Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет245/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Хазіреті Біләлдің азаны 
Бесін намазының уақыты болғанда пайғамбарымыз Хазіреті Біләл 
Хабашиға Қағбаның үстіне шығып азан шақыруға бұйырады. Хазіреті 
Біләлдің "Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ" дегенде жер мен көкті тебіренткен 
даусын естігенде Мекке мүшріктері іштей мұқалғандай күй кешеді. 


372
Иманды көңілдер масайрап тәтті тәухид лебізіне сүйсіне құлақ 
қойғанмен имансыздар әлі де кеудемсоқтанып бағады. Әбу Суфиан, Харис 
ибни Хишам мен Аттаб ибн Әсид сынды құрайыштардың кілең сен тұр, мен 
атайындары өзара әңгімелесіп тұрып Біләлге тіл тигізеді: 
Аттаб ішін қыж-қыж қайнатқан қызғаныш пен ашуды жеңе алмай: 
"Осы күнді көре алмай көрге кірген әкем Әсид неткен бақытты еді", - 
десе, Харис: 
"Мұхаммед (с.а.у.) осы қара қарғадан басқа азан айттырар адам таба 
алмады ма екен?" - деп мұрнын шүйіреді. 
Пайғамбарымыздың муғжизалары мен ғайыптан хабар аларлық ерекше 
кереметтеріне бірнеше рет куә болған Әбу Суфиан жолдастарына бұл жолы 
қосылмады: 
"Менің айтарым жоқ. Не айтсам да тау, тас, тіпті құм түйіршігінің өзі 
Мұхаммедке жеткізеді", - деп басын ала қашты. 
Шынында да солай болды. Аллаһ елшісі Мұхаммед (с.а.у.) біраздан соң 
оларға жақын келіп айтқандарын айны-қатесіз тізгенде, Аттаб пен Харис 
шалқасынан түсе жаздады. Бұған дейін де талай кереметтеріне куә 
болғанымен мойындары жар бермей жүрген екі мүшріктің мұсылмандықты 
мойындағаннан басқа амалы қалмап еді. 
Пайғамбарымыз Осман ибн Талханы шақыртып Қағбаның есігін ашуын 
өтінді. Осман ибн Талханың отбасы Қағбаның кілтін қолдарында ұстайтын. 
Османның шешесі кілтті бергісі келмесе де ұлы тас табандап отырып, ақыры 
алады. 
Қағбаның есігі ашылып, Хазіреті Мұхаммедпен (с.а.у.) бірге Хазіреті 
Біләл, Хазіреті Усама ибн Зәйд және Хазіреті Осман ибн Талха ішкері кіреді. 
Пайғамбарымыз Қағбаның ішіндегі пұттарды, тастан, ағаштан ойылып 
соғылған "құдайларды" көргенде қайта-қайта тәубесін айтып, сахабаларына 
қасиетті мекенді жасанды шірк символдарынан тазарту қажеттігін бұйырады. 
Бұл істің кезек күттірмейтін міндет екенін Ол (с.а.у.) "Хақ келіп, шірктің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет