллаһтың сәлемі, берекеті мен рақметі жаусын!" 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет