399
тәмамдап, толықтырғанын нақты білдірген. Дін тәмамдалып,
таңдалған соң
оны насихаттаушы елшінің де міндет мерзімі аяқталары хақ.
Жұма күні күн бата Расулаллаһ Кәсуаға мініп, қасына Усама ибн Зәйдті
ертіп Арафаттан Муздалифаға келеді.
Намазшам мен құптанды осында оқиды.
Пайғамбарымыз мұнан соң құрбан шалатын орынға барып,
ғибратты
ғұмырының әрбір жылына арнап бірер құрбан шалдырды. 63 құрбандық
малының әрбіреуін өзінің мүбәрак қолымен бауыздады.
Мұнан соң шашын алдырып, мүбәрак шашының әрбір талын асхабына
естелік - тәбәрік деп таратты да: "Уа, ағайын!
Қажылықтың тәртібін менен
үйреніңіздер. Мұнан соң бұл жерде сіздермен кездеспейтін де шығармын", -
деп, асхабына айрылысар күннің алыс еместігін сездіргендей болды.
Пайғамбарымыздың шашын алып тұрып Хазіреті Халид ибн Уәлид
Оның рұқсатымен маңдай шашынан бірнешеуін сұрап алады. Хазіреті
Расулаллаһ Хазіреті
Халидтің өтінішін орындап, шашын алуға рұқсат беріп:
"Әрдайым жеңіске қол жеткізгейсің", - деп дұға жасады.
Пайғамбарымыздың тәбәрік шашы мен сол батасының құрметіне
Аллаһ Хазіреті Халидтің жеңімпаздығы мен даңқын асырған.
Зиярат мақсатымен тауап
Мұхаммед (с.а.у.) құрбан айтының бірінші күні түске
дейін Қағбаны
зиярат мақсатымен арнайы тауап етті. Мұсылмандарға да зиярат етуге
ұсыныс айтып, тауаптан соң бесін намазын оқиды да
Зәмзәм құдығынан су
ішеді.
Сол күні кешқұрым Минаға оралады. Пайғамбарымыз айттың екінші,
үшінші күндері күн еңкейген шақта Мина
мешіті маңында шайтанға тас
лақтыру ғұрпын жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: