Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет127/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Екінші хұтба 
Екінші хұтбаның қысқаша мазмұны былай: 
"Аллаһ Тағала ғана мақтауға лайық. Аллаһты мадақтап, оған шүкір ете 
отырып, одан жәрдем тілеймін. Нәпсіміздің шерінен (жаманшылығынан) 


194
және жамандық жасаудан Аллаһқа сыйынамын. Аллаһ таңдап хақ жолға 
түсірген пендесіне ешкім де кедергі бола алмайды. Аллаһ қаламағанды ешкім 
де тура бағытқа сала алмайды. 
Аллаһтан басқа тәңірінің жоқтығына куәлік келтіремін. Ол - жалғыз, 
серіксіз. 
Сөздің ең көрнектісі - Аллаһтың кәламы. Кімде-кімнің жүрегіне Аллаһ 
Тағала Құранмен өрнек салып, күпірліктен айықтырған соң, ол пенде 
Құранды басқа сөзден төмен санаса, ақыры қайыр болмайды. 
Шынында да, көркем сөздің мәйегі - Аллаһтың кітабында. Аллаһтың 
ұнатқанын ұнатып, ұлы Жаратқанға шексіз сүйіспеншілікпен беріліңіздер. 
Аллаһты зікір етуден (еске алып, айтудан) жалығушы болмаңыздар. 
Аллаһтың сөзіне шүбә келтірмеңіздер. Өйткені Ол не нәрсенің де ең 
жақсысын таңдай біледі. Адамға арам мен адалды ажыратып көрсеткен де - 
Сол. Аллаһқа ғибадат етіңіздер. Оған ешнәрсені ортақ қоспаңыздар. Тек
қана жақсылық жасауға әрекеттеніңіздер. Бір-біріңізді Аллаһ ризалығы үшін 
жақсы көріңіздер. Аллаһ антын бұзғандарға азап береді. 
Бәріңізге Аллаһтың сәлемі, рақымы жаусын!" 
Ақабадағы келісім бойынша мәдиналық мұсылмандар Аллаһ Елшісін 
көздерінің қарашығындай қорғауға тиіс болатын. 
Сол уағдаларын жүзеге асырар сәт те келіп жеткен еді. 
Пайғамбарымыз екінші хұтбасын айтып болған соң Мәдинаға бет 
түзейтінін білдірді. 
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МӘДИНАДА 
Пайғамбарымыз Ранунада жұма намазын оқып, хұтба айтып, қайтадан 
түйесіне мініп, Мәдинаны бетке алды. Қасында - сыддық досы Әбу Бәкір мен 
мәдиналық мұсылман жігіттер. Тамылжыған табиғат та олардың қуанышына 
ортақтасып тұрған тәрізді. 
Он сегіз мың ғаламның нұры болған Ұлы Пайғамбар Мәдинаға келіп 
кіргендегі жергілікті халықтың шаттығы тілмен айтып жеткізгісіз. Қала да екі 
дүниеге сәуле шашар тұлғаға иелік еткені үшін масайрап тұрғандай. 
Еңбектеген бала, еңкейген кәрі - бәрі-бәрі: 
Тәл'аал бәдру а'ләйнә 
Мин сәниәтул Уәда 
Уәжаба шукру а'ләйнә 
Мәда Аллаһһе даа'. 
Әнтә шәмсун, әнтә бәдрун, 
Әнтә нурун алан 'нур. 
Әнтә мисбаху Сурәййа 
Я Хабиби, я Расул! 
"Уәда жотасынан бізге 
Толған айдай жарық бердің. 
Шүкір еттік халімізге 
Бақытқа жол салып бердің. 
Сен - айсың, сен - күнсің, 


195
Сен нұр үстіне нұрсың. 
Сен Сүраййа жұлдызысың 
Сүйікті Хақ Расулысың!" 
деп қаумалап, шырқап жатты. 
Халық Расулаллаһтың нұр жүзін бір көруге асығып, сыртқа ағылған. 
Айнала ығы-жығы, ине шаншар орын жоқ. Бала-шаға, кәрі-құртаң бар 
жақсысын киініп, сәнденіп шыққан. 
"Мұхаммед (с.а.у.) келді! Аллаһтың елшісі келе жатыр! Қош келдің, Уа, 
Расулаллаһ! Қадамыңа гүл бітсін!" - деп жан-жақтан шуласқан дауыстан 
құлақ тұнады. 
Әр үйдің қасынан өткен сайын үй иелері: 
"Қош келдің, құтты қонақ! Үйімізге кіріп, дәм тат. Берекемізді арттыр", 
- деп қиыла өтінді. Расулаллаһ болса: 
"Түйеге жол беріңдер. Тоқтар жері, Аллаһтың әмірімен жануардың 
өзіне мәлім", - деді. 
Пайғамбардың түйесі Малик ибн Нәжжар ұлдарының үйіне дейін 
барып, бос алаңға шөкті. 
Пайғамбарымыз түйеден түскен жоқ. Түйе сәлден соң қайта тұрып
біраз алға жылжыды да, кері бұрылып манағы шөккен жеріне қайта келіп, 
шөкті. 
Түйе шөккен күйі қозғалмаған соң Пайғамбарымыз: 
"Иншаллаһ, бізге бұйырған орын осы болар", - деп түсті. 
Осылайша Ислам тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі -
мұсылмандардың хижретіне нүкте қойылды. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) 
Мәдинаға көші әнсарлар
Көмек берушілер, Меккелік мұсылмандарға қолдау көрсеткен Мәдиналықтар. 

мәдиналық мұсылмандармен қатар муһажирлерге де айрықша серпін әкелді. 
Оған әнсар мұсылман Әнес ибн Маликтің мына сөздері куә: 
"Мен өмірімде Расулаллаһтың Мәдинаға келген күнінен артық, одан 
көңілді, одан нұрлы күн көрген емеспін". 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет